Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ежелгі Парсы патшалығы

21 қараша 2014, Жұма
Категориясы: Тарих
Дүние жүзі тарихы 6 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Ежелгі Парсы патшалығы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ежелгі Парсы патшалығының құрылуы, саяси тарихы туралы түсіндіру, діні мен мәдениетіне сипаттама беру
Дамытушылық: оқушылардың топ ішінде жұмыс жасау, қисынды ойлау қабілеттерін дамыту, оқулық, мәтін, кескін картамен жұмыс істеу білік - дағдыларын арттыру
Тәрбиелік: адамгершілікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: «Аралдарға саяхат» ойыны - «зияткерлік турнир», «тірі бейне», «қатені тап», «кейіпкерді анықта», «постермен жұмыс»
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, тапсырма парақтары, суреттер, А - 3 форматындағы қағаздар, түрлі түсті қарындаштар, стикерлер.
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, география

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру:
Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, сабақ мақсатымен таныстыру, оқушыларды жетон түстеріне қарай екі топқа бөлу. Әр топтың кемесінің атын тағайындау. «Геродот» кемесі мен «Клио» кемесі

2. Үй тапсырмасын тексеру.
«Аралдарға саяхат» ойынының ережесі түсіндіріледі. Әр топқа бір кеме тиесілі. Олар тапсырмаларды дұрыс және жылдам орындауы арқылы жеті аралға саяхат жасау қажет. Дұрыс жауап берген кеме келесі аралға жылжу мүмкіндігіне ие болады. Қазынаға бірінші жеткен кеме жолаушылары жеңіске жетеді.

«Бой сергіту» аралы – мұғалім мемлекеттердің аттарын айтады, ойыншылар олардың астаналарының есімдерін атап шығу қажет. Қай топ көп жауап қатса, сол топ келесі аралға жылжиды.
 Египет - Мемфис
 Урарту - Тушпа
 Ассирия - Ниневия
 Хетт патшалығы - Хаттуса
 Вавилон - Вавилон
 Израил - Иудейлік мемлекет - Иерусалим

«Тірі бейне» аралы - оқушыларға Ваал құдайының бейнесі көрсетіледі. Олар «Ваал және Алийян» дастаны бойынша Ваал құдайы туралы білімдерін ортаға салады. «Ваал - көктем құдайы, Алийян - көктем құдайының ұлы. Ваал өлім құдайы Мотты жеңеді, бірақ өзі де өліп, баласымен бірге о дүниеге аттанады, жер астына түседі. Ваалдың әйелі құнарлылық құдайы Анат өлім құдайы Мотпен күресіп, ақыры Ваал өлім құдайы Мотты жеңіп, қайта тіріледі.»

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Картамен жұмыс: мұғалім оқушыларға Ежелгі Парсы патшалығының Кир патшаның тұсында құрылуы туралы түсіндіріп, географиялық орналасуын көрсетеді.
«Парсы патшалығы» аралы - топтар кескін картаға Парсы патшалығының пайда болған кезіндегі аумағы мен б. з. б. V ғасырдың бас кезіндегі аумағын түсіреді.
«Қатені тап» аралы - ойыншыларға Парсы патшалығының аумағын кеңейтуі туралы мәтін беріледі. Мәтінмен мұқият танысқаннан кейін, ол парақ алынып, қателіктер жіберілген мәтін беріледі. Оқушылар қатені тауып, мәтінді түзету қажет.

Негізгі мәтін:
Мидия мемлекеті Вавилонмен одақтасып, әлсіреген Ассирия мемлекетін жаулап алады. Кіші Азиядағы парсыларды да бағындырады. Бірақ Мидия мен Вавилонның достық қатынасы ұзаққа бармай, қанды соғысқа ұласады. Мидияның патшасы Астиаг пен Вавилон билеушісі Набонид күресіп жатқан кезде, парсы патшасы Кир Мидияны оңай жаулап алады. Айлаға басқан Кир патша Вавилондағы патша билігіне қарсы саудагерлер мен абыздардың наразылығын пайдаланып, елде тыныштық орнатамын деген уәдемен Вавилон мемлекетін де жаулап алады. Б. з. б. 529 жылы Кир патша Орта Азиядағы сақ тайпалары патшасы Томириске соғыс ашады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
10 726
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ерте темір дәуіріндегі тайпалық бірлестіктер мен ежелгі мемлекеттер (Қайталау)
Ерте темір дәуіріндегі тайпалық бірлестіктер мен ежелгі мемлекеттер (Қайталау)
Қазақстан жерін мекендеген ежелгі тайпалардың тарихы, тұрмыс - тіршілігі, мәдениеті жайында алған білімдерін тереңдету.
Дүние жүзі тарихы пәнінен ҰБТ сұрақтары, жауаптарымен
Дүние жүзі тарихы пәнінен ҰБТ сұрақтары, жауаптарымен
Дүние жүзі тарихы пәнінен ҰБТ сұрақтары, жауаптарымен.
Ежелгі Үндістан
Ежелгі Үндістан
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Ақтасты селосы Абай атындағы орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Султанова Асем Атабаевна
Ежелгі Үндістан
Ежелгі Үндістан
Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы, Ғалым Малдыбаев атындағы Жаңажол орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Сералина Жұлдыз Ерболатқызы
Материк жағалауындағы мұхиттар. Ашылуы және зерттелу тарихы
Материк жағалауындағы мұхиттар. Ашылуы және зерттелу тарихы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектептің география пәні мұғалімі Ысқақ Есенкелді
Сақтардың мәдениеті мен өнері
Сақтардың мәдениеті мен өнері
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, С.Сейфуллин атындағы №165 мектептің тарих пәнінің мұғалімі Жәдиева Ләззат Шынтасқызы Сабақтың тақырыбы: Сақтардың мәдениеті мен өнері. Сабақтың мақсаты: а) білімділік: Әр түрлі елдер мен халықтардың
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×