Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қолданбалы өнер және оның салалары

09 қаңтар 2015, Жұма
Категориясы: Тарих
Сабақтың тақырыбы: Қолданбалы өнер және оның салалары
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қолданбалы өнер және оның салалары туралы мағлұмат беру.
Өз елімнің тарихын терең білумен қатар, білімпаз, саналы, адамгершілік қасиеті мол ұрпақ оқыту;
Оқушылардың тарихи оқиғаларға өз бетінше баға беріп, ізденуіне жол ашу, жеке шығармашылық қабілетін шыңдау;
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, пікір – алысу, ауызша баяндау, топтастыру, топпен жұмыс.
Сабақтың түрі: Ізденіс сабағы.
Сабақтың көрнекілігі: «Өнер» туралы слайдтар, Қазақтың сәндік – қолданбалы өнер жәдігерлері, А - 2008.
Қазақстанның мешіттері мен медресселері. А - 2009
Қазақтың қолөнері – А - 2005
Нұрын шашқан Оңтүстік -
Қазақтың өнері – А - 1990
Қазақ өнерінің тарихы – А - 2007
Пән аралық байланыс: Экология, өлкетану, археология, әдебиет, география.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау,
2. 1 «Білім шыңына»
Сыныпты екі топқа бөлеміз. Сұрақ арқылы екі топ жарысады.
І - топ
1. Археология....
2. Этнография....
3. Тұрмыс деген не?
4. Этнос деген не?
5. Заттық мәдениет?
6. Киіз үй бөліктері?
7. Қазақтың ұлттық тағамдары?
8. Ұлттық тағамдардың жасалуы мен әзірленуі?
9. Қазақтың қару - жарақтары неден жасалған?
10. Үйде қолданылатын негізгі заттар?

ІІ - топ
1. Демография....
2. Антропология...
3. Мәдениет деген не?
4. Мәдениет түрлері?
5. Тіл деген не?
6. Рухани мәдениет?
7. Қазақ зергерлері қандай бұйымдар жасаған?
8. Қазақтың ұлттық киімдері?
9. Әшекей заттар жасауда зергерлер ұсталықтың қай түрін қолданды?
10. Бес қаруды атаңыз?

2. 2 «Тұлғаны тани біл» сипаттама беру.
1. Ш. Уалиханов
2. Ө. Жәнібеков
3. Ә. Марғұлан
4. Әл - Фараби
2. 3 «Шыңға шығу» (Үй тапсырмасын қорытындылау)

1. Жoзы – ас ішуге арналған қазақы үстел.
2. Зергер - әшекей бұйымдар соғуға кәсіптенген шебер.
3. Кебеже - әртүрлі бұйымдар сақтауға арналған ағаш сандық.
4. Келт, келсап – дәнді дақылдарды қабығымен аршу үшін түюге арналған ағаш бұйым.
5. Кемер белдік – ер адамдардың әшекейлі белдігі.
6. Кесеқап – көшкенде кесе - аяқ салып қоятын бұйым.
7. Киіз үйдің сүйегі – шаңырақ, уық, кереге және сықырлауық есіктен тұрады.
8. Көнек – бие саууға арналған тері шелек.
9. Қалқан – кеудені найза ұшынан сақтайтын қорғаныш құрал.
10. Қауға – құдықтан су алуға арналған тері шелек.
11. Қоржын – жол жүргенде, көшкенде бұйым салатын, тоқыма қапшық.
12. Қымыздық – қымыз құятын ағаш ыдыс.
13. Мес – жүні түгел сыдырылған лақ терісінен жасалған сусын құятын ыдыс.
14. Піспек – қымыз пісіруге арналған ағаш бұйым.
15. Саба – қымыз дайындауға арналған тері ыдыс.

ІІІ. Жаңа сабақ.
Өнер – керемет құдіретті күш!
«Өнер дегеніміз көркем образ арқылы ойлау»- деген В. Г. Белинский. Өнер бізді әсемдік әлемнің заңдарын түсінуге жетелейді, адамға рухани күш береді, ерекше қуаныш, сүйініш, толқу сезімін оятады, өмірге деген құштарлықты арттырады, бұл ретте өнердің тәрбиелік және қоғамдық мәні айрықша.
Өнер тарихы әріден, көне заманнан, адамзат қоғамының алғашқы қауымдық құрылыс дәуірінен басталады.
Қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық мәдениетінің, материалдық қазынасының қомақты бөлігі – ұлттық қолөнері.

ІV. Бекіту кезеңі. «Мұздақ» (Сұраққа жауап )
1. Қолданбалы өнер дегеніміз не?
2. Өнердің ерекшелігі неде?
3. Қазақ халқы қолөнерінің қандай түрімен айналысты?
4. Қазақ жеріндегі қандай сәулет ескерткіштерін білесіңдер?
5. Қол өнер салалары?
6. Қол өнер сатысы?
7. Өлкеміздегі ескерткіштер?

V. Қорытынды.
Өнер мемлекеттен, жеке меншіктен бұрын пайда болды. Адамзат қоғамы жиі ғылым дегенді, металл өңдеуді, мал шаруашылығын кәсіп етуді білмейді, ал өнер деген керемет дүниені өмір керегіне жаратып, тұрмыс қажеттілігіне айналдырған.
Содан бері ғасырлар бойы өнер адамзатпен бірге жасасып келеді. Өнер - қуаныш көзі, өнер – адамның ақылшысы, рухани азығы.
Осы өнер туындыларының бірі – ойландырады, енді бірі – реніш, өкініш туғызады.
Абай тілімен айтқанда. Көңілге түрлі ой салады.

VI. Үйге тапсырма.
Қолданбалы өнер және оның салалары (реферат жазу)
VII. Бағалау
7 651
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дамыған орта ғасырлардағы сәулет өнері мен құрылыстың дамуы
Дамыған орта ғасырлардағы сәулет өнері мен құрылыстың дамуы
Орта ғасырлық сәулет өнерінің даму бағыттары мен түрлері, мәдениет үлгілерімен танысу.
Өрнек түрі
Өрнек түрі
Ұлттық сәндік қолданбалы өнер, ою - өрнектердің түрлері мен қолданылуы және бейнеленуіндегі композициялық заңдылықтар туралы мағлұмат беру.
Қазақстандағы бейнелеу өнері. Бейнелеу өнерінің көшбасшылары
Қазақстандағы бейнелеу өнері. Бейнелеу өнерінің көшбасшылары
Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылындағы өнер мектебі Сәндік қолданбалы өнер сыныбының оқытушысы Түзелбаева Арай
Сәндік қолданбалы өнер
Сәндік қолданбалы өнер
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, "Бейнеу ауданы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі" ММ - нің бейнелеу өнері мен сызу пәні мұғалімі Қанжан Айжан
Сәулет өнері 4 - сынып
Сәулет өнері 4 - сынып
Батыс Қазақстан облысы, Бөкей Ордасы ауданы, Бөрлі ауылы, М. Бегалиева атындағы жалпы білім беретін орта мектебі Байболова Сағадат Саржанқызы
Қолданбалы қолөнер
Қолданбалы қолөнер
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласындағы «№3 орта мектебі» КММ бейнелеу өнері және сызу пәнінің мұғалімі: Қасымова Айгуль Идрисовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×