Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Атадан қалған асыл сөз

04 қаңтар 2019, Жұма
Категориясы: Тәрбие сағаты
2 сынып
Тақырыбы: Атадан қалған асыл сөз
Мақсаты: Ата - бабамыздан асыл мұра болып қалған тілімізді, салт - дәстүрімізді, асыл сөздерді өскелең жас ұрпаққа мирас ету, дәстүр сабақтастығын ұғындыру.
1. Қазақ даласында өмір сүрген шешендердің асыл сөздерімен таныстыру,
2. Балалардың ойлау қабілетін дамыту, тіл байлығын, сөздік қорларын арттыру.
3. Жас ұрпақты сөз қадірін түсінуге, үлкеннің ақылын тыңдау парыз екенін ұғындыру.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, ой қозғау, мәнерлеп оқу.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, тірек сызба. Төле, Әйтеке, Қазбек билердің суреттері. «Ақылдың кені - данышпан», «Сөнбес жұлдыздар» атты слайдтар. Нақыл, ақыл, шешендік сөздер.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру: Оқушыларды түгендеу, назарларын сабаққа аудару.
2. Негізгі бөлім
Кіріспе:
Біздің абыз бабаларымыз бүгінгі ұрпаққа ұлан - байтақ даланы, құс ұшырса қанаты талатын қазыналы жерді ақыл - парасат, ойлы да арлы адамгершілік қасиеттері арқасында ғана мұра етіп қалдырған. Олардың өнегесін ұлағат тұтқан ұрпақтар да өмір көшінде бабалар арманын жалғастырып келеді. Болашағымызбен өткен жетістіктеріміздің алтын қазығы – қариялар.
Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы: «Атадан қалған асыл сөз» деп аталады. Ашық сабағымыз ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналады.

Сабағымызды бастамас бұрын экранға назар аударайық. Ненің суретін көріп тұрсыңдар?
- Сиқырлы кітап.
- Иә балалар, біз сиқырлы кітапты оқып, білімімізді толықтырып, тапқырлыққа, шешендікке үйренеміз. Сиқырлы кітап бірнеше бөлімнен тұрады екен. І бөлім «Аталы бала - ақылды» деп аталады екен. (Көрініс)

Жігіт:
- Ата! Қол бастау қиын ба?
Жол бастау қиын ба?
Сөз бастау қиын ба?
Қарт:
- Е, балам! Қол бастау қиын емес,
Көк найзалы ерің болса,
Жол бастау қиын емес,
Соңыңнан ерген елің болса,
Бәрінен де сөз бастау қиын.
Тауып айтсаң, мереке қылады.
Таппай айтсаң, келеке қылады.
Жігіт:
- Дұрыс айтасыз, дұрыс айтасыз.
Қарт:
- Е, балам! Таза мінсіз асыл сөз ой түбінде жатады.
Таза мінсіз асыл тас су түбінде жатады.
Су түбінде жатқан сөз жел толқытса шығады.
Ой түбінде жатқан сөз шер тарқатса шығады.
Жігіт:
- Рахмет, ата!
Қарт:
- Ақылды бол, балам!
Ұлағатты сөздер өте көп.

