Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Аяулы ана - асылым!

05 қараша 2018, Дүйсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Ашық тәрбие сағатының тақырыбы: Аяулы ана - асылым!
Сабақтың мақсаты: Аналар мерекесі қарсаңында асыл аналарды құттықтау, оқушылардың бойына адамгершілік деген асыл қасиетті сіңіру.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивтік тақта, шарлар, ұлағатты сөздер жазылған плакаттар, орамалдар.

Кештің барысы
Күй ойнап тұрады, екі жүргізуші ортаға шығады.
1 - жүргізуші: Құрметті – асыл аналар, қадірлі – ұстаздар, қырмызы қызғалдақ – қыздар! 8 - наурыз Халықаралық әйелдер мересі қарсаңында 7 «В» сынып оқушыларының дайындаған «Аяулы ана – асылым» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер! Міне, жыл аралатып көктемнің алғашқы күндерімен келетін 8 - наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Жер бетіндегі тіршіліктің өзегін келешекке жалғаған, өсер ұрпағына құндақтағы шағынан ізгіліктің дәнін еккен аналар мерекесі құтты болсын!

2 - жүргізуші: Қош келдіңіздер, құрметті аналар, біздің мектептің ұстаздары, оқушы қыздар! Қар астынан қылтиып шыққан қызғалдақтай болып, келіп қалған, гүлдей құлпырған мерекелеріңіз, көктем мерекесі құтты болсын!
Бәрі де ана, бір өзіңнен басталды
Сен деп жаздым алғаш өлең – дастанды
Қуандым ба, өзің бар деп қуандым,
Жыладым ба, өзің жоқ деп жас тамды.
Бәрі де ана, бір өзіңнен басталды.
Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды
Еркелесем, бір өзіңе еркелеп,
Жасқандым ба, тек өзіңнен жасқандым.

1 - жүргізуші:
Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың
Өміріме нәрін берді ақ сүтің,
Кең құшағың аясындай гүл бақтың.
Ер жеткізіп елге берген баласын,
Ақылдысың, ардақтысың, данасың!
Қарайтыным қас - қабағың бір сенің,
Қайратыңнан қайта көрме, анашым, – дей отырып
Ән: «Ана туралы жыр» орындайтын 7 «В» сынып оқушылары Кенимджаева Жұлдыз және Жақсыбаева София

2 - жүргізуші: Халқаралық әйелдер мерекесі қашаннан тойлана бастады? Оны шығарған кім деген сұраққа жауап беру үшін, біршама тарихқа үңілейік. 8 наурыз – әйелдердің экономика, әлеуметтік және саяси теңдік үшін күресін, халықтар ынтымақтастығын білдіретін күн. Халықаралық әйелдер күні – 8 наурызды жыл сайын өткізу 1910 жылы Копенгагенде, социалист әйелдердің 2 - халықаралық конференциясында К. Цеткиннің ұсынысы бойынша қабылданды. Халықаралық әйелдер күні – 8 наурыз тұңғыш рет 1911 жылы Германияда, Австрияда, Швецарияда, Данияда, ал 1913 жылы Россияда (Петербургте) өткізілді. Халықаралық әйелдер күні – 8 наурызды мейрамдау дәстүрі 1914 жылдан кейін барлық елдерде нақ осы күні өткізілетін болды.

1 - жүргізуші:
Бірде Қазірет пайғамбарға бір адам келіп:
- Мен бір зор күнә істедім. Енді мен үшін тәубе ету мүмкін бе?- деп сұрайды.
Сонда пайғамбар:
- Анаң бар ма? - деп сұрайды.
- Бар,- дейді әлгі адам.
- Онда анаңа қызмет көрсет, – деген екен пайғамбар. Олай болса сыныптағы ұлдарымыздың аналар жайлы өлең шумақтарын қабыл алыңыздар. Ортада 7 «В» сынып ұлдары (Нұржан, Даурен, Әлібек, Аман, Мұратбек, Абдразақ, Қанат, С. Ерболат, Қ. Ерполат, Мерей).

1 - жүргізуші: Жақсыгелді, менің ойымша 8 наурызға арналған мерекелік іс шарамызда би де биленіп жатыр, ән де шырқалып жатыр, ендігі кезекті ата - аналарға берсек, қалай қарайсың?!

2 - жүргізуші: Дұрыс айтасыз Апай, біздің аналарға дайындаған арнайы сауалдарымызбен ойындарымыз бар. Ендеше бастайық, аналар, ұлдарыңыздың дайындаған жасырын сұрақтарына мына шарларды жару арқылы жауап берсеңіздер.

