Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Би билейміз тағы да, жасыл шырша жанында.

19 қаңтар 2018, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Би билейміз тағы да, жасыл шырша жанында.
Мақсаты: Балалардың сөздік қорын дамыту, сөздерді анық, ашық айтуға, сөйлеуге үйрету. Мерекелік шараларда достыққа, адамгершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Жүргізуші: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар
Таңырқап тек тұрмаңыздар
Сәнді шырша шақырады,
Келіңіздер, келіңіздер
Қызығы мол жаңа жылдың
Тамашасын көріңіздер.

Құрметті ата - аналар, балалар және тәрбиешілер жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Жаңа жыл сіздерге табыс, молшылық, жақсылық, қуаныш әкелсін! Тәрбиелеп өсіріп отырған ұл - қыздарыңыздың дені сау, үлкен азамат болып өсе беруіне тілектеспіз.
Жаңа жылға әзірленген «Көгершін» тобының шырша тойын қабыл алыңыздар! Ортаға «Көгершін»тобын қарсы алыңыздар. Құттықтау сөз кезегін «Ақбота» балабақшасының директоры Абулгартаева С. Т. береміз.
Жүргізуші: Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды,
Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді.
Бақыт шаттық, молшылық пен тыныштық
Бәрімізге әкелсін мына жаңа жыл.

Ән: «Жасыл шырша жанында»
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар! Ортамыздағы әсем не?
Балалар: Шырша
Жүргізуші: Олай болса бәріміз бірге айтайық.
Шырша шамын жағайық!
Жаңа жыл тойын ашайық!
Жүргізуші: Шыршамыз қандай әдемі! Ойыншықтары неткен көп. Ал кім бізге шыршаға арналған тақпақтарын кім айтып береді екен?
Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны
Той маскарад басталады
Аяз оны басқарды. Камшат

Тілеймін мен бар әлемге
Дос көп болсын жаңа жыл
Ата - әже, ата - әже,
Құтты болсын жаңа жыл, Азамат

Жаңа жылым мол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрле, төрле жаңа жыл
Бізге құтты жыл болсын. Ақмаржан

Ем конфеты, мандарины
И рисую я картины
Дедушку мороза жду
Я подарочек хочу! Аягөз

С новым годом, зайчики.
С новым годом, белочки.
С новым годом мальчики
С новым годом, девочки. Қ. Зере

Бақша іші мереке
Ойын күлкі асқақ ән
Жақсы әпкелер жаңа кеп,
Мерекені бастаған М. Зере

Жүргізуші: Жарайсыңдар қандай жақсы тақпақтар! ( шыршаның жанына жақындап келіп) қараңдар балалар, шыршаның жанында сыйлықтар тұр! Сыйлық алу қандай тамаша келіңдер балалар сыйлықты ашып көрейік. (Көңілді музыка ойнайды, қораптың ішінен сайқымазақ шығады).
Сайқымазақ: Амансыңдар ма балалар! Иә бұл менмін! Мені ораудан алып шыққандарың қандай тамаша, ол жер тар, әрі қараңғы, ал мұнда сондай тамаша екен! Мен де сендермен жаңа жылды қарсы алайыншы, бірге ойын ойнап ән салатын боламын. Рұхсат бересіңдерме балалар?
Балалар: Иә
Жүргізуші: Балалар бізде шыршамыз да бар, әдемі киінген балаларымызда бар, ата - аналарымыз, көрермендерімізде бар екен. Енді біздің жаңа жылдық мерекемізге кім жетпейді?
Балалар: Аязата, ақшақар
Жүргізуші: Ал ендеше Аяз атаны шақырайық. Барлығымыз бірге айтайық. Аяз ата, Ақшақар.
Есік ашылады да түлкі кіріп келеді.

