Үлгілі отбасы - тәуелсіз елдің тірегі!
Тақырыбы: «Үлгілі отбасы - тәуелсіз елдің тірегі!»
Мақсаты:
- Ата - аналармен бірлесе отырып, жас ұрпақты өз елінің тәуелсіздігі үшін күрескен қаһармандарын құрметтеуге, адамгершілік сезімдерді қалыптастыру арқылы еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Аға ұрпақтың ізімен жүретін намысшыл, ер мінезді, жігерлі тұлғаны дамыту.
- Қазақстан елі бойынша жинақтаған білімдерін, танымдық қабілеттерін арттыру. Сайыскерлердің ойлау, сөйлеу дағдысын дамыту, өз ойын жеткізе білуге, ізденуге қалыптастыру.
- Ғылым мен техниканың жетістіктерін игерген, бәсекеге барынша қабілетті сауатты, егеменді елдің жастарын тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Гимні,
Н. Ә. Назарбаевтың портреті, слайдтар, бейнетаспа, күй дискілері
І бөлім. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе».
1 - жүргізуші:
- Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, ата - аналар мен оқушылар!
- «Отан отбасынан басталады» - деп халқымыз айтқандай, Отан мен отбасы кең мағыналы, қасиетті ұғымдар. Әрбір адамның отбасы, тұрған мекені, өскен ортасы, аймағы, мемлекеті – оның жарық дүниедегі жан саясы, өмір өрісі, оттай жандырған Отаны. Бүгін Қазақстан халқының үлкен мерекесі, қазағымыз Егеменді ел атанып, тіліміз мемлекеттік мәртебе алып, ұлттық мәдениетіміз, салт дәстүріміз қайта оралып, өз алдымызға ел болған – Қазақстанның Тәуелсіздік мейрамы құтты болсын!
Атыңнан айналайын, егеменді ел,
Тәуелсіз күнің туды, кенеле бер.
Мерейің құтты болсын, Тәуелсіздік!
Ғасырдың тойы болшы келе берер! - деп барлығыңызды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтай отырып, ашық аспан, жүздеріңізге күлкі,
құшақтарыңызға зор қуаныш тілеймін.
- Сіздермен бас қосып пікір алысудағы мақсатымыз отбасындағы бала тәрбиесін дұрыс жолға қою, патриоттық сезімдерін ояту. Сонымен қатар ата - аналардың бала тәрбиесіндегі шешуі табылмай жүрген мәселелер болса, ойымызды ортаға салайық деп отырмыз.
Қазақстан Республикасының әнұраны айтылады.
2 - жүргізуші: Сонымен, бүгінгі ата - аналар мен бала бірлескен ««Үлгілі отбасы - тәуелсіз елдің тірегі!»» атты кешімізге қош келдіңіздер.
Жақсыдан жаман туады,
Бір аяқ асқа алғысыз.
Жаманнан жақсы туады,
Адам айтса нанғысыз.
Отбасы - адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы - ата - ана. Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар. «Бала қыран болу үшін оны самғатып ұшыратын ата немесе әке де қыран болу керек»- деп отбасылық тәрбиеге ерекше тоқтаған. Әр отбасында ата - ананың орны бөлек. Бала әкеден - ақыл, анадан - мейірім алады. Әке - отбасының асыраушысы, қамқоршысы, тірегі деп білесің, ана отбасының ұйтқысы, жылуы, шуағы, жақсы ана отбасына береке әкеліп, жанұясын бақытқа бөлейді.
- Бүгінгі жиналысымызда ата - аналар мен оқушылардан топтасқан «Бәйтерек», «Отан», «Астана» топтары өз білімдері мен ойларын ортаға салады.
Кештің ашылу құрметіне «Анашым» әні орындалады.
Ендеше сайысымызды бастайық:
І кезең. Балаңызға үлгі болатындай өз бойыңыздағы жақсы бір қасиетіңізді айтып берсеңіз? (әр ата - ана өзінің бір жақсы қасиетін айтады.)
ІІ кезең. «Ассоциация».
- Сіздер әр отбасыларыңыздың ұйытқысысыздар. Өнегелі отбасы дегенді қалай түсінесіз? (үш топқа бірдей
Әр топ «өнегелі отбасы» қандай болуы керек екендігі туралы өз ойларын ортаға салып, оны бір мүшесі қорғайды.
ІІІ кезең Ой толғау орталығы.
Ата - аналар балалары туралы ал, балалар ата - аналары туралы ой толғау жазады. Содан кейін қарама - қарсы оқиды.
ІV кезең. Тренинг: «Бәрі біздің қолымызда» жағдаяттар.
1. Сіз балаңызға дүкенге барып келуін өтінесіз. Ол: «Ән тыңдап отырмын»,- деп барудан бас тартады. Не істер едіңіз?
2. «Ура, мама, мен «бес» алдым!» Мұғалім бізге не айтқанын білесің бе?- деп, бірінші сыныптың оқушысы өзінің алғашқы жетістіктері жайында қуанышы қойнына сыймай анасына айтып жатыр. Бірақ жылдар өте береді, біз «Ура, мама, мен бүгін «бес» алдым!» деген қуанышты сөздерді барған сайын сирек естиміз.
