Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жаңа жыл 2015 мерекелік шара

25 сәуір 2015, Сенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
І жүргізуші: Ассалаумағалайкум! Құрметті қонақтар!
ІІ жүргізуші: Армысыздар, ардақты ұстаздар, оқушылар!

І жүргізуші: Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт,
Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.
Жылқы жылы кеп қалды ортамызға,
Жақсылықпен жалғассын жаңа уақыт.

Құтты болсын жаңа жыл, барша халық.
Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық.
Бірімізге шынайы тілек тілеп,
Бар әлемге бақытпен жар салайық!

ІІ жүргізуші: Жаңа күнде ән қылып,
Тек жүреміз сән құрып.
Көңілдердей қартаймай,
Шырша тұрар мәңгілік!
(І жүргізушіге) Білесің бе, осы Жаңа жыл әлемдегі ең көп, әрі ең керемет тойланатын мереке екен.

І жүргізуші: Дұрыс айтасың, бұл күні қуанбаған жан қалмайды. Бәрінің жүздерінде күлкі мен шаттық. Әлемнің әр жерінде от шашулар атылып, жаңа жылдық шыршалар бой көтеріп, еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін бақыттың құшағында жүреді екен!

ІІ жүргізуші: Құрметті, ұстаздар, оқушылар! Сіздерді осындай бақытты шақтың қуанышы – Жаңа жылы мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

І жүргіуші: Армысың, аманбысың Жаңа жылым.
Жаңа жылым! О, менің Жаңа жырым!
Жылқы жылы келгенде, сый ғып тартып,
Ақтарайық әнменен көңіл сырын.

Жаңа жыл тек қана бақыт, қуаныш әкелсін дей отырып, бүгінгі көңілді кешімізді бастаймыз. Олай болса бүгінгі 8 сыныптардың арасында өткізілетін «Жаңа жыл 2015» мерекелік кештің қатысушыларын ортаға шақырамыз.

ІІ жүргізуші: Жаңа жыл - қайсарлық пен жүректілік,
Баратын болашаққа білек түріп.
Әдемі тілектерге қол соғамыз,
Әлемге жақсылықтар тілеп тұрып.
Достар, ендеше бәріміз бір ауыздан Аяз ата мен Ақша қарды шақырып алайық. Қалай қарайсыздар?!

І жүргізуші: Ақ киімді, денелі, ақ сақалды - деп, Абай атамыз жырға қосқандай, ұзақ күттірмей, барлық балалардың қуанышы Аяз атаны ортаға шақырайық.
Аяз ата! Аяз ата! Аяз ата!

ІІ жүргізуші: Біз бәлкім шын көңілмен шақырмай жатқан болармыз! Кәне, достар, не тұрыс, шын ниетпен, бар күшімізбен Аяз атаны шақырайық! Аяз ата! Аяз ата! Аяз ата!
(Аяз ата келеді. Қасында Ақша қары бар. Таяғын тарсылдата кіріп келеді.)

І жүргізуші: Аяз ата, ортамызға қош келдіңіз. Сіз де, Ақша қар. Сіздер келмесе ән салмаймын деп, әншіміз ренжіп отыр. Өздеріңіз бір тілек айтып, ән салдыртсаңыздар. Олай болса ортада 8 «ә» сынып оқушылары Жанаева Гулжан, Набиева Балдайдың орындауында ән «Жаңа жыл» қарсы алыңыздар.
Бүгінгі 8 сыныптардың арасында өткізіліп отырған «Жаңа жыл 2015» мерекелік кеште оқушыларымыз өз өнерлерін ортаға салмақшы. Алдымен әр сыныптан екі жұптан таңдап алайық. Жұптардың киім үлгісі, шаш үлгісі талапқа сай болуы керек, яғни кешке арналған болуы керек. Жұптар саны 12 болады. Ең соңында жеңген жұп бүгінгі кештің ханзадасы мен ханшайымы деген атқа ие болады. Олай болса ойын шартымен таныс болыңыздар.

І кезең: «Газет үстінде билеу» жұптар газет үстінде билейді.
ІІ кезең: «Ситуациялық сұрақ» жұптарға сұрақтар қойылады.
ІІІ кезең: «Жұптарына қағаз орау» жұптарына айналдыра қағаз орайды.
ІҮ кезең: «Пародия жасау» қазақ эстрада жұлдыздарына пародия жасайды.
ІІ жүргізуші: Ендеше ортаға биші қыздарымызды шақырайық. Олай болса ортада 8 «б» сынып қыздарының орындауында би. Қарсы алыңыздар!
ІІ жүргізуші: Аяз ата, көрдіңіз бе, біздің жастар өнерлі. Сіз келеді деп күтіп отырғандары қаншама?! Солардың да өнерін тамашаласақ.

І жүргізуші: Бәрекелді! Шабытың шарықтай берсін!.

Ойынымыздың бірінші кезеңін бастаймыз. Жұптарға әділ бағасын беретін қазылар алқасымен танысып алайық.
І кезең: «Газет үстінде билеу» жұптар газет үстінде билейді. Бұл ойында 6 жұп ойыннан шығады.

