Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Балғын ару - 2013

24 сәуір 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: «Балғын ару - 2013»
Сабақ түрі: сайыс сабақ.
Мақсаты:
1) Қазақ халқының ұлттық өнерін, салт – дәстүрін дәріптей отырып, біздің сыныптың қыздарының бойында қазақ қызына тән қандай қасиеттер барын анықтау;
2) Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту;
3) Көпшілік алдында өзін - өзі ұстай білуге, әдептілікке, мейірімділікке, сұлулыққа тәрбиелеу.

Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Кіріспе.

- Құрметті ұстаздар мен оқушылар, «Балғын ару - 2013» сайысын бастауға рұқсат етіңіздер!
- Бұл сайыстың мақсаты қазақ халқының ұлттық өнерін, салт – дәстүрін дәріптей отырып, біздің сыныптың қыздарының бойында қазақ қызына тән қандай қасиеттер барын анықтау
1 - жүргізуші:
«Асыл тастан, өнер жастан
шығады» деп дарынды
Халық айтса, халық сөзі
Әрқашанда нанымды.
Сол өнердің жолын қуған
Сынып сұлтандарының атынан,
Қабылдаңыз шын жүректен
Мерекелік құттықтауды.
- Назарларыңызға қазақ биін ұсынамыз.

2 - жүргізуші:
Ақын боп әділдікті жақтап өтем,
Ананың ақ үмітін ақтап өсем.
Әдеп пен инабатты сақтап өскен
Қазақтың аруларын мақтан етем.
Ақын мен әнші деген – ел еркесі,
Қазақтың тарқамасын берекесі.
8 - наурыз күні құтты болсын, -
Аналар мен арулар мерекесі! – деп ұлдардың құттықтау өлеңдерін тыңдайық.

1) Ұлжан сен қандайсың?
Арайлап атқан таңдайсың.
Әдемі, ашық, айдайсың
Ата – ана үмітін ақтайсың.

2) Гүлсаядай қыз табылмас,
Өзі әдемі, сыпайы
Қазақ қыздан аумайды
Сегіз қырлы бір сырлы.

3) Сыныптасым Аяжан
Сабақты жақсы оқиды.
Ылғи бестік алады,
Әдепті қыз болады.

4) Айтайын мен сіздерге, әдемі наз –
Оқиды менімен көктем мен жаз!
Ай менен Күн секілді егіз қыздар
Мереке құтты болсын Айназ, Елназ!

5) Сымбаттысын Аяулым,
Талаптанып оқисын.
Мақсат қойсаң алдыңа
Жетерсің талай мұратқа.

6) Томирис біздің өнерлі,
Шашы ұзын, келбетті.
Нәзік, тәтті сөзімен
Баурап алар бар жұртты.

7) Аңқылдаған ақ көңілмен,
Гүлдей жайнап жүреді.
Озайын деп нық сеніммен,
Махаббат көзге түседі.

8) Алма жүзді Дильназ
Күлімдеген жүзің мәз.
Саған сірә тең келер,
Жер жапанда қыз аз.

9) Аяулым, аяулысың, ардақтысың
Жүресін әрдайым сен салмақтысың.
Тілеймін саған тек жақсылық
Тілеймін зор денсаулық, мол байлық.

10) Ұстазын анасындай құрметтеген
Жаны мөлдір, ісі жоқ басқаменен.
Нұржамал ұстазының айнасы ғой
Сегіз қырлы, бір сырлы болсам деген.

11) Сыпайы оның мінезі,
Күліп жүрер ақырын
Қыз сынына кеп қапты
Біздің әсем Айтолқын!

1 - жүргізуші:
Армысыздар, құрметті ұстаздар мен аяулы арулар! Бүгінгі «Балғын ару - 2013» байқауына қош келдіңіздер! Көңіл сарайларыңыз ашылсын, күлкілеріңізден інжу – маржан шашылсын!
Мұғалім: Құрметті ұстаздар, бүлдіршін қыздар. Сіздерді көктемнің ең алғашқы мерекесімен - 8 - наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, еңбектеріңізге табыс тілейміз.

2 - жүргізуші:
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
«Балғын ару» сайысын
Рұқсат болса бастайық.
Мұғалім: Бүгінгі біздің сайысымызды тамашалап, бағалайтын әділқазылармен таныстырайық
3 954
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Көктем аруы - 2019
Көктем аруы - 2019
қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттылық, кішіпейілділік, сұлулық т. б жан - жақты ұлттық қасиеттерін таныта білу, қазақ халқының ұлттық өнерін, салт - дәстүрін дәріптеуге үйрету, оқушылардың
Ару қыз!
Ару қыз!
Балалардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту. Көпшілік алдында өзін — өзі ұстай білуге, әдептілікке, мейірімділікке, сұлулыққа тәрбиелеу. Ананы құрметтеуге, ардақтауға тәрбиелеу.
Бұрымды қыз
Бұрымды қыз
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Түймекент ауылы, Түймекент орта мектебінің технология пәні мұғалімі: Джумадилова Зура Адилхановна
"Қыз өссе - елдің көркі" ашық тәрбие сағаты
"Қыз өссе - елдің көркі" ашық тәрбие сағаты
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қарауылкелді орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Дусипова Бақыт Рысқұлқызы
Балғын ару (сайыс сабақ 4 сынып)
Балғын ару (сайыс сабақ 4 сынып)
"Балқаш қаласы №15 жбб орта мектебі"КММ Толеуова Манира Мухаметкалиевна
Жігіт сұлтаны - 2013
Жігіт сұлтаны - 2013
Жезқазған қаласы Дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік ерлер лицей-интернатында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бакирова Сандуғаш Шарафиденқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×