Әділ төре ел бастар,
Аға жігіт қол бастар.
Батыр жігіт жау бастар.
Шешен адам сөз бастар.
Құсты жисаң бүркіт жи,
Қыс тоныңды түлкі етер
Бір жақсымен дос болсаң,
Азбас - тозбас мүлік етер.
Бір жаманмен дос болсаң,
Бүкіл алаңға күлкі етер.
Балаларым, сөз кезегін түйіндейтін болсақ,
Ақыл адамды аздырмайтын ем,
Білім – таусылмайтын кен.
- Адамның басшысы – ақыл,
Жетекшісі талап
Шолғыншысы – ой
Жолдасы – кәсіп
Қорғаны – сабыр
Қорғаушысы – мінез болуы керек.
1 - оқушы:
- Атам менің әманда
«Әдепті жан бол» деген
Ата сөзі санамда,
Жасы үлкенге жол берем.
Алдын орап кісінің,
Кесіп өтпе көлденең
Ізетімен кішінің,
Сәлемдесіп қол берем.
2 - оқушы:
- Атам менің әманда
«Кішіпейіл» бол деген
Ата сөзі санамда,
Мақтанбауды жөн көрем
Атам менің әманда
«Әділетті бол деген»
Ата сөзі санамда,
Жүремін тура жолменен.
3 - оқушы:
- Атаң болса анаңмен –
- Алтыннан соққан қорғаның.
Санаң болса ақылды
Ешкімнен кем болмадың.
Інің болса, мақтаныш
- Семсер қылыш, білегің
Ақылды қыз, ақылды ұл -
Өкпе - бауыр жүрегің.
4 - оқушы:
- Ата - бабаң ардақты
Жамандыққа бармапты.
Ардақ тұтып үлкенді
Ата жолын жалғапты.
Көрініс:
Бала:
- Ата, табиғат жаратқан дене мүшелеріміз не үшін керек?
Қария:
- Екі көзіміз жақсыларды көру үшін,
Екі қолымыз елге көмек беру үшін.
Құлақ деген ақыл - кеңес тыңдау үшін,
Жүрек деген жауларыңнан қорықпау үшін.
Тіл мен жағың ақиқатты айту үшін,
Ал аяғың шетте жүрсең туған жерге қайту үшін керек.
Мұғалім:
- Келесі бөлімнің қалай аталатынын білу үшін жұмбақтар шешейік.
Айтары мол ғұлама,
Көп жасаған бұл адам
Әкесі ол әкеңнің,
Білер соны сұраған.
Ол кім?
(Атаң)
Аймалайды «күнім» деп
Мейірімді жүзі күлімдеп
«Тәтті - ақ» дейді немере,
«Бал - шырындай үнің» деп.
Ол кім?
(Әжең)
Атаңның баласы
Асқар тау қорғаның.
Анаңның серігі
Панаң ғой ол сенің.
Ол кім?
(Әкең)
Әлпештеп өзіңді өсірген
Нағашы әжеңнің баласы
Біреуге ибалы келін де
Бұл күнде жиеннің анасы.
Ол кім?
(Анаң)
- Отбасының қос шынары «Ата мен әже» және «Әке мен шеше екен»
Атадан қалған асыл сөз жүктеу
4 188
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Атадан қалған асыл сөз
Атадан қалған асыл сөз
Қазақ даласында өмір сүрген, от ауызды орақ тілді шешендер сөздерінің мәнін оқушыларға түсіндіру және асыл сөздермен таныстыра отырып, сөз қадірін түсінуге, үлкеннің ақылын тыңдау парыз екенін ұғындыру.
Ұлттық тәрбие – ұлағат көзі
Ұлттық тәрбие – ұлағат көзі
Оқушыларды ата - бабамыздың ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып кейінгі ұрпаққа жеткен мұрасымен таныстыру.
Атадан қалған асыл сөз
Атадан қалған асыл сөз
Оқушыларға ата - бабамыздан қалған асыл мұралардың бірі – шешендік сөздердің құдіретін таныту, Қазақ даласында өмір сүрген дуалы, от ауызды, орақ тілді шешендердің ұрпақтан ұрпаққа, атадан балаға мұра ретінде жеткен асыл сөздерінің мағынасын ашу.
Бөлімді қайталау. Тест.
Бөлімді қайталау. Тест.
халық ауыз әдебиеті үлгілерінің түрлерін біледі. атадан қалған сөздердің баға жетпес қазына екенін түсінеді
Атадан қалған асыл сөз
Атадан қалған асыл сөз
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Аққұм бекетінің негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебі Бастауыш сынып мұғалімі Үсенова Баян
Шешендік сөз - асыл ойдың өрнегі
Шешендік сөз - асыл ойдың өрнегі
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы №29 Т. Ізтілеуов атындағы қазақ орта мектебі Биология пәнінің мұғалімі Ақбота Ахметова
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×