Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қош келдің, Жаңа Жыл!

30 наурыз 2013, Сенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Қош келдің, Жаңа Жыл!
(мерекелік бағдарлама)

/Екі жүргізуші ортаға шығады/
Дидар:
Армысыздар ардақты ағайын, ұлағатты ұстаздар!
Мереке:
Бармысыздар замандас бауырлар, шабытты шәкірттер!
Дидар:
Бүгін бізге жырдан алқа тағайын,
Шаткүлкіге толы болсынмаңайын.
Көргендер де, көрмегендеарманда
Жаңажылыңқұттыболсын, ағайын!
Мереке:
Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,
Ай жүзіндей айшықтанып арайың.
Жанға шуақ, бойға қуат әкелген,
Жаңа жылың құтты болсын, ағайын!
Дидар: Құрметті балалар!
Мереке: Ата - аналар!
Дидар: Ұстаздар!
Мереке: Қонақтар!
Дидар: Жаңа жыл мерекесіне арналған «Қош келдің, Жаңа Жыл» атты кешімізге
Екеуі бірге: Қош келдіңіздер!

/Сынып жетекшісінің сөзі/
Сынып жетекшісі:
Сіздерді әлемдегі ең ғажайып мейрам – Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын! Тек осы кеште ғана біз өзімізді сәбидей сезініп, ғажайыптың бар екеніне сенеміз. Өтіп бара жатқан жылдың жақсылығы ғана есте қалып, болашақта жүздеріңізден тек күлкі көрінсін! Сіздерге өмірде бақыт, жұмыстарыңызда жеміс, зор денсаулық тілеймін!

Дидар: Осындай ғажап тілекпен біз енді ертегілер еліне саяхат жасап, жаңа жылымызды әрі қарай мерекелейік!

/«Алтын балық» ертегісінен үзінді/
Сырттан дауыс: Көгілдір көл жағасында шал мен кемпір өмір сүріпті. Олар өзінің ескі үйшігінде тура 30 жыл 3 ай тұрыпты. Шал аумен балық аулап, кемпір тоқымасын тоқыпты. Сонымен, қазіргі таңда, шал көптен бері балық аулауын, ал кемпір болса тоқыма тоқуын қойған екен. Бебебі, олардың алтын балығы болыпты. Алтын балып адамдарша тіл қатып, екеуінің барлық тілегін орындайды екен. Жаңа жыл күні алтын балық шырт ұйқыда жатқан шал мен кемпірге тіл қатыпты.
Алтын балық:
Шал, шал, тұрсаңшы! Жаңа жыл келгелі тұр, ал кемпір екеуіңнің еш дайындықтарың жоқ. Тұрыңдар ұйқыдан!
Шал (керіле):
Дұрыс айтасың, алтын балық, біздің лашығымызға шырша орнатсаң болар еді. Өзі әдемі, әрі сәнді, жарықтары көп болса тіптен жақсы болар еді.
/музыка ойнатылып, жарық жанғанда ортада шырша тұрады/
Шал:
Рахмет саған, алтын балық. Мерекенің сәнін келтірдің! (ұйықтап жатқан кемпіріне қарап) Әй, кемпір тұрсаңшы енді. Тұр деймін, бүгін бізде мереке. Қарашы, кемпір, алтын балық қандай тамаша сыйлық сыйлағанын!
Кемпір:
Ой, сен шал да мүлдем ұйқы бермейдің ғой мереке, мереке деп қылқылдап! Жарайды шалым, мереке күні ұрыспай - ақ қояйық. Одан да жаңа жылды қалай қарсы аламыз соны ойланайық!
Шал:
Қалай, қалай! Кәдімгідей! Ойын ойнап, би билеп дегендей!
Кемпір:
Күнімін - түнімен өлең айтып, би билемекпісің сонда? Дәмең зор екен! Теледидар да істемей қалды. Жаңа жылға арналған концерт те көре алмайтын болдық.
Шал:
Әй, кемпір, осы алтын балыққа теледидарды телидидарды жөндеп бер деп айтсақ қалай болар екен, ә?
/Шал алтын балық тұрған аквариумге келеді/
Алтын балық:
Қожайын, қандай тілегіңіз бар?
Шал:
Балығым, біздің теледидарды жөндеп берші!
Кемпір:
Әй балық, мүмкін бізге жаңа теледидар сыйларсың!
Алтын балық:
Зор қуанышпен көмектесер едім, бірақ қолымнан келмейді. Теледидар қазіргі заманның заты ғой. Егер де лашығымды сарай қыл десең, есегіңді тұлпар қыл десең қуана көмектесер едім. Мүмкін кемпірді ханшайым қылармыз.
Кемпір:
Жоқ, мен мүлдем ханшайым болғым келмейді, мен бір жақсы жаңажылдық бағдарлама тамашаласам болар еді.
Алтын балық:
Жаңа теледидар менің құзырымда емес. Ал жаңажалдық бағдарламаны тамашалауға көмектесе аламын. Төле би мектебінің 6 сынып оқушылары дәл қазір жаңажылдық бағдарламсын қойып жатыр. Ендеше, тамашалайық! Ал, көздеріңді жұмыңдар!
/Шал мен кемпір көзін ашса, үлкен залда тұр екен/