1. Балдан тәтті не? (бала)
2. Қара шаңырак иесі кім? (кенже ұл)
3. Балаға кім сыншы? (ата)
4. Әкеден балаңа берілетін зат (мұра)
5. Үйдегі алтын адам кім? (ана)
6. Тәрбие мен білімнің ордасы (мектеп)
7. 18 жасқа толмаған адам (бала)
8. Екі адамның бір - біріне деген адалдығы (достық)
9. Бес асылды атаңыз (талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым)
10. Үш арсызды ата? (ұйқы, тамақ, күлкі)
2 - жүргізуші:
Мың бұралған арулар билей басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып.
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық, – дей отырып келесі кезекте сыныбымыздың «Жас түлек» КВН командасын ортаға шақырамыз.

1 - жүргізуші:
Бала, бала, бала деп,
Бізді өсірген анашым.
Гүлге толып, құшағың,
Бақытты бол, анашым, – дей келе келесі ойынымызды бастайық. Ол үшін ортаға үш қыз бен аналарын шығарамыз да «Көзіңді жұм да таны» ойынын ойнатамыз.
Ойынның мақсаты: Аналардың тапқырлығы, байқампаздығын анықтау.
Ойынның шарты:
Аналардың көзі байланады, қыздардың орындары ауыстырылып қойылады да көзі байланған қыздардың аналары, өз қызын қалай да болса танып алуы керек. Жеңімпаз ана «Тапқыр ана!» дипломымен марапатталады.

2 - жүргізуші:
Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейрімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын
Ән болып сағыныштан ақтарылмай,- деп абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне Қонысбаев Ерболаттың орындауында «Ерке сылқым» күйі.

1 - жүргізуші:
Дүниедегі ең кемеңгер дананы
Ана табады, аялайды, бағады.
Сол үшін де құдіретіне бас иіп,
Құрметтейік қасиетті ананы, – деп ақын ағаларымыз жырлағандай келесі
кезекті тағы да ойынға берейік.
Ортаға 3 ананы шақырып «Су тасы» ойынын ойнатамыз.
Ойынның мақсаты: Аналарымыздың ептіліктерін тексеру
Ойынның шарты: Екі орындыққа кесеге құйылған су қойылады, келесі бетте екі орындықта бос кеселер тұрады. Аналар қасықпен тасып, бірінші кеседегі
суды төкпей, шашпай екінші кесеге құю керек. Суды әдемі тасыған ана «Епті ана» дипломына ие болады.

Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы
«№9 жалпы білім беру орта мектебі» КММ
Сынып жетекші: Макашова Жулдуз Жумабаевна
Аяулы ана - асылым! жүктеу
5 261
1
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
8 - Наурыз халықаралық аналар мерекесіне арналған ертеңгілік сценарийі
8 - Наурыз халықаралық аналар мерекесіне арналған ертеңгілік сценарийі
8 - наурыз халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осынау көктем мерекесінің қай кезде де орны бөлек.
Ана - өмірдің шуағы
Ана - өмірдің шуағы
8 наурызға арналған тәрбиелік шара жоспары. Нәзік жанды аруларымыздың қоғамдағы рөлінің айтарлықтай екендігін дәлелдеп, оларға қуаныш сыйлау. Оқушылардың оларға деген ізгі ниеттерін көрсету.
Анаға құрмет!
Анаға құрмет!
Тақырыбы: «Анаға құрмет!» (8 наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған сайыстық бағдарлама)
Аяулы ана
Аяулы ана
8 - наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесін атап өту. Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету.
Ару ана - асыл ана
Ару ана - асыл ана
№3 орта жалпы білім беретін қазақ мектебінің мұғалімі Г.И.Есенова
Ана - гүл, ана - жыр, ана - өмір шуағы
Ана - гүл, ана - жыр, ана - өмір шуағы
Мұғалім:- Қош, келдіңіздер, аяулы аналар, қадірлі ұстаздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 – наурыз мерекесі де келіп жетті. Осынау көктем мерекесінің қай кезде де орны бөлек.
Пікірлер (1)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
aiboll
aiboll Бас редактор 18 ақпан 2019 15:31
0
Әр адам жарық дүниеге келгенде мейірімді, жүрегі жылы жанды көреді. Ол - Ана. Балапаның қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай бауырына басып, біз үшін жанұшыра шырылдайтын да - Ана. Ана деген сөзге лүпіл қақпайтын жүрек, мөлдіремейтін жанар жоқ. Әрбір ана отының өшпеуін, бақытының көшпеуін, шаңырағының құламауын, сәбиінің жыламауын, сұм соғыстың болмауын тілейді. laughing
×