Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


9 - 12 ғасырлардағы қолөнер, сауда және шаруашылықтың дамуы

10 мам 2018, Бейсенбі
Категориясы: Тарих
9 - 12 ғасырлардағы қолөнер, сауда және шаруашылықтың дамуы
Конспект
Ортағасырлық қалалардың көбеюі тұтыну бұйымдарын көп өндіруді талап етті. Сондықтан қалаларда шеберханалар көбейе бастады. Қыш құмыра жасайтын шеберханалар Отырар, Құйрықтөбе, Талғар, Тараздан табылды. Құмыралардың іші - сырты жылтырап тұратын түрлі - түсті әйнек тәрізді сырмен сырланған. Бұл ыдыстардың сырлары жер астында қанша уақыт жатса да, өшпей, химиялық өзгеріске ұшырамай сол алғашқы түсін сақтап қалған. Қыш құмырашылардың қолы жеткен жетістіктерінің бірі – шыны бұйымдар жасау. 10 ғасырға жататын шыны ыдыстар Отырар, Тараз, Йасы қалаларынан табылған.
Зергерлік кәсіп ұсталықтағы шеберліктің жетістігі деп есептеледі. Отырар, Тараз, Талғардан күміс білезік, алтын сырға, сақина, алқалар табылған. Орта ғасыр қолөнерінде дамыған кәсіптің бірі – сүйек ұқсату. Cүйектен жасалған бұйымдардың ішінде көбірек кездесетіні – мүйізден жасалған әшекейлер.
Испиджаб, Отырар, Фараб қалаларында ақша шығаратын сарайлар болған. Алайда 10 - 12 ғасырларда айырбас саудасы басым болған. 10 - 12 ғасырлардағы сауда қалалық отырықшылық мәдениеттің дамығандығын білдіретін басты көрсеткіш болды. Ол қалалар арасындағы сауда байланысымен бірге, далалық аймақтар тұрғындарының саудаға араласуын, қала мен даланың байланысын да күшейтті. Егіншіліктің дамуы қала санының және тұрғындарының өсуіне байланысты болды. Қала маңындағы егін егуге қажетті жерлер кең түрде игеріле бастады.
Конспект сұрақтар
1. Шу аңғарындағы өңделетін жер көлемі:
2. Қалалық отырықшылық мәдениеттің дамығандығын білдіретін басты көрсеткіш:
3. Таразда ешкі түбіттерімен айырбас сауда болғандығын жазды:
4. Хорезм шахы Мұхаммед Текеш теңге соқтырған жыл:
5. Сүйек түйреуіштер, шахмат тастары табылды:
6. Ұсталықтағы шеберліктің жетістігі:
7. Шыны ыдыстарды жасау тәсілі:
8. Қыш құмырашылардың жетістіктері:
9. Жетісудан табылған құмыралардың түр - пішіні:
10. Сыры өшпеген қыш құмыралар табылған қала:
Тақырыптың тесті

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
15 804
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
X - XIII ғасырдың басындағы Қазақстан мәдениеті
X - XIII ғасырдың басындағы Қазақстан мәдениеті
Қазақстан территориясындағы қалалардың пайда болуы мен дамуы, қолөнердің өркендеуін, сауда қатынастарын, сәулет өнері мен құрылыстың дамуын, дін және ғылым - білімнің дамуын қорытындылау.
14 - 15 ғасырлардағы Қазақстанның экономикалық жағдайы
14 - 15 ғасырлардағы Қазақстанның экономикалық жағдайы
14 - 15 ғасырлардағы Қазақстанның экономикалық жағдайы Конспект Монғол шапқыншылығынан кейін мал шаруашылығы мен отырықшылық қалалық өмір ХІІI ғасырдың соңында қайта жандана бастады. Шаруашылықтың 3 түрі болды. Отырықшы жер шаруашылығы Оңтүстік
9 ғасырдың екінші жартысы – 13 ғасырдың басындағы Қазақстан мәдениеті. Қалалық мәдениеттің дамуы
9 ғасырдың екінші жартысы – 13 ғасырдың басындағы Қазақстан мәдениеті. Қалалық мәдениеттің дамуы
4 ТАРАУ. 9 ғасырдың екінші жартысы – 13 ғасырдың басындағы Қазақстан мәдениеті. Қалалық мәдениеттің дамуы Конспект Ерте орта ғасырға (6 - 9 ғ.) қарағанда дамыған орта ғасырда (10 - 12 ғ.) отырықшылық мәдениет өркендеп, қалалар саны көбейген.
Сәулет өнері мен құрылыстың дамуы
Сәулет өнері мен құрылыстың дамуы
Сәулет өнеріндегі болған өзгерістердің артықшылығын, себептерін, маңызын ашып көрсететін тапсырмаларды орындауға оқушылардың өздерін қатыстыра отырып, ойлау қызметін одан әрі дамытуға көмектесу, өз беттерімен тарихи деректер іздеуге дағдыландыру.
Х - ХІІІ ғасырлардың басындағы Қазақстан мәдениеті
Х - ХІІІ ғасырлардың басындағы Қазақстан мәдениеті
Сабақтың тақырыбы: Х - ХІІІ ғасырлардың басындағы Қазақстан мәдениеті
ІX - XII ғасырлардағы қолөнер, сауда және шаруашылықтың дамуы
ІX - XII ғасырлардағы қолөнер, сауда және шаруашылықтың дамуы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы №170 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Телеуова Сара
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×