Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шырайлы да шұрайлы, шығыстың күзгі байлығы»

20 шілде 2013, Сенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Сыныптан тыс сабақ
Тақырыбы: «Шырайлы да шұрайлы, шығыстың күзгі байлығы»

7 сынып оқушылары
Жүру барысы
І бөлім «Күн шапағы Шығыстан құйылады.»
ІІ бөлім «Семейім – туған ұямыз»
ІІІ бөлім « Жері – бай, көдесі – май, елі – жайсаң...»

1. Дәулетбек:
Асыл - тастан, өнер - жастан
Шығады деп дарынды,
Халық айтса, халық сөзі
Әрқашан да нанымды.
Сол өнердің жолын қуған
Біздің сынып атынан
Қабылдаңыз шын жүректен
Сәлем сізге жалынды! – (басын иеді)
Қайырлы күн! Құрметті ұстаздар! Ата - аналар! Менің құрбы - құрдастарым, аға - апайларымен іні - қарындастарым! Мектебіміздің зиядат ордасына қош келдіңіздер!

2. Айжан: Қош көрдік Дәулетбек! Сәлем сөздің анасы демекші, бүгінгі сәлем беруің ерекше ұнап тұр маған.
Көш бастау қиын емес,
Қонатын жерде су болса.
Қол бастау қиын емес,
Шабатын жерде жасау болса.
Шаршы топта сөз бастау қиын емес,
Аталы сөзді ұғатын көпшілік болса - дегендей, сөз бастап сіздерге сәлемдесіп жатқан біздің сыныптың сегіз қырлы бір сырлы серісі, өзі әнші, футболист, өзі дарынды, сөзі жалынды Дәулетбек және Дәулетбектің көмекшісі мен Мақсатқызы Айжан.

3. Дәулетбек: Көп рахмет, мақтауымды асырдың,
Сыныптағы сенде бірі асылдың.
Иә, Айжан. Биылғы жылдың әрбір атқан таңы мен әрбір атқан күні барлық Қазақстандықтар үшін сәлемі сәнді, істері мәнді болып тұр. Атқан таңмен бірге шыққан күннің шапағы Шығыстан басталатынын, сонан кейін барып бүкіл Қазақстанға шуағын тарататынын ойлап қуанып тұрмын. Яғни, бұл өңірдің жұрты, біздер, атар таңды алғаш қарсы аламыз ғой сонда?

4. Айжан: Әрине солай Дәулетбек. Көк түріктердің кіндік жұрты – Күн тауы, қазіргі атауы Алтай тауының шыңдары Күн шапағына бірінші болып маңдайын сүйгізеді екен.
Күн туады Алтайдан шашып нұрын,
Сонда менен кетеді жасық мұңым.
Түркілердің, өр Алтай, төркіні едің,
Содан шығар өзіңе ғашықтығым - деп ақындар жырлағандай, сол өр Алтайдың қазіргі өрендері біздер табиғатпен мәңгі біргеміз. Оны жанымызбен қорғауға, сақтауға және майын тамызып мақтауға әрқашанда дайын болуымыз керек.

5. Дәулетбек: Дәл таптың Айжан. Күннің шапағы елден бұрын біздің жерімізге түскендіктен болар, табиғатқа берілген жылдың төрт мезгілі біздің жерімізде өзінің сыйымен, байлығымен, ерекшелігімен көрінбей кетпейді. Күз айының жаңа оқу жылымен қатар басталуы біздер үшін ерекше. Мектебіміздегі бастауыш сынып бүлдіршіндері биылғы күз мерекесін тойлауды бастап кетіпті. Олар табиғаттың сырларын жырлап, ауа райын зерттеп, күн мен түнге байланысты жұмбақтарды шешіп, аспан әлемінің құпияларымен танысып, айға ұшқалы жатқан сияқты.
6. Айжан: Олай болса, біздерде қарап қалмайық! Тәуелсіздіктің 20 жылдық мерекесі қарсаңында, күздің осы бір көңілді күнінде жиналып отырған көпшілікке бізде өз сыйымызды ұсынайық. Тек соны неден бастарымды білмей тұрмын.

7. Дәулетбек: Мен ойланып, ойланып былай деп шештім. Астанада өткізіліп жатқан әр облыстың 20 жылдыққа арнаған мерекелі күндері сияқты « Шырайлы да шұрайлы, Шығыстың күзгі байлығы» деген тақырыпта, бізде тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған кең көлемді әдеби - музыкалық кеш өткізейік.
8. Айжан: Жарайды мен келісемін, тақырыбың өте тамаша екен, олай болса бастайық!
9. Дәулетбек: Айжан, бағана біз сөзіміздің басын күннің шығуынан бастағанбыз, сондықтан алдымен ортамызға кешіміздің күнін, яғни, бүгінгі атқан күз күнін шақырайық.
Ерте жайнап атты таң,
Естіліп тұр шаттық ән
Қарсы алайық күз күнін,
Қуанысып топты жан.
10. Айжан: Тәуелсіз 20 жылымыз,
Мейрамдаймыз мұны біз.
Бимен шашу шашады,
Жайраңдап күз күніміз.

