Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ана тілі – білімнің кілті

03 ақпан 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Ана тілі – білімнің кілті
Мақсаты: 1. оқушылардың өз тіліне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, қазақ тілінде таза сөйлеуге, сөздің мағынасын түсініп тапсырманы дұрыс орындауға баулу.
2. ой - өрісін дамыта отырып, сөздік қорын және мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру.
3. еңбекқорлыққа, адамгершілікке, өз тілін құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: тіл мерекесіне орай шығарылған газет, мақал - мәтелдер, сайыстың жоспары.

Мұғалім: Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі - оның ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел өз алдында мемлекет болып өмір сүре алмайды. Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадір - қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан кез - келген мемлекет өзінің салт - дәстүрін, ана тілін айрықша қорғайды. Қазақстан тәуелсіз ел болып қалсын десек, онда ең алдымен ана тілімізді дамытуға күш салғанымыз жөн. Ана тілін дамыту, қорғау дегеніміз - біз өз ана тілімізде таза сөйлеуіміз және оны жақсы біліп, туған анамыздай сүюіміз керек деген сөз.

1 - оқушы Қазақ тілі – өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім,
Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім.
2 - оқушы: Қазақ тілім - саялаған нұр бағым.
Қазақ тілі - ана тілім, ардағым.
Сен арқылы жетіп жатыр өмірге,
Жан сырларым, тілегім, бар арманы
Сайыс: «Анамның тілі - аяулы үні». 3 - сыныптар арасында өткізілген сайыс.
Мұғалім: Әділқазылар алқасын сайлау. Жоспармен таныстыру
1. Бәйге.
2. Полиглот (қазақша, орысша)
3. «Мақал сөздің мәйегі» (мақалдың жалғасын тап)
4. Мақалдар сайысы.
Бәйге
1 - топ «Тапқырлар»
1. Өнер алды не?(қызыл тіл)
2. Ең бірінші бақытым..(халқым).
3. Үш биді ата (Әйтеке, Төле, Қазбек)
4. Тілдің ең негізгі қызметі (сөйлеу, қарым - қатыныс жасау)
5. Ашу дұшпан -...(ақыл дос)
6. Тіл туралы заң қашан қабылданды?(1997 ж 11 шілде)
2 - топ «Алғырлар»
1. Сөз анасы...(құлақ)
2. Ал екінші бақытым (тілім менің)
3. Құрғақ сөзінің антонимы(ылғал)
4. Мұсылмандардың қасиетті үйі (мешіт)
5. Қазақта топ аттылар жарысын не деп атайды (бәйге)
6. Мұсылман дінінің қасиетті кітабы(құран)
Полиглот
1 - топ.
1. Тілі бар үні жоқ,
Өзіне адам түсінген,
Жүрегі бар да, қаны бар,
Сөйлеп тұрған үні жоқ. (кітап, книга)
2. Көз қорқақ не батыр? (қол, рука)
2 - топ
1. Адамды адам еткен не? (еңбек, труд)
2. Аяғы біреу, қолы жоқ,
Шиыр - шиыр жолы көп.
Өзі сөйлей білмейді,
Салған ізі сөйлейді. (қалам, ручка)

«Мақал сөздің мәйегі»
1 - топ
1. Жеті рет өлшеп,...(бір рет кес)
2. Тіл тас жарады,..(тас жармаса бас жарады)
3. Тіл - жұтылмас....(байлық)
4. Көп тыңда...(аз сөйле)
2 - топ
1. Өнер көзі -...(халықта)
2. Ана тіліңді ұмытқаның....(өз ұлтыңды құртқаның)
3. Ақыл азбайды...(білім тозбайды)
4. Өнер....(өрге жүзеді)
Ән:«Анамның тілі аяулы үні» 4 - сынып
Көрініс: «Настоящий қазақ» 3 - сынып
Оқушы:
Ана тілі - күш қуатың,
Ана тілі - кәусар - суатың.
Ана тілі - бағыт - бағдарың,
Ана тілі - арман - мұратың.
Әділқазылар қорытындысы, марапаттау.
9 293
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ананың тілі – аяулы үні
Ананың тілі – аяулы үні
қазақ тілін құрметтеуге, оны шұбарламай таза сөйлеуге тәрбиелеу. Оқушылардың патриоттық сезімін қалыптастыру.
Сөз мәйегі – мақал –мәтел
Сөз мәйегі – мақал –мәтел
Мақсаты: 1. Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғынуға үйрету.
Мемлекеттік тілді оқыту арқылы ұлт аралық достық қарым - қатынасты қалыптастыру
Мемлекеттік тілді оқыту арқылы ұлт аралық достық қарым - қатынасты қалыптастыру
Өскемен қаласы, №38 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Смагулова Айжан Даулетбекқызы
Ана тілім - ардақтым (ертеңгілік)
Ана тілім - ардақтым (ертеңгілік)
Л. Қылышев атындағы Шилі орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бахтыгереева А. К.
Қазақ тілі – менің тілім
Қазақ тілі – менің тілім
Қазақ тілі осы мемлекеттің түпкілікті тұрғындары қазақтардан басқа Қытай, Монғолия, Иран, Ауғанстан, Түркия мемлекеттері мен ТМД-ның Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан сияқты республикаларында тұратын қазақтардың да ана тілі.
Тәуелсіздік белестері
Тәуелсіздік белестері
Қазалы ауданы,Қызылорда облысы № 182 мектеп ,Басықара ауылы, география пәнінің мұғалімі, Аюбаева Жанар Аққожақызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×