Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қанатты тұлпар – болашаққа үміт артар жас ұрпақтың арманы

15 наурыз 2013, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Тақырыбы:«Қанатты тұлпар – болашаққа үміт артар жас ұрпақтың арманы» Қазақстан Республикасы рәміздер күніне орай ұйымдастырылған тәрбиелік іс - шара.
Мақсаты: Балалардың Қазақстан Республикасы туралы білімдерін кеңейту. Еліне, Жеріне, Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру. Еліміздің Рәміздері туралы білімдерін жетілдіру. Болашақта ел азаматына лайықты болуға тәрбиелеу.
Тәрбиеші: Бүгінгі «Айгөлек» тобының «Қанатты – тұлпар болашаққа үміт артар жас ұрпақтың арманы» атты тәрбиелік іс - шарамызды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнімен бастаймыз.
Хор: «Менің Қазақстаным»
Сөзін жазғандар: Ж. Нәжімеденов. Н. Назарбаев
Әнін жазған: Ш. Қалдаяқов.
Жүргізуші: Мыңдаған жылдар тарихы бар Қазақстан өз тәуелсіздігін алып, бүгінде әлемге танылды. Қазақстан Республикасы кәзіргі кезде бай да, бақытты. Болашағы зор тәуелсіз егеменді ел болды.
Тәуелсіздік алдық дегеніміз - өзіміздің жеріміз, еліміз, Туымыз, Елтаңбамыз Гимніміз бар.
2006 жылдың 7 қаңтарында Қазақстан Республикасының жаңа Гимні қабылданды. Сөзін жазғандар: Ж. Нәжімеденов. Н. Назарбаев. Әнін жазған: Ш. Қалдаяқов. Мынау - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы. Тудың түсі аспан түсіне ұқсайды. Көк аспандай көгілдір, ортасында күн шуағы, астыда қыран бүркіт ұшып келе жатыр. Қазақстанда тұратын бардық халықтардың өмірі гүлдей жарқырап, қыран бүркіттей самғай берсін дегені. Ою - өрнек туымыздың ұлттық ерекшелігін айқындау үшін берілген.
Еліміздің рәміздері туралы тақпақтарымызды айтайық.
Нұрислам: Туымызға көгілдір
Бір қарамай өтпейміз
Сол көк тудың астында
Көгереміз көктейміз,

Әсемай: Көк аспандай көкпеңбек,
Қазақстан жалауы.
Көк ол емес тектен тек
Елдің ашық қабағы.
Жүргізуші: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасында шаңырақ, күн сәулесі, бес бұрышты жұлдыз, тұлпардың алтын қанаттары, бидайдың алтын масақтары түрінде белгіленген. Көгілдір аспан әлемінің барша халықтарына ортақ. Алтын түс халқымыздың алтын болашағына сай келеді. Осы рәміздерді үлкен де кішіде құрметтеп, жоғары ұстауы тиіс.
Перизат: Шаңырақтың шаттығы,
Асқақтатып тұр мұны.
Елтаңбасы елімнің,
Елдің тыныш тірлігі.
Бағдаулет: Елтаңбасы елімнің,
Неткен әйбат әдемі.
Тұнығындай көңілдің,
Ортада аспан әлемі.
Хор: «Елтаңбасы елімнің»
Нұрлыбек: Көк байрақ көк аспан,
Алтын күн шашқан.
Әлемге таныған
Тәуелсіз Қазақстан!
Ақерке: Құт, береке – шаңырақ,
Орын алған ол төрден.
Қанатты қос арғымақ,
Екі жақтан көмкерген.

Жүргізуші: Бейбіт таңдар арайланып атады,
Туған жерді аймалайды шапағы.
Байтақ елім – Ұлы Қазақстаным,
Ең бақытты балалардың Отаны!
Хор: «Біз бақытты балдырған»
Жүргізуші: Тәуелсіздік – біздің бас ұранымыз, көгілдір туымыз біздің болашақ бағымыз, нұрлы таңымыз. Еліміз аман, заманымыз тыныш болсын.
7 519
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Менің елім — Қазақстан!
Менің елім — Қазақстан!
16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне арнаған «Менің елім — Қазақстан!» - атты тақырыптық оқу қызметі.
Әнұраным – айбыным, туым – теңдігім, елтаңбам – елдігім
Әнұраным – айбыным, туым – теңдігім, елтаңбам – елдігім
Әнұраным – айбыным. Қазақстан Республикасының Әнұраны туралы. Бұрын да ел ішінде танымал болған «Менің Қазақстаным» әні 2006 - жылы Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен мемлекеттік әнұран ретінде бекітілді.
Мемлекеттік рәміздер
Мемлекеттік рәміздер
Арайланып таң атты Алтын сәуле тартты Жарқырайды қаламыз Жарқырайды даламыз
Біздің Отанымыз  - Қазақстан
Біздің Отанымыз - Қазақстан
Қарағанды қаласындағы №21 негізгі мектептің бастауыш сынып мұғалімі Булатова Пайгуль Шагаевна
Қазақстан рәміздері
Қазақстан рәміздері
Қарағанды қаласы, ЖББОМ № 65 мектепалды дайындық тобының мұғалімі: Бекова Ақбота Токеновна
«Туған жерім – Қазақстан»
«Туған жерім – Қазақстан»
«Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебі» КММ Мектепалды даярлық тобы Тәрбиеші: Естекова Ж.С
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×