Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қолданбалы қолөнер

22 сәуір 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Сурет және сызу
Қолданбалы қолөнер
Мақсаты: Балаларды қолөнердің әр алуан түрлерімен таныстыру. Жас жеткіншектер ұлттық өнер оның ішінде ою - өрнек ерекшеліктерін сезіне білу қабілетінің қалыптасуына ықпал жасау.
Тәрбие сағатының жоспары: І - Бөлім «Өнерлі өрге жүзелі».
Кіріспе. Қолөнердің шығу тарихы
ІІ - Бөлім «Қолөнердің қыр - сырлары»
Сұрақ - жауап сайысы.
ІІІ - Бөлім «Сегіз қырлы бір сырлы»
Топпен жұмыс.
ІV - Бөлім «Өнер алды қызыл тіл»
Мақал - мәтелдер сайысы.
V - Бөлім Өнер галереясы.
Оқушылар шығармаларын талдау.

Кіріспе. Қазақтың сәндік қолданбалы өнері көркем өнеркәсіптің дамуына, маман суретшілер мен халық шеберлерінің қызметіне зор ықпал етті және көршілес жатқан халықтар мәдениетінің озық үлгілерін бойына сіңіріп, үнемі жаңарып отырады.
Қолданбалы өнер деп эстетикалық сапаларға ие өзінің әдемілігімен адам көзін қуантатын практикалық пайдалы заттар жасауды айтады.
Қазіргі заманғы суретшілер халық дәстүрлерін ой елегінен қайта өткізіп, шығармашылықпен қайта өңдей отырып, оларды жаңа материалдарға пластик резеңкемен жұмысқа бейімдейді. Сәндік қолданбалы өнердің түрлері: керамика, әйнек(ыдыстар, құмыра, құрылыс деталдары, мозайкалар) көркем оймыш(ағаш, тас, сүйек, пластмасса), металдан жасалған көркемдік бұйымдар(зергерлік бұйымдар, үстел үсті мүсіндері, жарық беретін құралдар, т. б) жиһаздар, текстиль(мата, кілем, т. б)
Оқушыларды үш топқа бөлу: «Зергерлер», «Шеберлер», «Суретшілер»

ІІ - Бөлім..
Әрбір сайыста дұрыс жауапқа бір оюдан(ұпай) беріледі, сайыс соңында ұпай саналады.
«Қолөнердің қыр - сырлары» Сұрақ - жауап сайысы.
1. Қолөнері дегеніміз не?
2. Зергер дегеніміз кім?
3. Ісмер дегеніміз кім?
4. Ою - өрнектер ерекшеліктеріне қарай неше топқа бөлінеді?
5. Ою - өрнек түрлерін ата?
6. «Қошқар мүйіз» өрнектің қай түріне жатады?

ІІІ - Бөлім.
«Сегіз қырлы бір сырлы» Топпен жұмыс.
«Зергерлер» тобына тапсырма:
1. Берілген оюларды қандай фигураларға орналастыруға болады?
2. Мына оюлар қалай аталады?(дайын оюларды көрсету)
3. Сандықтың бетін өрнектеңдер.

«Шеберлер» тобына тапсырма:
1. Пано жасаңдар.
2. Паноға ат қойыңдар.
3. Пано туралы әңгіме құраңдар.

«Суретшілер» тобына тапсырма: 1. Ою - өрнектің ішін бояңдар.
2. Тұмарша оюын қиып жасаңдар.
3. Ұлттық натюрморт салыңдар.

ІV - Бөлім.
«Өнер алды қызыл тіл» Мақал - мәтелдер сайысы.
Қай топ көп мақал біледі?
1. Жігіт бір сырлы,
Сегіз қырлы болсын.
2. Өнер таусылмас азық, жұтамас байлық.
3. Ұсталы ел озар,
Ұстасыз ел тозар.
4. Өнер ердің қанаты.
5. Өнерлі бала сүйкімді.
6. Шебердің қолы көпке ортақ.
7. Өнерлінің қолы алтын,
Өлеңшінің сөзі алтын.

V - Бөлім.
«Өнер галереясы» Оқушылар шығармаларын талдау.
Әр топтан бір баладан шығып, өзінің үйде дайындап әкелген суреті жайлы сөйлейді.
Сайыс соңында ұпайға берілген оюларын санап, жеңген топ марапатталады.
17 088
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дамыған орта ғасырлардағы сәулет өнері мен құрылыстың дамуы
Дамыған орта ғасырлардағы сәулет өнері мен құрылыстың дамуы
Орта ғасырлық сәулет өнерінің даму бағыттары мен түрлері, мәдениет үлгілерімен танысу.
Өрнек түрі
Өрнек түрі
Ұлттық сәндік қолданбалы өнер, ою - өрнектердің түрлері мен қолданылуы және бейнеленуіндегі композициялық заңдылықтар туралы мағлұмат беру.
Ойма – нақышты бұйымдардың түрлері
Ойма – нақышты бұйымдардың түрлері
Астана қалалық гуманитарлық колледжінің «Технология» мамандығы бойынша Арнайы пәндер оқытушысы Толбай Мөлдір Төлеубайқызы
Сәндік қолданбалы өнер
Сәндік қолданбалы өнер
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, "Бейнеу ауданы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі" ММ - нің бейнелеу өнері мен сызу пәні мұғалімі Қанжан Айжан
Сәндік қолданбалық өнер
Сәндік қолданбалық өнер
Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Б. Момышұлы ауылы Г. Орджоникидзе атындағы №1 мектеп – гимназия Технология пәнінің мұғалімі: Кадирбаева Мереке Ашимхановна
Сәндік қолданбалы өнер
Сәндік қолданбалы өнер
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Ысқақ Шамсия
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×