Сыныптан сыныпқа көшкен сайын үлгерімнің кеми беретіні неліктен деп ойлайсыз?
3. Балаңыз жақсы оқиды. Тәртібі де жақсы. Бірде сынып жетекшісі үйге телефон соқты. «Бүгін балаңыз сабаққа келмеді. Бұдан бұрын да бірнеше рет келмей қалған»- деді. Сіздің оны мектепке жібермей қалған күніңіз болған жоқ. Енді не істейсіз?
4. Балаңыз жақсы оқиды. Тәртіпті, сыпайы болып өсіп келеді. Жаңа үй сатып алуыңызға байланысты оны басқа мектепке ауыстырдыңыз. Сабаққа белсенділігі төмендеген сияқты. Бұрынғыдай емес, ашуланшақ. Бірнеше рет себебін сұрағаныңызбен еш нәрсе айта қоймады. Енді не істейсіз?
ІІ бөлім. Тәуелсіз елім – тірегім!
1 - жүргізуші: Тәуелсіздік - қасиетті ұғым. Ғасырлар бойы ата – бабамыз армандап, аңсап Тәуелсіздік үшін күрескен қазақ халқының тілегі орындалып, 1991 жыл 16 желтоқсан заңды түрде Тәуелсіздік күні болып тарихқа енді.
2 - жүргізуші:
Тәуелсіздік жолында талай жандар құрбан болып, елім деп еңіреп өткені белгілі. Талай кезең қиын - қыстау, қуғын - сүргінді ата - бабаларымыз басынан кешті. Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаевтың сөзі: «Біз Қазақстанның тәуелсіздігінің оңайлықпен келмегенін біліп оны қадірлеуіміз керек. Әрбір Қазақстанның азаматы мақтанышпен Елтаңбаны, Әнұранды, Туды көтеруі керек. Әрбір азамат өз Отаны үшін еңбек етуге, жанын қиюға міндетті.»
1 - жүргізуші:
Еуразияның қақ ортасында орналасып, талай халықтың көнедегі және қазіргі кездегі тарихына куә болған, тарихы солармен тағдырлас Қазақ даласы, Қазақ жері, Қазақ ұлты қандай қиыншылықтарды бастан өткізбеді десеңші. Бір сәт өткен өмірге шолу жасайық. («Желтоқсан желі ызғарлы» бейнетаспадан көрсету)
2 - жүргізуші:
Қуан, халқым! Қуанатын күн бүгін,
Серпіп таста мұңды жүрек түндігін.
Шарықтайық, шаттанайық, тынбайық,
Тәуелсіздік күнін бүгін бірге тойлайық.
Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,
Асау аттай өз тізгінін бермеді.
Қазағымның алтын басын иілтіп,
Талай дұшпан төрімізге төрледі.
Біз жәй жүзген «Қазақ» атты кеме едік,
Бірақ дұшпан басқа шықты – ау демедік.
Тәңір салған тағдырына бас иіп,
Неше ғасыр бодан болған ел едік.
1 – жүргізуші:
Тәуелсіздік түскен жоқ қой аспаннан,
Тарихы оның тым әріден басталған.
Бодандықтан құтқарам деп елімді,
Талай боздақ қара жерді жастанған.
Теңдік еді қазағымның арманы,
Кең далаға әділ іздеп барғаны.
Өз ұлтының болашағы, қамы үшін,
Жазық па екен шындықты айтып салғаны.
2 - жүргізуші:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы көгілдір түсті. Онда алтын күн бейнесі шарықтай ұшқан дала қыраны және ұлттық ою - өрнек нақышталған тік жолақ бар.
Тудың көгілдір түсі – бұлтсыз ашық аспан, бейбітшілік белгісі. Күннің нұр шұғыласы – байлық пен берекенің, тыныштық пен жылылықтың белгісі.
Қыран бүркіт – Тәуелсіздік белгісі. Өрнек – салт дәстүріміздің белгісі.
Мемлекеттік тудың авторы Шәкен Ниязбеков.
1 - жүргізуші:
Қазақстан Республикасының Елтаңбасының бастысы – шаңырақ. Шаңырақ – киіз үйдің күмбезі. Ол күн бейнесін ал уықтар одан тарап жатқан алтын сәулелері. Қазақта «Ат – адамның қанаты» деген мақал бар. Елтаңбадағы тұлпар бейнесі дала пырағы оның шапшаңдығы ер жігітті тәуелсіздікке жетелейді. Бес бұрышты жұлдызы - әр адамның өміріне бағдар беретін өз жұлдызы сияқты. Күн мен айды, жұлдызды кие тұтатын халқымыз «Жұлдызың жарқырай берсін» деген асыл арманын айтып тұрғандай.
2 - жүргізуші:
Тәуелсіз – Қазақстаным
Туыңды биік ұстадың,
Көтерді халқың уақыттың қатал қыспағын.