Дидар:
Мереке, байқаймысың, бұл кеште біздің сыныптас достарымыз көрінбейді ғой. Мына шырша жанындағы қаптағы не болды екен?
Мереке:
Мүмкін бізге достарымыздың жасаған сыйы, жаңа жылдық тартуы болар. Қане ашып көрелік. Дидар, қане, сен ашып көр. Мүмкін мыстан болар деп мен қорқып тұрмын.
Дидар:
Жарайды, ашсам ашайын. Былай келісейік. Екеуміз 1.. 2.. 3 дегенде екі қаптың аузын бірге ашайық.
Мереке:
Жарайды, мен келістім. Ендеше ашсақ, ашайық.
(қаптың аузын ашқанда клоундар атып шығады)

Клоун1:
Сәлемсаған, туған ел!
Клоун2:
Сәлем, сәлемдостар!
Клоун 1:
Армысыздар, халайық!
Клоун 2:
Жақсы жайғастыңыздар ма, қымбатты достарым? Бәрі естіліп, көрініп тұр ма? Бәріне де орын жетті ма?
Клоун 1:
Сендермен кездескендерімізге өте қуаныштымыз. Біз бүгін жаңа жылдық мерекені тойлағалы отырмыз.
Клоун 2:
Бүгінгі мерекемізді көңілді бастайық.
Клоун 1:
Біз мында жай отыру үшін емес, ән айтып, би билеуге келдік. Сондықтан көңіл көтерейік.
Клоун 2:
Ой, ой, ой біздің сыныптас достарымыз көрінбейді ғой. Көпсозабермейік. Достарымыздаертіпкелейікқане?!
Клоун1:
Кешті көңілді өткізу өз қолымызда ғой. Ертсек, ертіп келейік.
(клоундар шығып кетеді, сынып оқушыларын ертіп келеді)

Дидар:
Бәрекелді, бәрекелді! Құрметті халайық жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл күймен, әсем ән, сәнді бимен өткізуге ат салысайық.

Мереке:
Олай болса, көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлар мерекелі кешіміздің шымылдығын ---------------- орындауындағы «........................» әнімен ашуға рұқсат етіңіздер!

Дидар:
Армысың, аманбысың, Жаңа жырым,
Жаңажылым! О меніңЖаңажылым!
Жыланжылыкелгенде, сыйғыптартып,
Ақтарайықәнмененкөңілсырын – дейкележүреккежылылықұялатаралғашқыЖаңажылдықөлең жолдарымен ныптастарымызды шақырамыз
/ Ортаға сынып оқушылары шығып өлеңдерін оқиды/
Бағлан:
Мезгілдері жаңарған,
Ескіргенін елейтін,
Алдағы жыл – ақ арман,
Ассалаума - ғалейкум!

