Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Органикалық дүние эволюциясының дәлелдемелері

06 қазан 2013, Жексенбі
Категориясы: Биология
Сабақтың тақырыбы: Органикалық дүние эволюциясының дәлелдемелері (презентациясымен)
Сабақтың мақсаты: Дарвин эволюциялық ілімінің тарихи даму заңдылықтарын, оның қозғаушы күштерін, қалыптасуын және дәлелдемелері жайлы оқып үйрену
А) білімділігі: Дарвин эволюциясы яғни эволюциялық процесті дәлелдейтін дәлелдемелер жайлы оқушыларға түсінік беру.
Ә) дамытушылық: Оқыту кезінде оқушыларға түрлі тапсырмалар мен жұмыстар бере отырып, ойлау қабілеттерін, қиялдарын, жадысын, шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Б) тәрбиелілік: Оқушыларды табиғатты қорғауға, өз беттерімен жұмыс жасауға, тапсырылған жұмысты жылдам орындауға және алған білімдерін іс - жүзінде қолдана білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі Аралас сипатта
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, кестемен, баяндау, тірек – сызбамен
Көрнекілігі: слайдтар, бақалшақтар жинақтамасы, кесте, суреттер, ғалымдардың суреттері
Пәнаралық байланысы: география, тарих, Маңғыстау өсімдіктер дүниесі және Маңғыстау жануарлар дүниесі оқулығы

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
А) Оқушылармен сәлемдесу
Ә) Оқушыларды түгендеу
Б) Кабинеттің сабаққа дайындығын қадағалау, қарау
Үй тапсырмасын тексеру:
Үйге берілген тапсырма « Организмдердің тіршілік ортасына бейімделуі» Тақырыпты екі бөлімге бөліп сұраймын және қалған оқушылардан деңгейлік тапсырмалар арқылы сұраймын
1) Бейімделушіліктің пайда болуы
2) Бейімделушіліктің түрлері жайлы

Деңгейлік тапсырмалар
І д
1) Бүркеніш рең деген не?
2) Жасырушы рең деген не?
3) Қорғаныш рең деген не?
ІІ д
1) Бейімделушілік деген не?
2) Сақтандырушы рең дегеніміз не?
3) Гомологиялық мүшелер дегеніміз не?
ІІІ д
1) Аналогиялық мүшелер дегеніміз не?
2) Бейімделушіліктің түрлері қандай?
3) Бейімделушіліктің түрлерін салыстырмалы түрде сипатта?

Байланысы: Суреттер Бейімделушіліктің түрлері, Маңғыстау облысындағы тіршілік ететін жануарлармен өсімдіктер жайлы қысқаша сипаттама слайдтар арқылы көрсетіледі. Бұл бейімделушіліктің салыстырмалы сипаттамасы болатын болса, ал мынау(Арди екі аяқты маймылдың суреті беріледі) анатомиялық салыстырмалы сипаттаманы дәлелдейді.

Ал, олай болса біздің жаңа тақырыбымыз Органикалық дүние эволюциясының дәлелдемелері

Дарвин эволюциялық ілімінде органикалық дүниенің тарихи даму заңдылықтарын ашып оның қозғаушы күштерін атап көрсетті: Ол ілім жарыққа шыққаннан кейін биология ғылымының түрлі салаларында эволюциялық процесті дәлелдейтін материалдар жинала бастады. Сол дәлелдемелердің бірі Салыстырмалы анатомиялық дәлелдемелері. Тірі организмдердің клеткадан тұратыны, жануарлар мен өсімдіктер клеткаларының құрылысы, қызметі мен химиялық құрамы бірдей. Бұл барлық тірі организмдердің шығу тегінің бір екендігіне айқын дәлел бола алады. Омыртқалылардың қаңқасының құрылысы екі жақты симметриялы болады. Омыртқа жотасы бас сүйекке жалғасады және аяқ - қол сүйектерінің құрылысы ұқсас келеді. Миы 5 бөліктен тұрады, омыртқа жотасының өзегінде жұлын орналасқан, ішкі мүшелерінің құрылысы мен орналасуы да ұқсас. Алайда тіршілік орталарына қарай әр түрлі бейімделіп кетеді. Мысалы: көр тышқан топырақты қазуға, адам еңбек етуге, балық суда жүзуге бейімделген. Анатомиялық дәлелдеме екіге бөлінеді

1) Гомологиялық және аналогиялық
Гомологиялық мүшелер дегеніміз – шығу тегі бір, құрылысы бір, атқаратын қызметтері басқа - басқа мүшелерді айтамыз
Аналогиялық мүшелер дегеніміз - шығу тегі басқа құрылысы басқа, атқаратын қызметтері бірдей мүшелерді аналогиялық мүшелер дейміз

Эмбриологиялық дәлелдемелер Организмдер ұрығының дамуын зерттейтін ғылым саласын эмбриология дейміз. Эмбрион дегеніміз – ұрық дегенді білдіреді. Бұл саладағы зерттеу жұмыстары «Көп клеткалы организмдердің барлығы ұрықтанған жұмыртқа клеткасынан дамып жетіледі»деп көрсетіледі. Ұрықтық дамудың алғашқы алғашқы сатысында барлық омыртқалылардың ұрықтары құрылысы жағынан бір - біріне ұқсас келеді. Денелері, бас, тұлға және құйрық бөлімдеріне бөлініп одан арғы сатыларда әр класс өкілдеріне, клас ішіндегі отряд, туыс, түрдің өзіне тән белгілері қалыптаса бастайтыны суреттен көрініп тұр. Сондықтан жалпы дене құрылысы біртекті жануарларың ересек дараларына қарағанда ұр ықтары өзара ұқсас келеді. Мұның бәрі омыртқалылардың шығу тегі бір екендігін дәлелдейді. Бұл жөнінде К: Бэрдің ұрықтық ұқсастығы жайлы заңдылығында « Бір типке жататындаралардың ұрықтары басынан бастап ұқсас болады» деген.

