Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


X - XIII ғасырдың басындағы Қазақстан мәдениеті

07 маусым 2019, Жұма
Категориясы: Тарих
Қазақстан тарихы 7 сынып
Сабақтың тақырыбы: X - XIII ғасырдың басындағы Қазақстан мәдениеті.
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Қазақстан территориясындағы қалалардың пайда болуы мен дамуы, қолөнердің өркендеуін, сауда қатынастарын, сәулет өнері мен құрылыстың дамуын, дін және ғылым - білімнің дамуын қорытындылау.
ә) дамытушылық: Логикалық ойлауды, дүниетанымын, тарихқа деген қызығушылығын, ойды жүйелеу қабілеттерін дамыту, роль орындау арқылы белгілі мақсатқа жеткізу, ғылыми еңбектерді, көркем шығармаларды түсініп оқуға, ізденіске дағдыландыру.
б) тәрбиелік: Эстетикалық, адамгершілік, рухани тәрбие беру.
Сабақтың түрі: Қайталау, қорытындылау сабағы
Сабақтың әдісі: Тақырып қорғау, Тест, Постер қорғау.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер
Сабақты бағалау: критериалды өзара және өзін - өзі бағалау

Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі
Тренинг «сыңарын тап» арқылы ортаға шығару қолөнер, сәулет топтарға бөлу.
Бағалау парағын тарату.

II Негізгі бөлім
Жоспар:
1. I топқа Қалалық мәдениет, Қолөнер дамуы
II топқа Қалалық мәдениет, Сәулет өнері.
Әр топ өз ішінде ақылдасады, қағазға негізгісін белгілеп алады. Содан соң орындарынан тұрып қарсы топқа қарап тақырыпты қорғайды, қалғандары толықтырады. Қарсы топ айтпағандарын толықтырады.
2. Тест орындау.
3. Тақырып бойынша Постер қорғау.(Сәулет өнері, Ғылым мен білімнің дамуы, дін және мәдениет, қолөнер мен сауданың дамуы) Осы тақырыптар бойынша қорғау.

1. Қалалық мәдениет дамуы археологиялық зерттеулерде ерте орта ғасырға 6 - 9 ғ. қарағанда орта ғасырдың дамыған кезінде (10 - 12ғ.) отырықшылық мәдениет өркендеп қалалар саны көбейген. Оңтүстік Қазақстанда 30 қаланың орны белгілі болса, ал кейінгі кездері олардың саны 37 қалаға жеткен. Жазба деректерде алғашқы кезеңде 6 - ты қала ғана аталса, соңғы кезде 33 - ке жетті. Оңтүстік Қазақстанда қалалардың топтаса орналасқан жерлері Арыс өзенінің Сырдарияға қосылатын сағалары. Қалалық отырықшылық мәдениеттің тағы бір қанат жайған жері - Жетісу аймағы. Әсіресе Оңтүстік - Батыс Жетісудің орталығы Таразда да қала мәдениеті өркендеген. Бұл аймақтан 36 қала жұрты табылды. Солтүстік - Шығыс Жетісудан 70 қала жұрты табылды.
Қалалар көлемі экон. жағынан үш топқа бөлінеді.
1. 10 - 12ғ ірі қалалар( 30га асатын қала жұрттары): Испиджаб, Отырар, Сауран, Тараз, Баласағұн.
2. 10га дейінгі қалалар: Алмалық, Лавар, Қапал, Ақтам, Арасан т. б.
3. 10 - 30га дейінгі қалалар: Бурух, Хурлуг т. б.

1. Қолөнердің дамуы.
Қала тұрғындарының көбеюі тұтыну бұйымдарының көп өндіруді талап етеді. Сондықтан да қалаларда түрлі бұйымдар өндіретін шеберлер, шеберханалар көбейе бастады. Орта ғасырларда қыш құмыра, шыны, металл бұйымдарын жасайтын ұсташылық, зергерлік, тас өндеу кәсібімен айналысатын шеберлер қалыптасады. Құмырашы - көзешілер аяқпен айналдыратын ұршықтармен саз балшықтан әр түрлі формада құмыра немесе қыш ыдыстар жасаған. 10 - 12 ғғ. Қыш құмырашылардың қол жеткен жетістіктерінің бірі: шыны бұйымдар жасау. 10 - 11 ғғ әйнек жасау кәсібі дамыған қалалар: Отырар, Тараз. 10 ғасырда табылған шыны ыдыстар Отырар, Тараз, Түркістан қалаларына жатады. Орта ғасырда ұсталықтағы шеберліктің жетістігі: зергерлік кәсіп. Орта ғасыр қолөнерінде дамыған кәсіптерінің бірі – сүйек ұқсату. Сүйектен жасалған бұйымдардың ішінде көбірек кездесетіндері мүйізден жасалған әшекейлер. Сүйектен жасалған түйреуіштер, шахмат тастары табылған қала - Талғар. Қытайдың фарфордан жасалған ыдыстары табылған ежелгі қала - Талғар. Отырарда соғылған мыстан жасалып ұсақ тиындар қызметін атқарған ақша - фельстер.