Басталарда жаңа әлем,
Құйылады жаңа нұр.
Жүрекке арман бөлеген,
Қош келіпсіз, жаңа жыл!

Жаңа жылым – әсемсің,
Гүл өндірер түзге де.
Әр сәті Бақ әкелсің,
Достар, достар бізге де!

Жеңіс:
Қағып тұр Жаңа жыл кеп есігіңді,
Болмайды той - думанның кеші мұңды.
Жаратқан түгел қылып берсін сенің
Бақыт пен ырысыңды, несібіңді!

Ашылып ғасырдың бір ақ парағы,
Өзіңе Қыдыр дарып, бақ қарады.
Жаңа жыл берекелі жыл боп кірсін,
Табысқа бастап сені асқаралы!

Жангүл:
Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт,
Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.
Жақсылықтың белгісі, жаңа уақыт,
Келіп, міне, жатырмыз, қауқылдасып...

Бірге соғып бар әлемнің сағаттары,
Он екіні күтер, қалмай, тағаттары,-
Ғасырдың он екінші жылы келді,
Құстай ұшып, қырау шалған қанаттары!

Құтты болсын Жаңа жыл, барша қауым,
Құтқа орансын кең байтақ дархан елім.
Қазақтың пейіліне тарту етсін,
Табиғат ашық аспан, таң шапағын!

Күмісбек:
Аппақ қар,
Аппақ дүние,
Аппақ ғалам,
Қойғандай сұлулығын сақтап маған.
Атайық ақ шампанды ырым жасап,
Шалқысын көңіліміз асқақтаған.

Жаңа жыл – жаңа ниет, жаңа күнсің,
Ғаламға ғашық болған жанарымсың.
Қалсыншы ескі жылда бар қиындық,
Шаттықтың шарайнасы бола білгін!

Мереке:
Бүгінгі Жаңа жыл кешіне сәйгүліктерін желдіріп, алтындатқан шанасымен Аяз ата мен сүйкімді Ақша қар келе жатыр деген хабар алып тұрмыз.
Дидар:
Қуаныңдар ағайын, тамсаныңдар!
Сүйіншімен маңайға жар салыңдар.
Аяз ата келеді Ақшақармен,
Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!
/осы кездемузыкаменасығакүткенАязата мен Ақшақаркеледі/

Мереке:
АрмысызАта! АрмысызАқшақар!
Дидар:
Құрметті Аяз ата, Ақшақар! Бүгінгі Жаңа жылдық мерекемізбен құттықтап, 6 сынып оқушылары өз өнерлерін ортаға салуда. Бүгінгі кешімізге қош келдіңіздер!
Аяз Ата:
Армысыңдар ұлдарым,
Армысыңдар қыздарым,
Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем билерің
Асулармен алыстым,
Асау желмен жарыстым.
Шыршамызға асығып,
Өздеріңмен таныстым.
Ақшақар:
Армысыздар оқушылар, ата - аналар! Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Жаңа жыл бірлік пен татулық жылы болсын, әр отбасы үшін ырыс пен береке жылы болсын!

Мереке:
Жаңажыл - туындағанжаңаармандар,
Жаңажыл - шуылдағанжаңаормандар.
Ал мынау - мәңгібақижаңадүние,
О, сәлемжаңажылдажаңарғандар - дей келе келесі кезекте Дидар мен Сараның орындауында әсем биге береміз.
/Дидар мен Сара «Танго» биі/

Дидар:
О, халайық, жарандар
Қилы - қилы заман бар.
Ұлу жылы әне жылыстап,
Кетіп барады қараңдар
О, халайық, халайық
Қош айтысып қалайық!
Мереке:
Жаңа жыл – бұл жаңа нұр
Нұрдан ләззат ала біл.
Ақын жазар жаңа жыр,
Жырдан тыңда терең сыр.
Ал достар, бізге деген реніші жоқ шығар. Құрметпен Ұлу жылын шығарып салайық.

