Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тәуелсіздік белестері

29 ақпан 2012, Сәрсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
«Тәуелсіздік белестері»
Сабақтың мақсаты
а) Білімділік: Оқушыларға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің маңыздылығын түсіндіру Қазақстанның егемендікке жету жолы, қазіргі
таңдағы республика өміріне кеңінен тоқталу.
ә) Дамытушылығы: Оқушыларды жан - жақты ойлауын, сөйлеу қабілетін,
түйсігін, дүниетанымын дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру.
б) Тәрбиелік: Оқушыларды отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа, туған жеріне, ата - мекеніне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға дұрыс бағыт - бағдар беру, өз елінің тарихын сыйлауға
үйрету, оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: үн қағаздар буклеттер, карта, фотосуреттер.
Тәрбие сағатының түрі: таным сағаты

Кіріспе
Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. Біздің Қазақстан Республикасында қазақ тіліне мемлекеттік статус берілген. Қазақстан тәуелсіз ел болып қалсын десек, онда ең алдымен ана тілімізді дамытуға күш салғанымыз жөн. Тіліміздің өте бай, шежіре, әңгіме, ертегі, мақал - мәтелдерін оқып - тоқып, ой - өрісімізді байыта түстік. Әсем сөйлеуге, әсіресе, тапқырлық пен әсем ойдың інжу - маржандары мақал - мәтелдерін жетік біліп, оның сырына үңілу, ана тілінде сөйлеу – оны құрметтеу. Б. Момышұлы атамыз; «Тілін білмеген – түбін білмейді» деген. Шынында, тілін білмеген адам өз халқының тарихын, дәстүрін, мәдениетін өз тілінде сезініп, терең бойлата алмаса ол қасірет емес пе? Сондықтан әр адам ана тілін көзінің қарашығындай сақтауға, білуге тиіс.

I. «Өнер алды – қызыл тіл».
Ең тәтті де - тіл,
Ең ащы да - тіл,
Ең жұмсақ та - тіл,
Ең қатты да - тіл, - дегендей, енді тіл туралы мақал - мәтелдерге кезек берсек. Оқушылар мақалдың алғашқы сыңары оқылады, сендер екінші сыңарын жалғастырасыңдар.

1. Тіл буынсыз,….(Ой түпсіз).
2. Піл көтермегенді….(тіл көтереді)
3. Тілде сүйек жоқ….(таста тамыр жоқ)
4. Шешеннің тілі - …. (шебердің бізі)
5. Бас ойлағанда,….(тіл тыныстайды)
6. Әділ тіл -…(ақыл таразысы)
7. Тілмен байланған …(қолмен шешілмес)
8. Қызыл тіл…(Қылыш жүзіндей)

II. «Қол шешпегенді тіл шешеді»
1. Ас, дәм туралы.
2. Еңбек туралы.
3. Жан - жануарлар туралы.
4. Батырлық пен қорқақтық туралы.
5. Ынтымақ, бірлік туралы.

1 - жүргіуші: Енді жаңылтпаш айтып бір - бірімізді жаңылдырайық. Мысалы, бастапқы екі жолын, аяғын тез аяқтау
керек.

Көже пісті, көжені неше кісі ішті?
Құрышшы құрышына күріш алды,
Күрішші күрішіне құрыш алды.
III. Қарлы шыңға бара аласың ба?
Қарлы шыңнан қар аласың ба?
IV. Батырға қай көлік сай көлік
Батырға сай көлік - сәйгүлік
V. Айта - айта жақ талды, қайта - қайта жатталды
Қайта - қайта жақ талды, айта - айта жатталды

II - жүргізуші: Бұл кезеңнен де өттік, бәріңе көп рахмет. Тәрбие сағатымызды
әрі қарай жалғастырамыз.
I - жүргізуші: «Тіл – халықтың қазығы» баяндамасы оқылады.
II - Жүргізуші: Әр халықтың тілі сол халықтың қасиеті мен қасіреті, жүйкесі мен жұлыны, жаны мен жүрегі десек осы қасиетіміз бен тарихымызды, мәдениетімізді, ар - намысымыз бен абыройымызды сақтап қалу үшін не істеуіміз керек?
«Әр халықтың ана тілі – білімінің кілті», - дейді А. Байтұрсынов атамыз, сонда тілді, дінді жасайтын кімдер? Жастар, яғни мына біздер. Қазақ тілін – ғылым, білім, саяси - экономикалық, халықаралық қарым - қатынас тілі болғызатын мына біздер.

Қорытынды:
Өз тілімізде сөйлеу өнеге - үлгіміздің өлшемі болып табылады екен. Ана тіліміз қазірде үлкен өріске жол тартты. Дегенмен «Ана тілі – қазақ тілі» деген сөзді қағазға емес көкірегімізге жазатын уақыт жетті. Олай болса біздің мақсатымыз – Ана тілімізді қадірлеу, Мемлекеттік Тіл мәртебесін көтеру.
4 380
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мемлекеттік тілді оқыту арқылы ұлт аралық достық қарым - қатынасты қалыптастыру
Мемлекеттік тілді оқыту арқылы ұлт аралық достық қарым - қатынасты қалыптастыру
Өскемен қаласы, №38 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Смагулова Айжан Даулетбекқызы
Ана тілі – білімнің кілті
Ана тілі – білімнің кілті
Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, Кинорежиссер Аяған Шәжімбаев атындағы №3 Явленка орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Хамзина Ақдидар Рашитқызы
Тәуелсіз Қазақстан
Тәуелсіз Қазақстан
Астана қаласы, №63 «Әсем - Ай» балабақшасының «Алпамыс» шағын орталығының тәрбиешісі Нұрманова Гүлжан Орынбайқызы
Қазақстан – Тәуелсіз мемлекет. Қазақстан – менің Отаным
Қазақстан – Тәуелсіз мемлекет. Қазақстан – менің Отаным
Астана қаласы, «Көпбейінді колледж»МКҚК Қазақ тілі мен әдебиет пәні оқытушысы: Айсариева П. А
Ана тілім - ардақтым (ертеңгілік)
Ана тілім - ардақтым (ертеңгілік)
Л. Қылышев атындағы Шилі орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бахтыгереева А. К.
Тәуелсіздігім-тәңірім берген сый
Тәуелсіздігім-тәңірім берген сый
Қазақтың аспаны қандай кең болса, ақылы да сондай кең. Қазақтың жері қандай кең болса, пейілі де сондай кең. Қазақтың жүрегіне тек қазақтың баласы емес, бүкіл әлем сыйып кетеді. Даласындай дархан, жазирадай жомарт елбасымыздың кемел саясатының
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×