Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Кел жаңа жыл ортаға

26 желтоқсан 2021, Жексенбі
Категориясы: Бала-бақша
Тақырыбы: «Кел жаңа жыл ортаға»
Құрметті балабақша қызметкерлері, ата - аналар, бүлдіршіндер сіздерге жаңа жылда жаңа табыстарға жетіп, отбастарыңызға қуаныш пен бақыт, дендеріңізге саулық тілей отырып бүгінгі «Кел жаңа жыл ортаға» атты жаңа жылдық ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Бүгінгі ертеңгілігімізді ашып беру үшін балабақша меңгерушісі: Әшірбекова Ұлжамал апайға сөз береміз.

Бүгін сізге жырдан алқа тағайын
Шат күлкіге толы болсын маңайың
Көргендерде көрмегенде арманда
Жаңа жылын құтты болсын ағайын

Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын
Ай жүзіндей айшықтанып арайың
Жанға шуақ бойға қуат әкелген
Жаңа жылын құтты болсын ағайын

№2 ші «Балапан» тобының тәрбиеленушісі МАМА МИА жобасының жеңімпазы Өмірзақ Рауанды «Үкілімай» әнімен ортаға шақырамыз.
Барлығымыз шыршаны айналып ән айтып Аяз Атаны шақырайық:
(хор аппақ, аппақ жапалақтап)

Аяз ата сөзі:
Ассалаумағалейкүм Жыр кешкен ел,
Нарына нарық заман мінгескен ел.
Дәуірдің дүрмегіне үндескен ел
Тәңірдің тылсымымен тілдескен ел

Сәлеметсіңдер ме балалар?
Сәлеметсіз бе Аяз ата!
Жарайсыңдар балалар Аяз атаға арнаған қандай сыйларың бар Ақшақар екеуміз соны көруге қашықтан кеп тұрмыз.
Жүргізуші: Аяз ата біздің балалар тақпақ айтқысы келіп тұр тыңдап көрейік.

Дильназ:
Вот пришол Новый год
Радуя нас
Пусть будет радость
Поздравляем вас
Балжан.
Тамаша, тамаша
Шыршамыз тұр жараса
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса
Балауса:
Жаңа жылды қарсы алдым
Мініп алып күймеге
Мен де бүгін ән салдым
Араластым биге де
Жанель:
Пусть Новый год принесет вам счастье и радость

Жылдың әнін бастайын
Аяз ата кеп қалды
Майысады жас қайың
Көтере алмай көп қарды
Айдана:
Жаңа жылым әсемсің
Гүл өндірер түзге де
Әр сәті бақ әкелсін
Достар достар бізге де
Тобымыздың бишісі. Асқар Жанельді қазақ биімен ортаға шақырайық.
Қарақат:
Бақша іші мереке
Ойын күлкі асқақ ән
Жақсы әпкелер жаңа кеп
Мерекені бастаған
Рауан:
Атқан таңмен атсын
Ақ арманың гүлің
Жүзің жарық болып
Шалқып шықсын нұрың
Жаңа жылдық тілек
Осы болсын бүгін
Әлішер:
Келді тағы жаңа жыл
Қуантуға біздерді
Құтты болсын қуаныш
Құттықтаймыз сіздерді
Аяулым:
Басталарда жаңа жыл
Құйылады жаңа нұр
Жүрекке арман бөлеген
Қош келіпсіз, жаңа жыл
Айша:
Аяз ата қандайсың
Сексендегі шалдайсың
Өтірік сақал тағып ап
Балаларды алдайсың

Дильназ: «Катюша» әнімен ортаға шақырайық

Аяжан:
Жаңа жыл жаңа жыл
Жаңа жылға жаңа жыр
Жасыл шырша жанында
Би билеп бір бала жүр
Мерей:
Жасыл желек жамылған
Асыл моншақ тағынған
Міне сұлу шыршамыз
Көптен күтіп сағынған
Жансая:
Оралдың өлкеме
Жаңа жыл армысың
Оранды ақ көрпеге
Асқар тау қарлы шың
Аяулым: Егеменді Қазақстан ән
Бір топ бүлдіршіндерді «хлоп» биімен ортаға шақырайық.

Осымен бүгінгі «Кел жаңа жыл ортаға» атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Аяз атамызды шығарып салайық
- Қош сау болыңыз аяз ата!

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы
Қазалы ауылы, №9 «Балауса» балабақшасының тәрбиешісі
Дауылова Күләнда Қожахметқызы
26 199
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Кел, кел Жаңа жыл!
Кел, кел Жаңа жыл!
Жаңа жыл, жаңа жыл жаңа жылда жаңа жыр. Жасыл шырша жанында, Жадырап бар бала жүр.
Жаңа жыл, жаңа жыр ертеңгілік
Жаңа жыл, жаңа жыр ертеңгілік
Балаларға жаңа жыл мерекесі туралы ұғым беріп, жаңа жылды татулықпен бірлікпен достықпен өткізуге баулу.
Достығымыз жарасқан
Достығымыз жарасқан
1 - мамыр Қазақстан халқының бірлігі мерекесі туралы, достық туралы түсінігін жетілдіру, басқа ұлттармен қарым - қатынасын нығайту. Ынтымақтастыққа, татулыққа тәрбиелеу.
Жаңа жыл 2015 мерекелік шара
Жаңа жыл 2015 мерекелік шара
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, №21 орта мектеп тарих пәні мұғалімі Таймаганбетова Гулбахар Уалихановна
Күлте қыздың сауық кешіне баруы (жаңа жылдық ертегі)
Күлте қыздың сауық кешіне баруы (жаңа жылдық ертегі)
Құрметті ата - аналар, ұстаздар, оқушылар бүгінгі Жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын!
Төрлет, құтты, Жаңа жыл!
Төрлет, құтты, Жаңа жыл!
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылындағы №182 орта мектептің математика пәні мұғалімі Ахметова Мархаббат Жанайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×