Бекжан:
Біздің елде өткен жылы,
Қоян жылы тыныштық.
Ал ұмтылдық, біз есейдік.
Жақсылыққа тырыстық.
Ескі Жылым – Қоян жылы,
Қош, аман бол көргенше.

Сен сыйладың бақытты күн.
Қайта айналып келгенше,
Талап, талант дарынды,
Өрлеттіңтудыаспанда,
Бойыңнанбердіңбарыңды.
Айналарбіркүндастанға.

Ұлужылы (Талғат):
Мен ескі жыл есіркедім,
Егемендік елдікті.
Мен сүйемін батырлықты
Татулық пен ерлікті.
Қарақтарым, қанаттарым
Амандықпенжүздесейік
Ал, Жаңажыл, ізбасарым,
Қолыңа ал бірісті!
Қанатбітірқанатсызға
Көркейтелдібарысты.

Дидар:
Құрметпен ортаға Жаңа жылды шақырамыз.
/Ортаға Жаңа Жылан жылы келеді/

Жылан жылы(Әсем):
Жақсылыққа бағыттаған
Жыланмын мен Жаңа жыл!
Жаңа Жылда барлығыңыз
Жаңа үміт таба біл.

Ұлужылыныңмерекесін,
Мерекегежалғаймын.
Елде, жерде, табиғатта,
Бейбітжолдықолдаймын.

Арым – ұят, жаным – халық,
Қызметім де соларға,
Сеніңдермағанбарлығың
Қияғаұшыпқонарда.

Ал, Ескіжыл, аман бол,
Ізбасарың мен болам.
Аман болсындептіле,
Елім, жерім, кеңдалам.

Дидар:
Жаңа жылда жаңа белден асамыз,
Жаңа жылға жырмен шашу шашамыз.
Бейбітшілік ұранымен, жеңіспен,
Жаңа жылда тағы да алға басамыз - дей келе келесі кезекті сыныптасымыз ----------------------«................» атты тамаша бір әнге берейік.
/Орындаушы: ----------------Ән: «....................»/

Дидар:
Мың бұралған ақ қайыңдай
Қыздар шықсын ортаға.
Ал, ендеше қол соғайық
Қошеметпен баршамыз. Алдарыңызда 6 сынып қыздарының «....................................» биін қарсы алыңыздар.
/6 сынып қыздары «рок - н ролл» биін билейді/

Дидар:
Ақ көңілім айналды аппақ қарға,
Көңілденеқосыл сен ән мен жырға.
Қысқызығыбасылмайұласады,
Қуанышкөпболсынжаңажылда.
Келесі кезекті сынып оқушыларының әдемі өлең шумақтарына берейік!

Ерлан:
Қайырлы күн, барша туған - туыстарым,
Құтты болсын бұл келген жаңа жылың!
Қоян жылы кенеліп шын бақытқа,
Өсе берсін бұл жылда табыстарың.

Бола берсін бұл жылда қызықтарың.
Тойлай бер қырық, елу, алпыстарың.
Құтты болсын алатын қоныстарың,
Қуанышпен тойла, өмір парақтарын.

Меруерт:
Қуанышпен келдіңіз бе, Жаңа жыл?!
Мен де саған арнайыншы жаңа жыр.
Есік ашық, дастарқаным жаюлы,
Қарсы алуға не керектің бәрі әзір.

О, Жаңа жыл! Сенсің менің асылым,
Қуанғаннан теңіз болып тасыдым.
Бақытыңды туған елге төге бер,
Жаңа туған менің жаңа ғасырым!

Көтерілдім тағы да бір белеске,
Мұның өзі бір ғанибет емес пе?
Мың жылдықпен қатар келдің, Жаңа жыл!
Сондықтан да сенің жолың ерекше.