Көшіңді бастап бақытты болашағыңа,
Жасай бер, жаса, Тәуелсіз Қазақстаным!
2 – жүргізуші: Ендігі кезекте туған еліміз туралы танымдық - отбасылық біліміміздің қандай деңгейде екенін көрсетсек.
Шарттары:
1. Мақал - мәтел айту
2. Бәйге. (Сұрақ - жауап)
3. Тест тапсырмалары.
Мұғалім:
І кезең. Мақал - мәтел айту кезеңінде туған жер, Отан, батыр, ерлік туралы өздеріңіздің дайындап келген мақал - мәтелдеріңізді айтыңыздар.
ІІ кезең. «Бәйге» бөлімінде берілген сұрақтарға жауап бересіздер.
1. Астана қаласының символы /Бәйтерек/
2. Мемлекеттік рәміздер қашан бекітілді? /1992ж 4 маусым/
3. Қазақстан Республикасына сіңген еңбегі үшін, оның тәуелсіздігі жолында күресі үшін берілетін орден /Халық қаһарманы/
4. Қазақстанды алғаш тәуелсіз деп таныған ел /Түркия/
5. Астана қаласының бұрынғы атауы /Целиноград/
6. Еліміздің оңтүстік астанасы /Алматы/
7. Мемлекеттік рәміздерді атаңыз./Әнұран, Ту, Елтаңба/
8. Желтоқсан оқиғасы өткен қала? /Алматы/
9. Қазақстанның алғашқы Астанасы қай қала? /Орынбор/
10. Әнұранның сөзі мен әнін кімдер жазған? /Ш. Қалдаяқов,
Ж. Нәжімеденов, Н. Назарбаев/
11. Қазақстан қашан тәуелсіз ел болды? /1991 жыл 16 желтоқсан/
12. «Желтоқсан оқиғасына» қатысқан жастарды білесіз бе?/Лаззат, Қайрат, Сабира, Ербол/
2 - жүргізуші:
ІІІ кезең. Тест. (интерактивті тақтада берілген тест тапсырмаларының дұрыс жауабын бағыттауыш бойынша табасыздар)
1. Мемлекеттік жалау қай жылы қабылданды?
а) 1990 6 - маусым. ә) 1991 4 - маусым. б) 1992 4 - маусым
2. Тудың өлшемдері:
а) ұзындығы 3 м, ені 1, 5 м; ә) ұзындығы 2м, ені 1 м; б) ұзындығы 2м, ені 3 м
3. Тудың авторы:
а) Шәмші Қалдаяқов. ә) Жандарбек Мәлібеков. б) Шәкен Ниязбеков.
4. Елтаңбадағы тұлпар нені білдіреді?
а) мәңгілік. ә) тәуелсіздік. б) байлық.
5. Елтаңбаның авторы:
а) Шәмші Қалдаяқов, Жұмекен Нәжімеденов
ә) Жандарбек Мәлібеков, Шот - Аман Уәлиханов
б) Шәкен Ниязбеков, Нұрсұлтан Назарбаев
1 - жүргізуші:
Тәуелсіздік – тәтті ұғым, қандай ғажап!
Халқымның орындалды басты арманы.
Туған тілдің мәртебесін тасқа қашап,
Күмбез көкте желбірейді көк байрағы
2 - жүргізуші:
Көк байрақ иілмесін, жығылмасын,
Көзге жас, кеудеге өксік тығылмасын.
Тұрғанда көкшіл Туың көкті тіреп,
Қазағым, сен қашанда тұғырдасың!
І - жүргізуші:
Туған жерді сүю – парыз
Сүю үшін білу – парыз
Қасиетін ұғу – парыз
Күзетіне тұру – парыз Жасасын халқым! Тәуелсіздік тұғыры биік, мәртебең асқақ, бақытың мәңгілік болсын деймін.

Жаңалықтар
Менің Отаным - Қазақстан
Отанды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Оқушыларды достыққа, адамгершілікке, саналылыққа тәрбиелеу.
Мен – егеменді елдің болашағымын
Петропавл қаласы, «Өнер колледжі - музыкалық - эстетикалық бейіндегі дарынды балаларға мамандандырылған мектеп - интернат»кешені» Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі: Ж.Б.Ашимова
Ел рәміздері
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ы. Алтынсарин орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Агисбаева Жансулу Бигалиевна
Үлгілі отбасы тәуелсіз - елдің тірегі
Тақырыбы: «Үлгілі отбасы тәуелсіз - елдің тірегі» Мақсаты: Ата - ана, бала және шағын орталық арасындағы ынтымақтастық қарым - қатынасын нығайту.
Қанатты тұлпар – болашаққа үміт артар жас ұрпақтың арманы
Қызылорда облысы Қазалы ауданы Әйтеке би кенті МКҚК №2 «Айгөлек» балабақшасының тәрбиешісі Қалилаева Зәмзәгүл
Қазақстан Республикасының рәміздері
Қазақстан Республикасының рәміздері 1992 жылы 4 маусымда қабылданды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні 2006 жылы 7 қаңтарда өзгертіліп, жаңа гимн қабылданды.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.