Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Үлгілі отбасы тәуелсіз - елдің тірегі

22 қараша 2013, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Тақырыбы: «Үлгілі отбасы тәуелсіз - елдің тірегі»
Мақсаты: Ата - ана, бала және шағын орталық арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынасын нығайту. Салауатты өмір салтын насихаттау.
Жүргізуші: Армысыздар, спорт сүйер жанкүйерлер!
Қош келдіңіздер, біздің сайысқа.
Асау тұлпар желдей ескен арынды,
Аянбастан спортқа сал барыңды – деп ұрандатып бүгінгі «Үлгілі отбасы тәуелсіз - елдің тірегі» атты сайысына «Қарлығаш - 2», «Балдырған», «Ботақан», «Балбөбек», « Қарлығаш» мектепалды даярлық шағын орталық топтарының ата – аналары қатысқалы тұр. 5 топтың сайыскерлерін құрметтеп ортаға шақырайық.
1. «Тұлпар» тобы
2. «Қыран» тобы
Әнұранымыз ойналсын!
Қазақстан Республикасының Әнұраны ойналады.

Жүргізуші: Қош келдіңіз, ата - аналар!
Бұл күнді көптен күткен балалар,
Осындай ықыласпен бас қосудан
Ойлар дамып, арт түсер саналар.
Тәрбие үшін неше түрлі ойын көп,
Соның бірін өткізуге ойым бар.
Өнер, білім, бірлік талап ететін,
Ойынымызда жеңімпаз да табылар!

Құттықтау сөзі: Әдіскер - жетекші Сүлейменова А. У беріледі.
Әділ - қазыларды сайлау.

Жүргізуші: Қиялмен шарықтайық аспанды өрлеп,
Көңілде әдемі жыр бойды кернеп.
Көпшілік осындайда бас қосқанда,
Төгейік сөз маржаның мөлдір етіп.
Баяғы жыраулардың салтыменен,
Жіберіңдер өздеріңді таныстырып – деп таныстыру
кезеңінен бастаймыз.
Әрбір топ өзін таныстырады.

Жүргізуші: Спорт сүйер сайыскерлер! Шынықтыру әдісі арқылы бойымызды сергітіп алдық, ал енді сайысымыздың бірінші айналымынан бастайық.
1. Сайыстың аты: «Мергендер»- деп аталады.
Ойын шарты: Мынау құрсауға мергендіктеріңді көрсетіп, құм салынған қапшықты лақтырып, дәл түсіру қажет. Көп қап түсірген топ, жеңімпаз осы сайыс бойынша жеңімпаз атанады.
Берілген тапсырманы орындайды.

2. Сайыстың аты: (бала)
Ойын шарты: машинамен кедергі арасынан құлатпай, межені айналып кеглиді жинап келу. Дұрыс, әрі тез орындаған топ жеңіске жетеді.
2. 2 Сайыстың аты: «Дед Мазай» ( ата – ана).
Ойын шарты: Қолдарыңызда екі құрсау болады. Бір құрсауға екінші құрсауды алмастыра отырып, межеге жетеді. Қайтарда кедергі арасындағы кеглилерді жинап қайтады.
Берілген тапсырманы орындайды.

3. Сайыстың аты: «Кенгуру» ( ата – ана қалта киеді).
Ойын шарты: анасы үлкен шармен, әкесі скакалкамен секіріп барып, белдегі қалтаға өз түстеріне байланысты 5 допты жинап салады да, секіріп келіп, шелекке допты салып, өз шарларын жинап алады.
Кім тез жинаса, сол топ жеңіске жетеді.
Әр топ түстері:
«Қыран» тобы - жасыл
«Тұлпар» тобы – сары.
3. 2«Көңілді доп» (бала)
Ойын шарты: Үлкен допқа мініп, белгіленген жерге дейін секіріп барып, қайтып келу.
Дұрыс, әрі тез орындаған топ жеңіске жетеді.
Берілген тапсырманы орындайды.
4. Ойын: «Қаппен секіру»
Ойын шарты: Қаппен секіріп барып, межені айналып келу. Дұрыс, әрі тез орындаған топ жеңіске жетеді.

5Ойын: «Шаңғы тебу»
Ойын шарты: Екі аяғына баклашкадан жасалған шаңғы киіп жүру. Белгіленген жерге дейін барып, қайтып келу. Бірінші келген топ жеңіске жетеді.
Қажетті құралдар: Баклашкадан жасалған шаңғы

Хор: «Көк тудың желбірегені»
Әділ - қазылар қорытындысы беріледі. Сыйлықтармен марапаттау.

Жүргізуші: Осымен біздің бүгінгі «Үлгілі отбасы тәуелсіз - елдің тірегі» атты спорттық сайысымыз аяқталды. Қатысқан ата - аналарға көп рахмет!
Сау болыңыздар!
7 179
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Үлгілі отбасы – мәңгілік елдің тірегі атты байқау сценариі
Үлгілі отбасы – мәңгілік елдің тірегі атты байқау сценариі
Отбасылық тәрбиенің үздік үлгілерін және қазақ этнопедагогикасындағы отбасы тәрбиесі құндылықтарын насихаттау, «Үлгілі жанұя» модельдерін құру, ата - ана мен бала қарым - қатынасын жетілдіру, үлгілі отбасын анықтау және олардың татулығын арттырып,
Толағай отбасылық сайыс
Толағай отбасылық сайыс
Балалардың дене бітімін жақсарту, оларды жылдамдыққа, шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа баулу. Өмірде белсенді болуға, алға қойылған мақсатты орындауға үйрету.
Толағай (отбасылық сайыс)
Толағай (отбасылық сайыс)
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, №21 орта мектептің мектеп алды даярлық тобының мұғалімі Каракулова Жанар
Толағай
Толағай
«№60 бала бақшасы» Майбасова Жанар Испаниярқызы
Тәуелсіз елдің білімді отбасы
Тәуелсіз елдің білімді отбасы
Астана қаласы, №45 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Амиржанова Махсут Жақанқызы
Ынтымақты отбасы
Ынтымақты отбасы
Астана қаласы, №63 «Әсем - Ай» балабақшасының «Алпамыс» шағын орталығының тәрбиешісі Нұрманова Гүлжан Орынбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×