Әділет:
О, Жаңа жыл! Менің айтар әнім көп,
Қазақстан тұрған жоқ па сәнім боп.
Бар халықпен достығымыз жарасып,
Өтейікшібірге туған бауыр боп.

Жаңажылда бақыт қандай, нұр қандай!
Барәлемге салтанатын құрғандай.
Әрбір халық сөйлегенмен әр тілде,
Жаңа жылда бір тілек те туғандай.

Қараңыздар, жаңа жылдың ақ таңын,
Тым ерекшегүл жайнайды бақтарым.
Жалғыз тілек: қазақ халқы өсе бер!
Сенің арқаң ел боп менің жатқаным

Анар:
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.
«Жаңа жылмен құттықтаймын» деген үн,
Қанаттана кең алқапқа тарайды.

Жаңа жыл - қайсарлық пен жүректілік,
Баратын болашаққа білек түріп.
Біз жаңа жылдарға қол соғамыз,
Әлемге жақсылықтар тілеп тұрып.

Мереке:
Құрметтісің қымбат қонақ жыл тойы
Саған деген сый – сияпат басқаша
Сені күтіп ән саламыз түн бойы
Би билейміз, шырқаймыз ән күн бойы.

Келесі кезекте.............

Дидар:
Езуіңнен кетпесін сыңғыр күлкің,
Аспаның ашық болсын ала бұлтың.
Мұржаң қисық болса да, ағайындар
Түтініңнен түзу шықсын, жалпақ жұртым.
Мереке:
Келеді жылдар, келеді айлар ауысып,
Қоянжылы мен ұлужылын да тауысып.
Береке, бірлікбейбітшіліктіңтөрінде
Тұрайықәркезтатулықпененқауышып.
/Хор «..............» әні

Дидар:
Бітуге қалды таяп – ай,
Не қыласың аяп – ай.
Қане, халқым, қол соқшы,
Жаңа жылда аямай!

Мереке:
Келеді жылдар, келеді айлар ауысып,
Ұлу жылы мен жылан жылы тауысып.
Береке, бірлік бейбітшіліктің төрінде
Тұрайықәркезтатулықпененқауышып.

Дидар:
Осымен 6 сынып оқушыларының концерттік бағдарламасы өз мәресіне жетті. Келесі кездескенше сау болыңыздар!
Мереке:
Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!
6 117
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жаңа жыл мерекесіне арналған сценарий 11 сынып
Жаңа жыл мерекесіне арналған сценарий 11 сынып
Бүгінгі жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл күймен, әсем ән, сәнді бимен өткізуге ат салысады деген үміттеміз! Олай болса көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлап, мерекелік кешіміздің шымылдығын ашуға рұқсат етіңіздер!
Кел, кел Жаңа жыл!
Кел, кел Жаңа жыл!
Жаңа жыл, жаңа жыл жаңа жылда жаңа жыр. Жасыл шырша жанында, Жадырап бар бала жүр.
Жаңа жыл 2015 мерекелік шара
Жаңа жыл 2015 мерекелік шара
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, №21 орта мектеп тарих пәні мұғалімі Таймаганбетова Гулбахар Уалихановна
Төрлет, құтты, Жаңа жыл!
Төрлет, құтты, Жаңа жыл!
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылындағы №182 орта мектептің математика пәні мұғалімі Ахметова Мархаббат Жанайқызы
Қош келдің жаңа жыл!
Қош келдің жаңа жыл!
Армысың, аманбысың Жаңа жылым. Жаңа жылым! О, менің Жаңа жырым! Тышқан жылы келгенде, сый ғып тартып, Ақтарайық әнменен көңіл сырын.
Кел жаңа жыл ортаға
Кел жаңа жыл ортаға
Бүгін сізге жырдан алқа тағайын Шат күлкіге толы болсын маңайың Көргендерде көрмегенде арманда Жаңа жылын құтты болсын ағайын
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×