Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ана тілім - ардақтым (ертеңгілік)

17 ақпан 2013, Жексенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Ана тілім - ардақтым» ертеңгілігі
Мақсаты: Оқушыларға ана тілін білудің маңызын түсіндіру, ана тілі туралы жазылған ақындардың өлеңдерін мәнерлеп оқи білуге дағдыландыру, туған ана тілін сүйіп, оны құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қанатты сөздер жөніндегі кітаптар, Отан, ана, тіл туралы қанатты сөздер жазылған буклеттер, Билердің портреттері, т. б.

Барысы:
І. Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел – өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадыр – қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан, кез - келген мемлекет өзінің территориялық салт - дәстүрін, ана тілін айрықша қорғайды. Ал біздің Қазақстан Республикасында ана тілі - қазақ тіліне мемлекеттік статус берілген. Қазақстан тәуелсіз ел болып қалсын десек, онда ең алдымен ана тілін дамытуға күш салғанымыз жөн. Ана тілін дамыт, қорғау дегеніміз – біз өз ана тілімізде таза сөйлеуіміз және оны жақсы біліп, туған анамыздай сүюіміз керек деген сөз.

Халықтың тарихта қалуы тіліне байланысты. Тіл халықтың жаны, сәні. Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі. Өйткені халқымыз дәрежеге емес, дәстүрге бағынған. Еліміз Қазақстан Республикасы Егеменді ел атанып, ана тілімізге мемлекеттік статус берілді, «Тіл туралы» Заң қабылданды.
Батыр: Қуан далам!
Қуанатын күн бүгін,
Серпіп таста
Мұңды жүрек түндігін.

Азиза: «Тіл туралы»
Заңым енді күшіне,
Паш еткендей
Кескен жаңа кіндігін.
Жамбул: Қуан бабам!
Қуанатын жөнің бар.
Деген едің
Тіл бар жерде өмір бар.

Ризат: Халық жауы атандың - ау,
Сол үшін де ғұмырыңды
Құрбан етіп жолында ар.
Тахир: Төле би
Уа, халқым!
Көсіле шабар жерің бар,
Тау көтерген елің бар.
Қол бастайтын ерің бар,
Атадан қалған сара жолың бар,
Сөз қадірін біліңдер!

Нұрхат: Қазыбек би
Біз қазақ деген сөз баққан елміз,
Бірақ ешкімге соқтықпай,
Жай жатқан елміз.
Елімізден құт - береке қашпасын деп,
Жеріміздің шетін жау баспасын деп,
Найзаға үкі таққан елміз.
Ешбір дұшпан басынбаған елміз,
Басымыздан сөз асырмаған елміз!

Айман: Әйтеке би
Тамыры суда тұрса да,
Уақыты жеткенде
Қурамайтын құрақ жоқ.
Тек жақсыдан өлмейтұғын сөз қалады,
Қазақ сөзі қашан да даланың қоңыр желіндей
Аңқылдап есіп тұрады.
Қазақ тілінің биязы үні
Домбыраның күмбір қаққан сазындай
Асқақ әуенділігі шырқап салар әуендей.

Зинира: Елдің жырын жырлаған,
Қайғысын да мұңдаған.
Домбырасыз ешқашан,
Жүрекке ем қонбаған.
Домбырасыз ән қайда?
Домбырасыз сән қайда?
Ән мен күй бар өмірде
От та лаулап жанбай ма?
Батырхан: Құрманғазы, Тәттімбет,
Домбырамен сайраған.
Жүрекке от жансын деп,
Елге күйін арнаған.
Әдібай Табылдиев

Ару: Ақыл - ойын дананың
Ана тілден аламын.
Ана тілім ардақты
Ақ сүтіндей ананың.
Аслан: Өсірген ой – білімді
Сүйем туған тілімді,
Мақсат етем әр сөздің
Мәнін терең білуді.
Қадыр Мырзалиев
Илана: Ана тілі біліп қой,
Еркіндігің, теңдігің.
Ана тілің біліп қой,
Мақтанышың, елдігің.

