Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Адам шығу тегінің дәлелдемелері. Адам мен адам тәрізді маймылдардың ұқсастығы және айырмашылықтары.

11 маусым 2019, Сейсенбі
Категориясы: Тарих
9 сынып
Сабақтың тақырыбы: Адам шығу тегінің дәлелдемелері. Адам мен адам тәрізді маймылдардың ұқсастығы және айырмашылықтары.
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік: Оқушыларға антропосоциогенез, приматтар эволюциясы және тірі табиғаттағы адамның орны жайында мағлұмат беру;
Ә) Дамытушылық: Оқыту кезінде оқушыларға тапсырмалар, деңгейлік сұрақтар пайдалана отырып, қызығушылықтарын, ой - өрістерін арттыру;
Б) Тәрбиелілік: Оқушыларды өз беттерінше жұмыс жасауға, бірін - бірі тыңдап, өз ойларын білдіре алуға, алған білімдерін іс - жүзінде қолдана білуге тәрбиелеу;
Сабақ түрі: Дәстүрлі
Сабақ типі: Аралас
Сабақтың өту әдісі: баяндау, сұрақ жауап, сызбалар, тест

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру;
2. Оқушылардың назарын сабаққа аудару;
3. Сабақтың мақсаты мен тақырыбын айту;

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Үйге берілген тақырып бойынша оқушылардан сабақ сұрау

ІІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау.
1. Прокариоттық жасушаның құрылымы қандай?
2. Батериялардың адам өмірінде қандай маңызы бар?
3. Вирустар және олардың құрылысы қандай?
4. Вирустардың адам өмірінде қандай маңызы бар?

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
Антропосоциогенез (латынша: антропос – адам, генезис – шығу тегі, социум - қоғам) – адамның осы заманғы қалпына дейінгі шығу тегі мен даму үдерісі. Бұрынырақта антропогенез термині пайдаланылды, мұнда нағыз социум – адам қоғамының пайда болуына дейінгі адамның шығу тегі ескерілген.
Приматтар эволюциясы адамның өз эволюциясына қарағанда көптеген миллиондаған жылдар бұрын басталды. Егер эволюциялық жүйелілікке зер салатын болсақ, адам – ол ең «соңғы приматтар» ғой. Адамтәріздес маймылдардың ата тектерінің қалыптасуы мен пайда болуы эволюциялық шежіреде көрнекі көрсетілді.
Тірі ағзалардың барлығы туыстық белгілері бойынша жүйелі топтарға жіктеледі. Ең жоғарғы таксон – дүние. Адамды жануарлар дүниесіне жатқызу шүбә келтірмейді. Ал одан әрі мына тізбекте жүйеленеді: 1) желілер типі, 2) бассүйектілер немесе омыртқалылар тип тармағы, 3) сүтқоректілер класы, 4) қағанақтылар класс тармағы, 5) приматтар отряды, 6) маймылдар отряд тармағы немесе адам тәрізді приматтар.
Алайда саналы адам түрін жіктеген кезде, ғалымдар күні бүгінге дейін бұдан да кіші жүйелеу санатын енгізуде бір пікірге келе алмай отыр. Дұрыс жіктеудің бірі мынадай: 7) адамтәріздес маймылдардың (бұған понгидтер және гоминидтер де енеді) жоғары тұқымдасы, 8) гоминидтер тұқымдасы, 9) адам туысы, 10) саналы адам түрі.
Адамның, горилланың және шимпанзенің жалпы ата тегінің дриопитектер болғаны сызбанұсқадан көрініп тұр. Палеонтологиялық деректер бойынша понгидке (адамтәріздес маймылдар) және гоминидке (адамдар) бөліну бұдан 15 - 20 млн жыл бұрын болған. Алайда биохимиялық көрсеткіштерді талдайтын болсақ, онда бұл оқиға бұдан 4 - 5 млн жылдан ертерек болмауы тиіс.

Адамның шығу тегі, тарихы. Антропология – адамның шығу тегі мен тарихи даму кезеңдерін, нәсілдік ерекшеліктерін зерттейтін ғылым
Анатомиялық – құлақ қалқанының, сүт бездерінің, тістерінің жіктелуі, рудименттердің, атавизмдердің, т. б. болуы.
Эмбриологиялық – ұрықтанған жұмыртқадан дамуы, алғашқы кезеңінде желбезек саңылауының болуы, миының балыққа ұқсауы, клоакасының болуы.
Палеонтологиялық – қазбадан табылған адамның арғы ата тектері: австролопитектер, питекантроптар, синантроптар, неандертальдықтар, кроманьондықтар.
Физиологиялық – адам тәрізді маймылдар қуанады, ызаланады, ұрпағына қамқорлық жасайды, сезім мүшелері, қан құрамы, ауру түрлері ұқсас.
Рудименттік деп ататегінен қалған, бірақ қызмет атқармайтын қалдық белгілерді айтады. Оған соқырішек, құлақ айналасындағы бұлшық еттер, терідегі түктер, құйымшақ, т. б. мысал бола алады.
Атавизм деп арғы ататектің белгілерінің қайталануын айтады. Ондай белгілерге сирек жағдайда байқалатын денесін қалың түк басқан баланың дүниеге келуі немесе көп емшекті, құйрықты нәрестелердің туылуы мысал болады.

