Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ата - аналар жиналысы: Баланың бас ұстазы ата - ана

11 қараша 2017, Сенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Ата - аналар жиналысы
Тақырыбы: Баланың бас ұстазы ата - ана
Мақсаты:
1. Ата - ананың өмірге деген көзқарасын өзгерту.
2. Ата - аналарды балаларға жауапкершілікпен қарауға шақыру.
3. Баланың бүгінгі істеген қадамы ертеңгі тұлға ретінде қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап өту.
Міндеті:
1. Балаларды адамгершілікке тәрбиелеудегі ата - ананың жауапкершілігі.
2. Мектепте ата - ананың оқу - тәрбие саласындағы рөлі.
3. Алдағы уақытта оқушыларды тәрбиелеуде мұғалім мен ата - ананың бірігіп жұмыс жасауы.
Керекті құралдар: Үлестірмелі қима қағаз,
Әдіс - тәсілдер: Пікірлесу, сұрақ - жауап, «Қызықты сұрақтар», «Сіз қандай ата анасыз» тест
Жиналыс барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі:
2. Психологиялық дайындық
2. Кіріспе:
1. Жиналыс мақсатын айту
Кіріспе сөз. Мұғалім:
Ұлағатты ұстаздар, ардақты ата - аналар! Жел бесіктен, жер бесікке дейінгі адам өміріндегі тәрбиенің ұйытқысы ата - ана мен мектеп. Болашақ десек те, келешек десе де бала - ұрпақ деген мағынаны білдіреді.
Адамның өзге тіршілік иесінен айырмашылығы – дүниеге перзент әкелген соң, оның болашағын ойлау, адам етіп тәрбиелеу.
Бала тәрбиесі – бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның мемлекеттік абыройлы міндеті. Кезінде Әл Фараби бабамыз «Ғылым емес, ең алдымен тәрбиеге көңіл бөлу керек, тәрбиесіз адамға ғылым баянды болмайды» - демеп пе еді. Осыған орай бүкіл ата - ана тәрбиеге бет бұруы керек. Ұрпақ тәрбиесіне мүдделі екендігін ата - аналар іс - жүзінде дәлелдеп отырулары тиіс. Міне осындай ынтымақ бірлігінде ғана ойдағыдай нәтиже берері ақиқат.
3. Қызығушылығын ояту.
Жаттығу. «Өз балаңызды жақсы білесіз бе?»
Мақсаты: Ата - анамен баланың ортасындағы қарым - қатынасты анықтау.
1. Балаңыздың жақсы көретін түсі қандай?
2. Қандай тағамды сүйсініп жейді?
3. Балаңыздың атын еркелеткенде қалай атайсыз?
4. Балаңыздың ең жақын досының есімі кім?
5. Сүйіп оқитын пәні?
6. Балаңыз мектепте нешінші кабинетте оқиды?
Нұсқау: Берілген сұрақтарға ата - ана да, бала да бірдей жауап жазып отырады. Соңында жазылған жауаптарды өзара сәйкестендіру. Дұрыс сәйкес келген жауапқа бір ұпайдан беріліп отырады.
Қорытынды: Көп ұпай жинап алға шыққан ата - аналарды мадақтау. Ал, аз ұпай жинаған ата - аналарға болашақта балаларымен тығыз байланыста болу керек екеніне ұсыныс беру.
4. Баяндама.
Жас ұрпақ біздің өміріміздің тікелей жалғастырушы ғана емес, еліміздің тірегі, мызғымас болашағы. Адамзаттың өмірдегі ең қымбаттысы, көз қуанышы – бала. Бала – дербес тұлға. Оның бойындағы табиғи қасиеттер, адамгершілік құндылықтары отбасында, мектепте, әлеуметтік ортада нәрленеді. Баланың бас ұстазы – ата – анасы. Тәрбие үрдісінің бір тарауы отбасымен жұмыс десек, отбасынан басталатын тәрбие мектеп өмірінен жалғасын табады. Қазақтың отбасында өмірге келген әр бала ес біліп, етек жыйғанша, негізінен әке мен ананың тәрбиесінде болады. Бүгінгі мақсат - әрбір бала түбегейлі біліммен мәдениеттің негіздерін білу және олардың жан - жақты дамуына ата - ана, мектеп жағдай жасауы керек. Сондықтан сіздерге балаларыңыздың мектептен барлық мүмкіндіктерді пайдаланып білім алу мен тәрбие жұмыстарына қатыстырып өзін - өзі басқаратын азамат болуына ат салысу қажет. Бізде көптеген ата - аналар баланың кемшілігін мектептегі мұғалімдерден көреді. Отбасында мұғалімдер туралы жақсы пікір айтылса, алдымен ата - ананың мектеп, ұстаз туралы жақсы ниеті балаға жақсы әсер етеді. Ондай балалардың оқуға, білімге, мектепке құштарлығы артады. Ұстазды, адамды сыйлауы өзгеше болады. Мектеп, ұстаз туралы басқаша пікірде көңілі толмаған ойлардың жетегінде баласының алдында ғайбаттау сөздер сөйленетін болса, ол баланың мектеп, мұғалімге көзқарасы өзгереді. Оқу - үлгеріміне әсер етеді. Немқұрайлы қарап, үлгерімі нашарлайды. Ата - ана өз баласының ынтасын үйдегі тәрбие арқылы өзі жойып отырғанын білмейді. Бала тәрбиесі отбасынан басталады. Мектепке келгеннен кейін ол мінез отбасында қалыптасқан тәрбие одан әрі жалғасады. Бір тәуліктің яғни 24 сағаттың 6 сағаты мектепте, қалғаны тәрбие ордасы, үнемі ата - ана болып қала береді. Баланың сабаққа саналы қарап озат оқушы болып өсуі, ол мұғалім мен ата - ананың бірігіп өсірген жеміс ағашы, немесе ұшқыр ұшақ жасаумен тең десем артық емес.

Ата-аналар жиналысы: Баланың бас ұстазы ата-ана. жүктеу
18 938
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ата - аналар жиналысы 2 сынып
Ата - аналар жиналысы 2 сынып
Жиналыс басында педагог ата - аналарға арнап анкеталық сұрақ дайындайды. Қорытындысы жиналыс соңында қаралады.
Ата-аналар жиналысы: Баланың балабақшаға бейімделуі.
Ата-аналар жиналысы: Баланың балабақшаға бейімделуі.
Ата - ана, бала, тәрбиеші үштігі арасында өзара сенім мен сыйластық орнауына ықпал ету. Бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру; Отбасы мүшелінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым - қатынасты
Отбасы – адамгершілік құндылықтарының негізі
Отбасы – адамгершілік құндылықтарының негізі
Тақырыбы: Отбасы – адамгершілік құндылықтарының негізі
Бала тәрбиесіндегі ата – ана жауапкершілігі
Бала тәрбиесіндегі ата – ана жауапкершілігі
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Жағабұлақ ауылы, №3 "Балауса" МДҰ меңгерушісі Утешева Гульзада Гайнедзиновна
Баланың бас ұстазы ата ана (ата-аналар жиналысына)
Баланың бас ұстазы ата ана (ата-аналар жиналысына)
Мақсаты: 1. Ата - ананың өмірге деген көзқарасын өзгерту. 2. Ата - аналарды балаларға жауапкершілікпен қарауға шақыру.
Бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігі
Бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігі
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің I cанатты бастауыш сынып мұғалімі Саулебаева Ләззат Шәкиқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×