Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Құтты болсын, құтты болсын, Жаңа жыл!

18 желтоқсан 2022, Жексенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Құтты болсын, құтты болсын, Жаңа жыл!

Жүргізуші: Уа, халайық, жарандар,
Айналаға қараңдар.
Жаңа жылдың бұл тойын,
Салтанатқа санаңдар!
Басқаға мойын бұрмаңдар!
Жаңа жылды жаңаша,
Қызықты ғып, шат қылып,
Өткізейік тамаша!
Армысыздар, құрметті ата – ана, қымбатты ұстаздар, оқушылар, қонақтар! Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз. Міне сол күн, сол мереке биыл да келіп жетті. Сіздерді осы жаңа жыл мерекесімен құттықтай отырып, жаңа жыл тек қана жаңа табыс, береке, бірлік әкелсін дейміз.
Ақ көңілім айналды аппақ қарға,
Көңілдене қосыл сен ән мен жырға.
Қыс қызығы басылмай ұласады,
Қуанышы көп болсын Жаңа жылға!- дей отырып, жаңа жылдық би кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
3 – сыныптардың өнерлерін тамашалаңыздар.

1. Ән: «Айгөлек»
Жаңа жылды қарсы алып,
Жасаймыз той жылда бір.
Жарқын, жарқын ән салып,
Жалғасады жырға жыр.
Балалар, бүгінгі біздің шыршамызға кімдер қонаққа келеді деп ойлайсыңдар?
Балалар: - Аяз Ата, Ақшақар
Жүргізуші: Иә, дұрыс айтасыңдар, Аяз Ата мен Ақшақар және біздің жаңа жылымыз келгенше, жасыл шырша жанында ескі жылмен бірге болуымыз керек ғой! Биылғы 2022 жыл қандай жыл еді?
Балалар: - Барыс жылы.
Жүргізуші: - Дұрыс барыс жылы еді, қарсы алайық!
(Музыка әуенімен барыс келеді)
Жүргізуші: Барыс жылы қадамың құтты болды. Балалар сізге дән риза. Барыс жылы Жаңа жыл келгенше бізбен бірге болыңыз. Балалардың тамаша өнерлерін тамашалаңыз.

2. Би «Аррива»
Балалар, жылдағы дәстүрлі қонақтарымыз Аяз Ата мен Ақшақар көрінбейді ғой, қане, өзіміздің ортамызға шақырайық.
Бәрі / хормен/: Аяз Ата! Ақшақар!
Мыстан кемпір кіреді:
- Ә - ә - ә, менсіз мереке жасап, Жаңа жылды қарсы алып жатырсыңдар ма? Мерекені болғызбаймын. Маған өз өнерлеріңді көрсетпесеңдер, Аяз Ата мен Ақшақарды келтіртпеймін.
Жүргізуші: Балалар, мыстан кемпірге өз өнерімізді көрсетіп, шығарып салайық.

3. «Флешмоб»
Мыстан кемпір: Жарайсыңдар, балалар, енді Аяз Ата мен Ақшақарды бәріміз бірге шақырайық.
Бәрі Аяз Ата мен Ақшақарды шақырады.

Аяз Ата: Амансың ба, ұлдарым,
Амансың ба, қыздарым!
Қандай жарқын жүздерің,
Шаршап келдім алыстан,
Керемет бір ән тыңдап
Келіп тұр – ау дем алғым.
Ақшақар: Амансыздар ма, достар, ата – аналар, ұстаздар! Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Қоян жылы – молшылықтың мәресі. Береке, бірлік, молшылық әкелсін!
Жүргізуші: - Аяз Ата, кел, отырыңыз, жолдан шаршап келген боларсыз, балалар сіздің көңіл – күйіңізді көтеріп, өз дері дайындап келген өнерлерін көрсетеді.

4. «Қуыршақ» биі.
Аяз Ата: Өнерлерің өссін, өркендерім! Билерің тамаша екен.
Жүргізуші: Аяз Ата енді ойын ойнайық.
«Орындық» ойыны: ( ойын шартын түсіндіру)
Ойын шарты: (балалар арасында өткізіледі)
5 орындық, 6 ойыншы шығады. Музыка әуенімен орындықты айналып билеп жүреді, музыка тоқтағанда орындыққа отырады.
Жүргізуші: Балалар, ортамызға, міне Аяз Ата, Ақшақар және ескі Барыс жылы келіп, ән салып, би билеп, ойын ойнап, қызықты думан өткізіп жатырмыз. Бізге енді қандай жыл келуі керек?
Балалар: Жаңа жыл, Жаңа жыл!
Жүргізуші: Дұрыс, биылғы 2023 – жыл қандай жыл?
Балалар: Қоян жылы, қоян жылы!
Жүргізуші: Дұрыс, онда Жаңа жылымызды қарсы алайық!
(Музыка әуенімен қоян келеді)

Қой: Ендім бүгін төріме,
Жақсылық себем көңілге.
Бейбітшілік пен ырыс – құт,
Әкелдім биыл еліңе!