ІV. Жаңа сабақты бекіту:
1. Лездемелік сұрақтар:
1. Антропосоциогенез дегеніміз не?
2. Антропосоциогенез латынша қандай мағына береді?
3. Приматтар эволюциясы қай кезде басталды?
4. Ең соңғы приматтар деп кімдерді атаймыз?
5. Ең жоғарғы таксон не?
6. Палеонтологиялық деректерге сүйенсек понгидтер мен гоминидтерге бөліну бұдан қанша уақыт бұрын болған?
7. Понгид дегеніміз кімдер?
8. Гоминид дегеніміз кімдер?
9. Адамдарды қандай класқа жатқызуға болады?
10. Саналы адам түрін қандай тұқымдасқа жатқызамыз?
2. Тест:
1. Рудиментті табыңыз: а) түкті адам; ә) аппендикс; б) құйрықты бала.
2. 1871 жылы шыққан «Адамның шығу тегі және жыныстық сұрыпталу» еңбегінің авторы кім? а) Ж. Б. Ламарк; ә) Ф. Энгельс; б) Ч. Дарвин.
3. Адамның тарихи дамуы: а) онтогенез; ә) филогенез; б) антропогенез.
4. Жеке түрлердің өз ата тектерінің белгісіне қайта оралуы қалай аталады?
а) рудимент; ә) атавизм; б) гомологиялық мүше.
5. Еңбек әрекеті, сөз, ойлау, антропогенездің қозғаушы күшінің қай факторына жатады?
а) әлеуметтік; ә) биологиялық; б) экологиялық.
6. Тұқым қуалайтын өзгергіштік, тіршілік үшін күрес антропогенездің қай факторына жатады? а) әлеуметтік; ә) биологиялық; б) экологиялық.
7. Адамның шығу тегін, дамуын, қалыптасуын зерттейтін ғылым:
а) палеонтология; ә) эмбриология; б) антропология.
8. Адамда соқырішек, үшінші қабақ ата тегінен қалған белгілерге жатады. Осындай белгілердің ғылыми атауы: а) рудимент; ә) атавизм; б) гомология.
9. «Табиғат жүйесі» еңбегінің авторы кім? а) К. Линней; ә) Ф. Энгельс; б) Ч. Дарвин.
10. Адам тәрізді маймылдар қуанады, ызаланады, ұрпағына қамқорлық жасайды, сезім мүшелері, қан құрамы, ауру түрлері ұқсас болады. Бұл қандай дәлелдемелерге жатады? а) анатомиялық; ә) физиологиялық; б) палеонтологиялық

Жауаптары: 1 – ә, 2 – б, 3 – б, 4 – ә, 5 – а, 6 – ә, 7 – б, 8 – а, 9 – а, 10 – ә

V. Қорытынды. Антропосоциогенез (латынша: антропос – адам, генезис – шығу тегі, социум - қоғам) – адамның осы заманғы қалпына дейінгі шығу тегі мен даму үдерісі.
Адамның жүйелілік тобы:
1) желілер типі,
2) бассүйектілер немесе омыртқалылар тип тармағы,
3) сүтқоректілер класы,
4) қағанақтылар класс тармағы,
5) приматтар отряды,
6) маймылдар отряд тармағы немесе адам тәрізді приматтар.
7) адамтәріздес маймылдардың (бұған понгидтер және гоминидтер де енеді) жоғары тұқымдасы, 8) гоминидтер тұқымдасы,
9) адам туысы,
10) саналы адам түрі.

VІ. Бағалау. Сабаққа белсене араласқан оқушыларды бағалау.
VІІ. Үйге тапсырма: оқу, мазмұндау.
Адам шығу тегінің дәлелдемелері. Адам мен адам тәрізді маймылдардың ұқсастығы және айырмашылықтары. жүктеу
4 613
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Адам шығу тегінің дәлелдемелері. Адам мен адам тәрізді маймылдардың ұқсастығы және айырмашылығы
Адам шығу тегінің дәлелдемелері. Адам мен адам тәрізді маймылдардың ұқсастығы және айырмашылығы
Оқушыларға антропосоциогенез, приматтар эволюциясы және тірі табиғаттағы адамның орны жайында мағлұмат беру; Оқыту кезінде оқушыларға тапсырмалар, деңгейлік сұрақтар пайдалана отырып, қызығушылықтарын, ой - өрістерін арттыру;
Артропогенез
Артропогенез
Еркіндік жалпы орта білім беру мектебі Биология пәнінің мұғалімі: Жансейтов К. Ж.
Органикалық дүние эволюциясының дәлелдемелері
Органикалық дүние эволюциясының дәлелдемелері
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, А. Байтұрсынов атындағы ОМ химия - биология пәні мұғалімі Душаева Багдагүл Шанапиевна
Органикалық дүние эволюциясының дәлелдемелері
Органикалық дүние эволюциясының дәлелдемелері
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы Манашы орта мектебінің биология пәні мұғалімі Илясова Анар Имамадиновна
Органикалық дүние эволюциясының дәлелдемелері
Органикалық дүние эволюциясының дәлелдемелері
Қызылорда облысы, Сырдария ауданы №131 орта мектебінің биология пәні мұғалімі: Изтелеуова Динара
Адамның шығу тегі
Адамның шығу тегі
Астана қаласы ЖШС « Медициналық – техникалық колледж» биология пәні оқытушысы Сатпаева Мағрипа Мағзұмқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×