Түлкі: Сәлеметсіңдер ме, балалар мен қу түлкімін.
Түлкі деген қумынғой Жүрген жерім шуғой Жатып алып жағада Іздегенім дуғой.
Балалар сендер қанша Аяз ата мен Ақшақарды шақырсаңдарда олар келмейді, жолдан адасып үйлеріне кетіп қалыпты! ( түлкі қаша жөнеледі)
Жүргізуші: Ой бұл қалай болғаны? Аяз ата Ақшақарсыз жаңа жылымыз қалай өтпек.
Сайқымазақ: Балалар уайымдамаңыздар, бұл да бір түлкінің қулығы шығар. Мен соңынан аңдып келейін. (сайқымазақ аңдып жүгіріп кетеді )
Жүргізуші: Балалар, Сайқымазақ Аяз ата мен Ақшақарды тауып келгенше барлығымыз шыршаны айнала ән айтайық.
Ән: «Шырша жыры».
Жүргізуші: Балалар аяз ата келе жатырған сияқты олай болса Аяз ата Ақшақар деп бәріміз шақырайық.
Аяз ата:
Құтты болсын, балалар
Келген Жаңа жылдарың
Алаңдамай өсіңдер
Еркелеп қыз, ұлдарым
өткен жылы келіп ем
Бәріңді де көріп ем
Жыл өткізіп келем деп
Уәдемді беріп ем
Ойларың мен бойларың да
Бірдей өсіп қалдыңдар ма?
Ал, мен кіммін айтыңдаршы
Мені тани алдыңдар ма?

Балалар: Аяз ата!

Ақшақар.- Сәлеметсіңдер ме, балалар. Жаңа жылдарың құтты болсын!
Сүйсіндірер маңайды
Ақшақармын арайлы
Жалт - жұлт еткен жүзімнен
Күміс сәуле тарайды.
Ақшақармын аппақпын
Қалай тыныш жатпақпын
Менсіз қыстың сәні жоқ
Әнмін, жырмын, тақпақпын.
Аяз ата: Балалар мен сыйлықтар толған қалтамды жоғалтып алдым.
Жүргізуші: Қош келдіңіздер, баршаңызда, алыс жолдан келдіңіздер. Ата уайымдамаңыз қалтаңызды қу түлкі алаған болса керек. Отыр ата, сәл дем алыңыз. Біздің балаларымыздың әсем әні де, биі де бар.
Түлкі: ( Залға жүгіріп келіп ) сыйлықтар толған қалталарың менде, балалар сыйлықтар алғыларың келсе мен де жаңа жылды тамашалайын. Бізге өнерлеріңіді көрсетіңдер!
Жүргізуші: Түлкіжан олай болса сен біздің балаларымыздың өнерлерін тамашала. Би: «Қуыршақ барби»
Аяз ата: Жарайсыңдар қыздар!
Жүргізуші: Ата біз бимен тоқталып қалмаймыз бізде әлі өнерлеріміз көп. Қане балалар атаға әдемі тақпақтарымызды айтып берейік.
Жаңа жыл келгенде
Қуанып қарсы аламыз.
Аяз ата келгенде
Билейміз ән саламыз Нұртілек

Ақ қар жапты даланы
Ақ жамылды айнала
Жарқыратып шамдарын
Шырша келді ортаға Света
Жаңа жылым мол болсын
Басқан қадам оң болсың
Төрле төрле жаңа жыл
Бізге құтты жыл болсын. Диас

Би билейміз тағы да, жасыл шырша жанында. жүктеу
4 594
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жарқыра шырша
Жарқыра шырша
Құрметті ата - аналар, қонақтар! Жаңа жылыңыз құтты болсын! Жаңа жылға арналған «Жарқыра шырша» атты ертеңгілігімізді қабыл алыңыздар.
Жасыл шырша жанында
Жасыл шырша жанында
балаларды жаңа жыл мерекесімен таныстыру, тақпақ өлеңдерін түсіне мәнерлеп айтуды үйрету. ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Жасыл шырша жанында (ертеңгілік)
Жасыл шырша жанында (ертеңгілік)
Балалардың жаңа жыл мерекесі туралы түсініктерін қалыптастыру. Мерекелік көңіл - күй ортасын ұйымдастыру. Дамытушылық: Образдық бейнелерді сомдай білуге үйрету, хормен ән айту шеберліктерін арттыру.
Қош келдің, Жаңа жыл!
Қош келдің, Жаңа жыл!
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін
Жаңа жыл жаңа бақыт
Жаңа жыл жаңа бақыт
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы, Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды. Жаңа жылмен құттықтаймын бәрінді, Бақыт, шаттық, молшылық пен тыныштық, Бәрімізге әкелсін мына арай жыл.
Жасыл шырша жанында
Жасыл шырша жанында
Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Көкжыра ауылы «Амангелді орта мектебі»КММ Бастауыш сынып мұғалімі Ибраева Гульфаира Токтаргазиновна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×