2. Сәулет өнерінің дамуы.
Сәулет өнері орта ғасырда дамыған кезінде өркендей бастады. Ол көбінесе металдан жасалған ыдысты өрнектеу ісінде және ғимараттарды сәндеп жасаудан көрінеді. Үйлерді безендіру құрлыс материялдары мен оның архитектуралық жүйесіне тікелей байланысты. 10 - 12 ғасырларда сәулетті ірі құрылыстар салына бастады. Мұндай құрылыс жүйелерінің салынуына Қазақстанда Ислам дінінің нығая бастауы себеп болды. Бұл кездегі ғимараттарға мешіттерді, кесенелерді, мазарларды, моншаларды жатқызуға болады. Мешіт - мұсылман дінінің әдет - ғұрып, салт - дәстүрлері орындалатын қасиетті ғимарат. Мешіт, мұнара салдыру билік басындағылардың ислам дініне адалдығының нышанын білдірген. Кесенелер: өзінің алғаш құрылыс жүйесін сақтаған ескерткіштер - Бабаджа - қатын мен Айша бибі кесенелері. Олар Жамбыл қаласының Батыс жағында 18км жерде орналасқан. Бұл кесенелердің ел аузында сақталған аңыз бойынша шамамен 11 - 12 ғасырлар аралығында салынған. Арыстан баб діни аңыздар бойынша Қожа Ахмет Йасауидің ұстазы болған. Бұл кесене Отырар қаласында салынған. Тағы да басқа кесенелер орта ғасырлық қалаларда салынған.
Отырар қаласында жүргізілген зерттеу жұмыстары кезінде 11 - 12 ғасырларда Шығыс моншалары салынған.
3. Ғылым мен білімнің дамуы
10 ғасырдан бастап Оңтүстік Қазақстанда Ислам діні кең түрде дами бастады. Сайрам, Отырар, Түркістан т. б қалалар да діни медреселер салынып, ғылым - білімге кен жол ашылды.
Әбу - Насыр әл - Фараби(870 - 950) Арестотельден кейінгі екінші ұстаз атанған данышпан, ұлы ойшыл, энциклопедист ғалым. Отырар қаласында дүниеге келген. Әл - Фараби ғылымды өз бетінше зерттеп, үлкен табыстарға жеткен ұлы тұлға. Ол философия, әлемтану, математика, физика, астрономия, музыка т. б ғылымдар саласынан 160 - қа жуық трактаттар жазып өшпес ғылыми мұра қалдырған.
Әбу Райхан әл - Бируни(973 - 1050) энциклопедист - ғалым. Ол өз заманына лайық білім алып, Әбу - Насыр әл - Фараби, Ғаббас әл - Жауһари т. б дәстүрлерін жалғастырды.
Махмуд Қашғаридың (1030 - 1090 жж) шын аты Махмуд Хусейн ибн Мухаммед Қашғари. Әкесі Қашғар қаласында туған. Махмуд алғаш Қашғар қаласында, кейіннен Орта Азия мен Иранның ірі қалаларында білім алады. Араб тілін жетік білген ғұлама ғалым саналы ғұмырын өзінің туған халқының тілін зерттеуге арнаған.

4. Дін және мәдениет.
Қазақстанның оңтүстігіндегі және оңтүстік - шығысындағы (Жетісу) қалаларға жүргізілген зерттеу жұмыстарының археологиялық деректеріне қарағанда, қала тұрғындарының арасында әр түрлі діни наным сенімдердің болғандығы байқалады. Ислам діні Орта Азия мен Қазақстанға арабтардың жаулап алуынан бастап ене бастады. Бір орталықтандырылған мемлекеті құрылып, ислам діні қалыптасқаннан кейін арабтар 633 жылдан « дін үшін соғыс» деген ұранмен көрші елдерді жаулап ала бастады.

Бекіту сұрақтары:
1. 10 - 12 ғ қалалардың құрылыс жүйелерінде қандай өзгерістер болды?
2. Қолөнер қалай дами бастады?
3. Сәндік қолданбалы өнер деп нені айтамыз?
4. Ислам діні қай кезде қабылданды?
5. Қазақстанда ғылымның дами бастауына не себеп болды?

Үйге тапсырма:
Реферат жазу «Дін және мәдениет», «Сәулет өнері».
Қорытындылау, бағалау.
X - XIII ғасырдың басындағы Қазақстан мәдениеті. жүктеу
5 145
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жиынтық бағалау ТЖБ, БЖБ, СОЧ, СОР Қазақстан тарихы 7 сынып
Жиынтық бағалау ТЖБ, БЖБ, СОЧ, СОР Қазақстан тарихы 7 сынып
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған.
Жиынтық бағалау ТЖБ, БЖБ, СОЧ, СОР Қазақстан тарихы 6 сынып
Жиынтық бағалау ТЖБ, БЖБ, СОЧ, СОР Қазақстан тарихы 6 сынып
Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) 6 - сыныптың «Қазақстан тарихы» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған.
9 ғасырдың екінші жартысы – 13 ғасырдың басындағы Қазақстан мәдениеті. Қалалық мәдениеттің дамуы
9 ғасырдың екінші жартысы – 13 ғасырдың басындағы Қазақстан мәдениеті. Қалалық мәдениеттің дамуы
4 ТАРАУ. 9 ғасырдың екінші жартысы – 13 ғасырдың басындағы Қазақстан мәдениеті. Қалалық мәдениеттің дамуы Конспект Ерте орта ғасырға (6 - 9 ғ.) қарағанда дамыған орта ғасырда (10 - 12 ғ.) отырықшылық мәдениет өркендеп, қалалар саны көбейген.
Қазақстан тарихы, адам және қоғам пәндерінен тақырыптық – күнтізбелік жоспар
Қазақстан тарихы, адам және қоғам пәндерінен тақырыптық – күнтізбелік жоспар
Қазақстан тарихы, адам және қоғам пәндерінен тақырыптық – күнтізбелік жоспар. Сыныптар: 8, 9, 10, 11
Архитектуралық ескерткіштер
Архитектуралық ескерткіштер
Сәулет өнері туралы түсінік бере отырып Қазақстандағы орта ғасырлардағы сәулет өнерінің дамуы, тарихи ерекшелігі жайында мәліметтерді ұғындыру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×