ІІ жүргізуші: Бүгін сізге жырдан алқа тағайын,
Шат күлкіге толы болсын маңайың.
Көргендер де көрмегенде арманда.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын.

Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,
Ай жүзіндей айшықтанып, арайың.
Жанға шуақ, бойға қуат әкелген.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын.

Ордада 8 «Ә» сынып оқушысы Жанаева Гулжанның орындауында «Жаңа жыл» әні.

І жүргізуші: Қош келдің, Жаңа жылым,
Көп болар жаңалығың
Саған жыл бақ сый еттім.
Жаңа нұр күттім, досым,
Жаңа жыл құтты болсын!

Жаңа жыл – жаңа әннің тербелуі
Жаңа жыл – ақ арманның өрленуі.
Жаңа жыл – партадағы лүпілдеген,
Кішкентай шәкірттердің ержетуі

Ойынымыздың екінші кезеңін бастаймыз.
ІІ кезең: «Ситуациялық сұрақ» жұптарға сұрақтар қойылады. Бұл ойында сұраққа жауап бере алмаған жұп ойыннан шығады.

Барлық жандар бір тілекке қосқан үн,
Бақытты боп бастады жыл дастанын.
Қуанышпен келді той боп Жаңа жыл,
Құтты болсын, жаңа бақыт, достарым!

І жүргізуші: - Жаңа жыл – Қой жылы әр біріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін. Әрдайым қажырлы қайратыңыздан күш, жылы жүздеріңізден нұр кетпесін. Жаңа жыл баршамыз үшін берекелі, мерекелі жыл болсын.

Кел, Жаңа жыл, жеттің бе тағы айналып
Дастарханды отырмыз саған жайып
Сені күтті жыл бойы жақсы үмітпен
Талай ұлыс, талай ел, талай халық
Келген сайын көңілді өсіресің
Ұлы болсын бастаған осы көшің
Төгіп - шашпай тасытып кетсең екен
Қазақ деген халықтық несібесін!

Ортада 8 сынып оқушыларының орындауында көңілді тапқырлар клубы.

ІІІ кезең: «Жұптарына қағаз орау» жұптарына айналдыра қағаз орайды. Ең соңында орап болған жұп ойыннан шығады.

ІІ жүргізуші: Жаңа жылым жол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрлет, төрлет жаңа жыл
Бізге құтты жыл болсын!

Біз төртінші кезеңімізді бастаймыз.
ІҮ кезең: «Пародия жасау» қазақ эстрада жұлдыздарына пародия жасайды.
1 жұп Бүріт пен Айша, 2 жұп Қыдырәлі мен Қарақатқа пародия жасайды.

І жүргізуші: Барлық жандар бір тілекке қосқан үн
Бақытты боп бастады жыл дастанын
Қуанышпен келді той боп Жаңа жыл
Құтты болсын Жаңа Бақыт достарым!…

Қорытындылау: Осымен бүгінгі жаңа жыл кешіміз аяқталды. Қазылар алқасы бүгінгі кешіміздің ханзадасымен ханшайымын анықтап бермек. Жеңімпаздарды марапаттау. Сау болыңыздар.
2 956
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қош келдің, Жаңа жыл!
Қош келдің, Жаңа жыл!
Жаңа жылдық ертеңгілік сценарийі. Оқушыларға мерекелік көңіл күй тудыру, шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне балалардың, Аяз атаның, ақшақардың, жалмауыз кемпірдің карнавалдық киімдеріне назар аударту, көңілді ойындар ойнату, достық қарым
Жаңа жыл, жарылқа! атты жаңа жылдық кеш
Жаңа жыл, жарылқа! атты жаңа жылдық кеш
Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт, Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт. Ит жылы кеп қалды ортамызға, Жақсылықпен жалғассын жаңа уақыт.
Қош келдің, Жаңа Жыл!
Қош келдің, Жаңа Жыл!
Тезірек, тездетіп, мұнда жиналыңдар, Басталады Жаңа жылдық карнавал Маска да бар, би де бар, асығыңдар. Шырша жанында қонақты қарсы алыңдар.
Құтты болсын, құтты болсын, Жаңа жыл!
Құтты болсын, құтты болсын, Жаңа жыл!
Жүргізуші: Уа, халайық, жарандар, Айналаға қараңдар. Жаңа жылдың бұл тойын, Салтанатқа санаңдар!
Күлте қыздың сауық кешіне баруы (жаңа жылдық ертегі)
Күлте қыздың сауық кешіне баруы (жаңа жылдық ертегі)
Құрметті ата - аналар, ұстаздар, оқушылар бүгінгі Жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын!
Құтты болсын Жаңа жыл
Құтты болсын Жаңа жыл
Ақ көңілім айналды аппақ қарға, Көңілдене қосыл сен ән мен жырға Қыс қызығы басылмай ұласады, Қуанышы көп болсын Жаңа жылға
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×