Палеонтологиялық дәлелдемелер. Өліп біткен организмдердің қазба қалдықтарын зерттейтін ғылым саласын палеонтология деп атаймыз. Органикалық қазба қалдықтарды зерттеп салыстыру әр түрлі геологиялық замандағы тіршіліктің бейнесін көз алдымызға елестетеді. Мысалы өте ертеректе бейнеуде су болған деседі, кейін бұл су жойылып шөккен шөгінділер тасқа айналып оның арасында омыртқасыз жануарлардың хитин қаңқалары мен бақалшақтары сақталған. Қазіргі уақытта сол тастарды қазып оларды кесіп адамдар өз қажеттілігіне жаратып отыр мысалы сол тастардан үйлер мен өзіміз білім алып отырған мектебіміз салынған. Ертеде Эфиопияда тіршілік еткен Арди маймылының қаңқасы табылған, кейін көне құс, аң тісті кесіртке табылған бұларды салыстырып қарай отырып сүтқоректілердің жорғалаушылардан шыққандығын дәлелдейді. Мысалы ми сауытының құрылысы, омыртқа жотасы мен аяқ қолдарының орналасуы, тістерінің әркелкі болуы сүтқоректілерге ұқсас.

Биогеографиялық дәлелдемелер. Жер шарының түрлі материктеріндегі өсімдіктермен жануарлар дүниесін зерттеу олардың дамуы, яғни эволюциялық процестің жүру барысы туралы мәлімет береді. Ағылшын ғалымыА: Р: Уоллес 6 биогеографиялық аймақты атап көрсетті. Олар 1) Неоарктикалық 2) Полеоарктикалық 3) Үндімалайзиялық 4) Эфпиопиялық 5) Неотропиктік 6)
Аустралиялық аймақ

Бұл аталған аймақтағы өсімдіктермен жануарлар дүниесінің ұқсастығы мен айырмашылық дәрежесі әр түрлі. Зерттеулерге қарағанда, материктер бір - біріне неғұрлым жақын орналасса, олардағы өсімдіктер мен жануарлар да туыстық формалардың саны да көп болады. Неғұрлым ертерек бөлініп, оқшауланған материктердегі организмдердің бір - бірінен айырмашылығы да анығырақ байқалады. Мысалы: Аустралия Оңтүстік Азиядадан осыдан 100 млн жылдай бұрын бөлініп кеткен. Сондықтан бұл аймақта басқа еш жерде кездесейтін өсімдіктер мен жануарлардың түрлері сақталған (қалталы сүтқоректілер, үйректұмсық, ағаш тәрізді папротниктер, т. б.)

Сабақтың соңында кесте, топтастыру болды

Бекіту тапсырмалары: Суреттер арқылы тапсырмалар қою
1) Балықтың, шаянның желбезектері
2) Омыртқалылардың ұрықтық дамуы 2 - 2 суреттен
3) Омыртқалылардың қаңқаларының салыстырмалы сипаттамасы
4) Омыртқалылардың алдыңғы аяқтарының яғни қ аңқаларының құрылысы (салыстырмалы түрде)

Үйге тапсырма: Органикалық дүние эволюциясының дәлелдемелері

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
35 333
0
  • 60
2 дауыс


Жаңалықтар
Тірі ағзалардың қоршаған ортаға бейімделуі
Тірі ағзалардың қоршаған ортаға бейімделуі
Оқушыларға тірі ағзалардың қоршаған ортаға бейімделуі, бейімделушіліктің түрлері, тірі ағзалар үшін бейімделушіліктің маңызы туралы түсіндіру.
Адам шығу тегінің дәлелдемелері. Адам мен адам тәрізді маймылдардың ұқсастығы және айырмашылығы
Адам шығу тегінің дәлелдемелері. Адам мен адам тәрізді маймылдардың ұқсастығы және айырмашылығы
Оқушыларға антропосоциогенез, приматтар эволюциясы және тірі табиғаттағы адамның орны жайында мағлұмат беру; Оқыту кезінде оқушыларға тапсырмалар, деңгейлік сұрақтар пайдалана отырып, қызығушылықтарын, ой - өрістерін арттыру;
Эволюцияның дәлелдемелері
Эволюцияның дәлелдемелері
Эволюция туралы, тірі ағзалардың дамуын, будандастыру түрлері, әдістері, дәлелдемелері туралы мағлұмат беру және білімдерін қалыптастыру;
Органикалық дүние эволюциясының дәлелдемелері
Органикалық дүние эволюциясының дәлелдемелері
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, А. Байтұрсынов атындағы ОМ химия - биология пәні мұғалімі Душаева Багдагүл Шанапиевна
Органикалық дүние эволюциясының дәлелдемелері
Органикалық дүние эволюциясының дәлелдемелері
Қызылорда облысы, Сырдария ауданы №131 орта мектебінің биология пәні мұғалімі: Изтелеуова Динара
Адамның шығу тегі
Адамның шығу тегі
Астана қаласы ЖШС « Медициналық – техникалық колледж» биология пәні оқытушысы Сатпаева Мағрипа Мағзұмқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×