11. Дәулетбек: Күз күнінің нұры бар,
Мұның ғажап сыры бар.
Құт - береке, ырыс бұл
Қарсы алайық тұрыңдар!
Күз күні: Сәлем, ұстаз даналар! (7 «Ә» сынып оқушысы Жұлдыз)
Айналайын балалар!
Топ бастаушым аман ба?
Жаса жайлы заманда
Уақыт үдеп, келдім мен
Бақыт тілеп адамға!
(Жұлдыз билеп шығады 7 «ә» сынып)

12. Айжан: Қымбатты Күз күні! Ортамызға қош келдің! Мына әдемі биіңізге қарағанда биылғы қыс ағамыз жайырақ келетін сияқты, өйткені жадыраған Жаз күні есіктің артында келіп тұр, күзге сәлем беремін, бәріңе жылу төгемін дейді.
Жаз: Сәлем, күзгі күніміз! (8 «ә» сынып оқушысы Гүлсая)
Мейман парқын біліңіз.
Аптапты еске алайын.
Деп келдім сізге ағайын!
Шілде түсіп, жалынға орап аптабым,
Барлығыңды ыстығыма қақтадым.
Тымырсық күн, жаңбыр да жоқ, жел де жоқ,
Салқын су да арықтардан ақпады.
Адамдардың амалдары таусылды,
Қабылдады жазда ыстық маусымын
Қаланы да, даланы да шілдеде
Құшағыма алып алдым қаусырып.
Таусылмайды табиғаттың ырысы,
Қайнап кетті қаланың әр бұрышы
Шыдай алмай талай күнгі аптапқа
Семейімнің тарылғандай тынысы.
Табиғатты жаратқан ғой тылсым ғып,
Адамзатқа дәлелденбес бұл шындық.
Басу үшін ішкі - сыртқы жалынды,
Қарт Ертіске алушы еді бір сүңгіп!
( жаздың белгісі болу керек)
13. Дәулетбек: Айжан, мен бүртүрлі тоңып бара жатқан сияқтымын?
14. Айжан: Мүмкін емес, жаңағы аптап ыстықтан кейін бе? Бірақ, біз өмір сүріп отырған үшінші мыңжылдықта ештеңеге таңқалуға болмайды. Қазір табиғатта сан түрлі құбылыстар болып жатыр емес пе? Жаңа ғана жаз күнінің аптап ыстығы, келе жатқан қаһарлы қыстың суығы, көктемгі су тасқыны бәрі - бәрі жылдам өзгеріп, ойламаған жерде болып жатыр ғой!
15. Дәулетбек: Дегенмен Жердегі тіршілік иелері ішінен адамның жеңбейтін ісі жоқ. Қандай табиғи құбылыс болса да адам сол құбылыстан нәр алады деп ойлаймын.
Адамзаттың табиғаттан нәр алуы әр дәуір сайын ұлғайып келеді дейді ғалымдар.
Осыдан миллиондаған жылдар бұрын адамдардың қоректенуіне тәулігіне 2 мыңдай килоколория күш жеткілікті болған екен. Шикізатты өңдеп, тамақ пісіріп, дәмдеп жейтін әр адамға қазіргі таңда тәулігіне жұмсалатын энергияның орнын толтыру үшін 6 - 8 мыңдай килоколория қажет болып отыр екен. Соның нәтижесінде адам өмірінің ұзақтығы бұрынғы замандарға қарағанда 3 есе артыпты немесе 15 жылдан 50 жылға дейін ұзарды деген сөз.
16. Айжан: Өте жақсы ғылыми дерек айттың ғой Дәулетбек, онда біздің 35 миллиард клеткадан тұратын миымыздың Айжан мұғалім айтқандай 0, 1 - ақ пайызы емес 10 пайызы жұмыс істейтін болды ғой. Сынып жетекшіміз 35 миллиард клеткаңды қозға, клеткаңды қозға деп бекер айтпайды екен ғой. Табиғаттың адамға берер сыйының әр алуан екенін, қазіргі заман адамының сол құбылмалы құбылыстарды дұрыс қабылдап,
төзе білу керек екенін бүгінгі кештің тыңдаушылары түсініп отырған шығар?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 777
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Атадан қалған асыл сөз
Атадан қалған асыл сөз
Ата - бабамыздан асыл мұра болып қалған тілімізді, салт - дәстүрімізді, асыл сөздерді өскелең жас ұрпаққа мирас ету, дәстүр сабақтастығын ұғындыру.
Жүзден жүйрік
Жүзден жүйрік
Қызылорда қаласы, №172 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Әбусағатова Майра
Түбір мен қосымша
Түбір мен қосымша
қазақ тіліндегі қосымшалардың түбір сөзге жалғану заңдылықтары туралы ұғымдарын дамыту, жұрнақ пен жалғаудың атқаратын қызметін таныту;
Балғын ару (сайыс сабақ 4 сынып)
Балғын ару (сайыс сабақ 4 сынып)
"Балқаш қаласы №15 жбб орта мектебі"КММ Толеуова Манира Мухаметкалиевна
Балғын ару - 2013
Балғын ару - 2013
Балқаш қаласы, №15 жалпы білім беретін орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі Толеуова Манира Мухаметкалиевна
Ата мұрасы – балаға үлгі
Ата мұрасы – балаға үлгі
Қадірменді көпшілік. Бүгінгі «Ата мұрасы – балаға үлгі» атты сынып сағатымызға қош келіпсіздер! Ата - бабаларымыздан бізге жеткен көптеген ұлағатты ғибрат аларлық, тамаша тәлім – тәрбие берерлік өсиет сөздер өте көп.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×