Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ерте темір дәуіріндегі тайпалық бірлестіктер мен ежелгі мемлекеттер (Қайталау)

01 қазан 2018, Дүйсенбі
Категориясы: Тарих
Қазақстан тарихы 10 сынып
Сабақтың тақырыбы: Ерте темір дәуіріндегі тайпалық бірлестіктер мен ежелгі мемлекеттер (Қайталау)
Сабақтың ұраны: Рухы биік халықтың, іргесі берік
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақстан жерін мекендеген ежелгі тайпалардың тарихы, тұрмыс - тіршілігі, мәдениеті жайында алған білімдерін тереңдету.
Дамытушылық: Тарихи мәліметтермен, хронологиялық даталармен, картамен жұмыс істеу барысында жан - жақты іздену, талдау, сипаттау қабілеттерін дамыту, шығармашылық деңгейін арттыру.
Тәрбиелік: Оқушының бойына ұлтжандылық сезімін ұялатып, елін, жерін сүйетін ұлттық рухы жоғары мәдениетті азамат тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Оқушылардың презентациялық слайд фильмдері, карта, интербелсенді тақта. таратпа матеиралдар. АҚТ құралдары (Онлайн интернет байланыс, PDF презентациялық көрсетілім, бейне материал)
Түрі: Қайталау сабағы
Әдісі: Топтық жұмыс, ізденіс жұмысы, тест, кесте толтыру, картамен жұмыс, деректерді интерпретациялау; алгоритмдік талдау, семантикалық карта, оқулықпен жұмыс, аналитикалық талдау түрлері, сұрақ - жауап.

Сабақ кезеңдері:
I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Білім өзектілігі (Актуализация знаний)
III. Сабақты түсіну және қабылдау
IV. Алған білімді қорыту және жүйелендіру
V. Үй тапсырмасын беру
VI. Бағалау

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезең
- Сынып бөлмесін әзірлеу
- Оқушыларды топқа бөліп отырғызу
1 топ: Сақтар
2 топ: Үйсіндер
3 топ: Қаңлылар
4 топ: Ғұндар

Қоңырау соғылады
а) Оқушылармен амандасу
б) Оқушылардың сабаққа қатысын, дайындығын тексеру
в) Оқушылар назарын сабаққа аудару
г) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
2. Үй тапсырмасын тексеру
1. Алгоритмдік талдау
- сынып оқушылары шағын топтарға бөлініп үй тапсырмасы «Темір дәуіріндегі тайпалық бірлестіктер мен алғашқы мемлекеттер» тақырыбындағы презентациялық шығармашылық жұмыстарын қорғайды. Шығармашылық жұмыс белгіленген алгоритм бойынша құрылу қажет.
Алгоритмдік талдау:
А) Тарихи сипаттама
- хронологиясы, орналасқан жері; деректердегі атауы; астанасы
В) Саяси тарихы
- ішкі сыртқы саясаты; тайпалар арасындағы алғашқы соғыстар:
С) Қоғамдық құрылымы
Д) Шаруашылығы
 1 топ - САҚТАР
 2 топ - ҮЙСІНДЕР
 3 топ - ҚАҢЛЫЛАР
 4 топ - ҒҰНДАР

3. Білім өзектілігі (Актуализация знаний)
1. Жазбаша деректерді интерпретациялау
Әр топқа тарапта материалдар таратылады. Таратпа материалда ежелгі тайпалар туралы жазбаша дереккөздер берілген. Әр топ өз тақырыбына сай деректерді тауып тарихи контекст шеңберіне салу арқылы жауап береді. (Бұл тарсыпма оқушылардың алған білімдерін қолданып, деректерді талдауға үйретеді)
Тапсырма: Деректі тарихи контекст шеңберіне сал.
А) берілген деректің авторын анықта, қысқаша сипаттама бер
В) Тарихи деректе көрсетілген оқиғалардың себеп - салдарының байналысын анықта.
С) Деректегі тарихи оқиғаның контексін талда.
Мұғалімі: Исина Мадина Сатбековна
Ерте темір дәуіріндегі тайпалық бірлестіктер мен ежелгі мемлекеттер (Қайталау). жүктеу
2 647
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ерте темір дәуіріндегі Орталық Қазақстан
Ерте темір дәуіріндегі Орталық Қазақстан
Ерте темір дәуіріндегі Орталық Қазақстан Конспект Геродоттың жазбаларында Орталық Қазақстанды аргиппейлер мен исседондар мекендегені айтылған. Қазіргі ғалымдардың анықтауынша, Сарыарқаның солтүстік батысында аргиппейлер, орталығында исседондар,
Сақтардың мекендеген жері. Сақ қоғамы
Сақтардың мекендеген жері. Сақ қоғамы
Сақтардың мекендеген жері. Сақ қоғамы Конспект Cақ тайпалары 3 топқа бөлінеді: тиграхауда (шошақ бөріктілер), парадарайа (теңіздің арғы жағындағылар), хаумаварга (хаома сусынын дайындайтындар). Парадарайа (теңіздің арғы жағындағылар) тайпалары Арал
Қазақстан тарихы, адам және қоғам пәндерінен тақырыптық – күнтізбелік жоспар
Қазақстан тарихы, адам және қоғам пәндерінен тақырыптық – күнтізбелік жоспар
Қазақстан тарихы, адам және қоғам пәндерінен тақырыптық – күнтізбелік жоспар. Сыныптар: 8, 9, 10, 11
Қазақстан тарихынан күнделікті сабақ жоспары
Қазақстан тарихынан күнделікті сабақ жоспары
Қазақстан жерін мекен еткен тайпалар. Көшпелі шаруашылықтың дамуы. Ерте темір дәуірінде өмір кешкен аймақтар (Орталық, Шығыс, Оңтүстік, Солтүстік).
Сақтардың тарихы, мекендеген жері, қоғамдық құрылысы
Сақтардың тарихы, мекендеген жері, қоғамдық құрылысы
Қазақ халқының ата - тегі болған тайпалар мен ұлыстар туралы айта отырып, Орта Азияны мекендеген сақ тайпаларының шығу тегі және олардың шығу тегі және олардың мекендеген жерлері туралы толық түсінік беру.
Ұлы дала тарихы
Ұлы дала тарихы
Ұлы дала тарихы факультатив сағаттарында Ежелгі Қазақстан тарихы сабақтарында қамтып өту мүмкін болмайтын тұстарын оқушыларға тереңірек ұғындыра түсу үшін сабақты түрлендіріп, әр түрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланып, өзімнің жинақтаған тәжірибемді сарып
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×