Дамира: Ана тілің арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
Мұзафар Әлімбаев
Аружан: Ана тіл - біздің туған анамыз
Анамыздай сыйлап бағып, қағамыз.
Ана тілін бағаласақ қалай біз?
Өзіміздің сондай болмақ бағамыз.
Ана тілін кім аялай білмесе,
«Анасынан безген ұл» деп санаңыз.

Бекзат: Ана тілім – ұраным,
Ана тілім – ерлігім.
Ана тілім – болмаса
Бүтінделмес кемдігім.

Тайыр: Ана тілі – асыл күні бабамның,
Қуатымсың ақ сүтіндей анамның.
Сәби шақтан бесігімде жыр тыңдап,
Туған тілді жаттап өскен балаңмын.
Ғимран: Туған тілім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сөз ойдағы.
Өссе тілім мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім мен де бірге өшемін.

Санжар: Қасиетің ана тілі, аз ба сенің?
Өзің барда ескірмес тозбас елім.
Сен болмасаң ұлы ақын Абай болып,
Мұқағали отты өлең жазбас еді.
Дихан Әбілов
Дильназ: Туған тілім – баба тілі, өз тілім,
Туған тілім – ана тілі, өз тілім,
Туған тілім – заман тілі, өз тілім,
Туған тілім – адам тілі, өз тілім,

Айхан: Қасиетті бұл төрт ана –
Тағдырыңның тынышы,
Төрт ана үшін болған күрес,
Күрестердің ұлысы.
Жұмбақ шешейік: Ең ащы не?
Ең тәтті не?
Шешуі: Тіл.
Мақал жарыстырайық:
Ананың сүті — бал,
Баланың тілі — бал.
Тіл — тас жарар,
Тас жармаса, бас жарар.
Ең ащы да – тіл,
Ең тәтті де тіл.
Ең жұмсақ та тіл.
Ең қатты да тіл.
Олай болса тілімізді құрметтейік, аялайық, мақтан етейік!
«Туған жері — түп қазығы, айбынды,
Туған тілі — сатылмайтын байлығы.
Туған дәстүр, салт – санасы тірегі,
Қадамыңа шуақ шашар үнемі.»-- деп бүгінгі Тіл туралы ертеңгілігімізді
аяқтаймын.
Мектеп директорының оқу – ісі жөнінен орынбасары С. Б. Сарбалиев балаларды атаулы мерекемен құттықтап, игі тілектерін білдірді. Сабаққа қатысқан мектеп психологі Абильманова Г. А., Имашева В.
Г. З. Нурумбаева, т. б. өз тілектерін білдірді.
18 746
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ана тілім — дана тілім, бақ тілім!
Ана тілім — дана тілім, бақ тілім!
22 қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі. Ең алдымен, бұл барша елге ортақ жалпы халықтық мереке, барлық ұлт өкілдеріне көрсетілген құрмет.
Ана тілім - асыл мұрам
Ана тілім - асыл мұрам
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр мектеп - лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Алибекова Гульнара Сахиевна
Мемлекеттік тілді оқыту арқылы ұлт аралық достық қарым - қатынасты қалыптастыру
Мемлекеттік тілді оқыту арқылы ұлт аралық достық қарым - қатынасты қалыптастыру
Өскемен қаласы, №38 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Смагулова Айжан Даулетбекқызы
Ана тілі – білімнің кілті
Ана тілі – білімнің кілті
Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, Кинорежиссер Аяған Шәжімбаев атындағы №3 Явленка орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Хамзина Ақдидар Рашитқызы
Қазақ тілі – менің тілім
Қазақ тілі – менің тілім
Қазақ тілі осы мемлекеттің түпкілікті тұрғындары қазақтардан басқа Қытай, Монғолия, Иран, Ауғанстан, Түркия мемлекеттері мен ТМД-ның Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан сияқты республикаларында тұратын қазақтардың да ана тілі.
Тәуелсіздік белестері
Тәуелсіздік белестері
Қазалы ауданы,Қызылорда облысы № 182 мектеп ,Басықара ауылы, география пәнінің мұғалімі, Аюбаева Жанар Аққожақызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×