Жүргізуші: Жаңа жылым бірлік берсін еліме,
Береке мен ырыс келсін жеріме!

5. Ән: «Жаңа жыл»
Барыс: Жаңа жыл қош келдің. Балалар бір жылға есейді. Қоян сен де жақсы жыл бол. Мен сендермен қоштасамын. Қош болыңдар!

Жүргізуші: О, халайық, жарандар,
Қилы – қилы заман бар,
Барыс жылы шапқылап,
Кетіп барады, қараңдар.
О, халайық, халайық,
Хош айтысып қалайық.
Ескі жылмен қоштасып,
Келер жылмен достасып,
Жаңа жылды тойлайық!

6. « Клоун» биі.
Жүргізуші: Бишілерді би – билеуге шақырайық,
Қошеметпен, құрметпен қарсы алайық.
Бишілерді ырғалтып, би билетіп,
Қол соғып биік шыңға самғатайық – дей отырып,

8. «Кобой» биі: Жігіттер тобы
Жүргізуші: Аяз Ата, Ақшақар балаларымыздың ойынын тамашалауға қалай қарайсыздар, олардың шапшаңдығын, ептілігін сынап көрсек қайтеді?

Аяз Ата: Тамашалайық!

Жүргізуші: «Тәтті тоқаш» ойыны.

Ойын шарты: Әр сыныптан 2 баладан шығады. Жіпте ілініп тұрған тәтті тоқашты қолдың көмегінсіз яғни қолды арқасына қойып, жеу керек. Тәтті тоқашты кім бірінші бітіреді, сол жеңімпаз атанады.

Жеңген баланы марапаттау, мадақтау.

9. «Жаңа жылға тарту» биі.
Жүргізуші: Жаңа жыл, Аяз Ата, Ақшақар, балаларымыздың тағы өнерлері бар екен, тамашаласақ қайтеді?

10. Ән: Жаңа жыл келді еліме»
Қорытынды:
Көргенде қуанасың таза әуені,
Құлаққа естілгендей қыс әуені.
Жыл сайын тойлататын мәңгі – бақи,
Жаңа жыл құтты болсын қазақ елі!

Міне, қымбатты балалар! Бірлесіп өткізген мереке қашанда қызықты өтеді. Достық, бірлік бәрін де жеңеді. Құрметті ата – аналар бүгінгі біздің 3 – сыныптар арасында өткізіліп жатқан жаңа жыл мерекеміз осымен аяқталды. Тағы да жаңа жыл құтты болсын, елімізге құт – береке алып келсін. Көріскенше күн нұрлы болсын!

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
Сам орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі
Койшыбаева Баян Кипчаковна
9 197
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Жасыл шырша жанында
Жасыл шырша жанында
балаларды жаңа жыл мерекесімен таныстыру, тақпақ өлеңдерін түсіне мәнерлеп айтуды үйрету. ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Жаңа жыл 2023
Жаңа жыл 2023
Жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын. Жаңа жыл елімізге, әр шаңыраққа тыныштық, бірлік, құт - береке әкелсін.
Күлте қыздың сауық кешіне баруы (жаңа жылдық ертегі)
Күлте қыздың сауық кешіне баруы (жаңа жылдық ертегі)
Құрметті ата - аналар, ұстаздар, оқушылар бүгінгі Жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын!
Құтты болсын Жаңа жыл
Құтты болсын Жаңа жыл
Ақ көңілім айналды аппақ қарға, Көңілдене қосыл сен ән мен жырға Қыс қызығы басылмай ұласады, Қуанышы көп болсын Жаңа жылға
Жаңа жылдық шыршада
Жаңа жылдық шыршада
Жаңа жылдық шыршада. Музыка ойналып тұрады. Ортаға жүргізушілер шығады. 1 - жүргізуші: Армысыздар, құрметті ата - ана, қымбатты ұстаздар, оқушылар және қадірлі қонақтар! 2 - жүргізуші: Сіздерді жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз!
Жаңа Жыл - Жаңа Жыр
Жаңа Жыл - Жаңа Жыр
Жаңа жыл елімізге, әр шаңыраққа тыныштық, бірлік, құт-береке әкелсін.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×