Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Кел, төрлет, құтты менің Жаңа жылым!

25 қаңтар 2013, Жұма
Категориясы: Тәрбие сағаты
Кел, төрлет, құтты менің Жаңа жылым!
1 - жүргізуші: Иманғали
Бүгін бәрі өзгерек,
Жарқын күлкі, сөз бөлек
Тілек айтып, күттік біз,
«Кел, Жаңа жыл» төрле! – деп»
2 - жүргізуші: Жеңісбек
Жаңа жылда жасарған
Жаңа шырша жас арман
Жалт - жалт етіп көрінер
Аппақ әлем құлпырған
Қымбатты бүгінгі жаңа жылдық кешімізге келген қонақтар!
1 - жүргізуші: Иманғали
Армысыздар, бармысыздар құрметті халайық! Жылдағы дәстүрмен жаңа жылды думандатып, жырлатып қарсы алу үшін әсем шырша қасына жиналып қалыппыз. Қош келдіңіздер!
Екеуі бірге: Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!
2 - жүргізуші: Жеңісбек
Құрметті қонақтар, сүйікті балалар! Жаңа жыл құтты болсын! Әр адам келер жылдан үміт күтіп, оны ақ тілекпен, ақ ниетпен қарсы алады.
1 - жүргізуші: Иманғали
Міне, біздің асыға күткен жаңа жылымыз да табалдырықтан аттағалы тұр. Бәріңізге де жаңа жыл – бақыт жылы, бейбіт жыл болсын!
Осы кезде ортаға клоун шығады.
2 - жүргізуші: Жеңісбек
Қанеки балалар, Аяз ата мен Ақшақарды қарсы алайық!
Аяз ата мен Ақшақар келеді.
1 - жүргізуші: Иманғали
Аяз ата, Ақшақар қош келдіңіздер! Біздің балалар сізді сыйлығы мол Аяз атаны асыға күтуде. Сіздерді көрмеген бір жылда сағынып қалдық. Сіздермен қауышу қуанышына ұл - қыздарыңыз ән - күй, биден шашу даярлап келіпті.
Ән: «Қош келдің, Жаңа жыл». Әділет, Сәулет, Назым.
2 - жүргізуші: Жеңісбек
Аяз ата! Көрдіңіз бе? Бүгін жаңа жылға жиналған балалардың бәрі көрікті, бәрі де көңілді. Осы тойдың «Ақ патшасы» өзіңіз Аяз ата. Асу - асу жерлерден шаршап келдіңіз, көңіл көтеріңіз, ән тыңдаңыз, балалардың биіне бірге билеңіз. Ендеше сыныбымыздың биші ұл - қыздарының жастар биін тамашалайық!
1 - жүргізуші: Иманғали
Жеңісбек, өткен жылға өкпең жоқ шығар, 2018 жыл сені несімен қуантты?
2 - жүргізуші: Жеңісбек
Әрине, Иманғали, өткен жылға өкпем жоқ, 2018 жыл біз үшін ерекше жыл болды. Себебі: ең басты жаңалық, біз бастауыш сыныпты ойдағыдай аяқтап, азамат атанып, жоғары бесінші сыныпқа өтіп, жаңа ұстазымыз Жанар апаймен табыстық.
1 - жүргізуші: Иманғали
Ия, Жеңісбек, әрине ескі жыл біз үшін жаман болған жоқ. Ендеше алғысымызды айтып шығарып салу үшін ортаға Ескі жылды қошеметпен қарсы алайық!
Ескі жыл шығып: Балалар ортаға жаңа жылды алып келдім.
Қоштасады.
Жаңа жыл айтады. Осыдан соң музыка ойналып, ескі жылды шығарып салады.
2 - жүргізуші: Жеңісбек
Аяз ата, келесі орындауда ән, Иманғали «Туған жер».
1 - жүргізуші: Иманғали
Аяз ата, келесі орындауда сыныбымыздың қыздарының «Үнді биін» қарсы алайық.
2 - жүргізуші: Жеңісбек
Әсем екен әндері,
Әй - әй екен сөздері,
Шыршалары көк екен
Көңілдері тоқ екен
Мұндай жақсы балалар
Ай жұлдызға пара - пар
Бола қоймас бізге айып
Тақпақтарын тыңдайық.
Тақпақтар айту.
Аяз ата, келесі орындауда сыныбымыздың биші қыздарының биін тамашалайық. «Қызыл өрік». Қарсы алыңыздар!
1 - жүргізуші: Иманғали
Жаңа жылым - әсемсің
Гүл өндірер түзге де
Әр сәті бақ әкелсін
Ұстаздарым сізге де, - дей келе мерекелік құттықтау сөз кезегін сынып жетекшіміз Жанар апайға береміз.
Тілек айтылады және ата - аналармен ойын ойнау.
2 - жүргізуші: Жеңісбек
Біздерде ойын - сауық жалғасады
Тамаша күй тартылып, ән салады
Қошеметтеп, қол соғып отырайық
Ұмытарсыз жыл бойғы шаршағанды.
1 - жүргізуші: Иманғали
Ендеше, Жеңісбек, ортаға сыныбымыздың өнерлі баласы Батырбек Мұхтардың өнерін тамашалайық: Мультфильмнен көрініс.
2 - жүргізуші: Жеңісбек
Аяз ата, біздің балалардың билері, өнерлері сізге ұнап жатыр ма? Біздің балалардың бәрі өнерлі. Ортаға Аружан мен Әлияның орындауында «Ақжайнақ» әні.
1 - жүргізуші: Иманғали
Жеңісбек, біздің сыныптың ұлдарының да КВН көрсеткісі келіп тұр, тамашалап көрсек қайтеді.
2 - жүргізуші: Жеңісбек
Ендеше ортада сыныбымыздың ұлдарынан құралған әзілкештер тобы. Қарсы алайық! КВН: Иманғали, Әділет, Бақытқали.
1 - жүргізуші: Иманғали
Сүйсінтеді бишілердің қимылы
Шеттерінен жайнап тұрған қыр гүлі
Билерінен мін таппайсың бірде - бір
Құдайдың шын таңғажайып сыйлығы.
Ортада сыныбымыздың биші қыздары. Носса биі.
Ал, балалар, Аяз ата мен Ақшақарды шығарып салайық!
Иманғали, Жеңісбек:
Аяз ата, Ақшақар! Келесі жылы Жаңа жылға дейін сау болып тұрыңдар!
2 - жүргізуші: Жеңісбек
Кел жаңа жыл, жаңа жыл
Саған әзір жаңа жыр
Елге табыс, жақсылық
Ала келші жаңа жыл!
1 - жүргізуші: Иманғали
Құрметті қонақтар! Осымен жаңа жылдық думанды кешіміз аяқталды. Сау болыңыздар!

Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы
№24 мектеп қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:
Есенжолова Жанаркүл Ақниетқызы
15 689
0
  • 80
1 дауыс


Жаңалықтар
Би билейміз тағы да, жасыл шырша жанында.
Би билейміз тағы да, жасыл шырша жанында.
Балалардың сөздік қорын дамыту, сөздерді анық, ашық айтуға, сөйлеуге үйрету. Мерекелік шараларда достыққа, адамгершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Құтты болсын, құтты болсын, Жаңа жыл!
Құтты болсын, құтты болсын, Жаңа жыл!
Жүргізуші: Уа, халайық, жарандар, Айналаға қараңдар. Жаңа жылдың бұл тойын, Салтанатқа санаңдар!
Жаңа жыл 2023
Жаңа жыл 2023
Жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын. Жаңа жыл елімізге, әр шаңыраққа тыныштық, бірлік, құт - береке әкелсін.
Күлте қыздың сауық кешіне баруы (жаңа жылдық ертегі)
Күлте қыздың сауық кешіне баруы (жаңа жылдық ертегі)
Құрметті ата - аналар, ұстаздар, оқушылар бүгінгі Жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын!
Төрлет, құтты, Жаңа жыл!
Төрлет, құтты, Жаңа жыл!
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылындағы №182 орта мектептің математика пәні мұғалімі Ахметова Мархаббат Жанайқызы
Жаңа Жыл - Жаңа Жыр
Жаңа Жыл - Жаңа Жыр
Жаңа жыл елімізге, әр шаңыраққа тыныштық, бірлік, құт-береке әкелсін.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×