Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жібек жолы - сауда жолы, достық жолы, ғылым жолы

06 мам 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Тарих
Тақырыбы: Жібек жолы - сауда жолы, достық жолы, ғылым жолы (презентациясымен)
Мақсаты: Ұлы Жібек жолының Қазақстанның экономикалық және мәдени дамуына тигізген әcepi туралы, осы жол арқылы тауарлар тасумен қатар ғылым, мәдениет, өнердің дамығандығын оқушыларға түсіндіру
Көрнекілігі: Жібек жолының картасы, бүктемелер, суреттер
Сабақтың түрі: сайыс сабағы
Сабақ өту әдісі: ойын түрлері арқылы жұмыс
Оқушыларды екі топқа бөлеміз. Сабақ екі топтың арасында сайыс түрінде жүргізіледі

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
а) сәлемдесу
ә) екі топты орындарына жайғастыру, топтың атымен көпшілікті таныстыру
I - топ - “Тараз”тобы II - топ - “Отырар” тобы
Әр топ өздерінің эмблемасын дайындайды, ұранымен таныстырады.

Сайыстың бағдарламасы:
1. ”Бәйге”сайысы (Әр топқа 6 сұрақтан беріледі)
“Тараз” тобына қойылатын сұрақтар:
1/Жібек жолының басы қайдан басталады?
2. Ұлы Жібек жолы Қазақстанның қандай қалалары арқылы өттi?
3. Ұлы Жібек жолы арқылы Қазақстан далаларына қандай тауарлар әкелінді және қандай тауарлар шетке шығарылды?
4. Ұлы Жібек жолы қай аралықтарды байланыстырды?
5. Халықаралық сауда жолы арқылы Шығыс елдерінен нелер сатыла бастады?
6. Қытайдың жібегі бүкіл Еуразияға қай ғасырдан бастап әйгілі бола бастады?

“Отырар” тобына қойылатын сұрақтар:
1. Ұлы Жібек жолы арқылы қандай діндер таралды?
2. Халықаралық сауда жолы арқылы қандай жан - жануарлар сатыла бастады?
3. Жібек өндіруді қытайлар неге құпия сақтаған?
4. Қытайдың әдемі фарфордан жасалған бұйымдары Қазақстанның қандай қалаларынан табылды?
5. Ұлы Жібек жолының бойындағы қалалар қандай жағдайларға зор пайдасын тигізді?
6. Сауда кезіндегі қарым - қатынас, экономикалық байланыс шаруашылықтың қандай түрлерін үйренуге себепші болды?
II.”Кім жылдам?” ойыны.
Ойынның шарты: Әр топ Жібек жолының бойындағы eкi қаланың атын атап, сол қалаға тез шолу жасап шығады. Мысалы: Отырар, Тараз; Испиджаб, Шауғар. Бұл жерде уақыт есептелінеді. Берілетін уақыт 2 - З минут.

III. Жәрмеңке өткізу. (көрініс арқылы)
Ұлы Жібек жолының бойындағы ең көне, әpi бай Тараз қаласында өтіп жатқан жәрмеңкеден көpiнic:
1. 0рыс саудагерлерінің қатары. Сатылатын бұйымдар: аң терілері, қару - жарақ, етіктер, ағаштан жасалған ыдыстар. Үлкен самоварда шәй қайнап тұрады. Оның жанында ән салып, би билеп жатқан адамдар.(айқайлап өз тауарларын сатып тұрған саудагелер). Бұл жердегі ең қымбат тауарлар сілеусін мен ақ аюдың үлкен тepici. Сілеусіннің тepici, бес қоян тұрады.
2. Үнді саудагерлерінің қатары. Нағыз тipi пілдер, маймылдар, факир флейтасы даусына ырғатылған жыландар, билеп жүрген биші қыздар.(қыздар үнді биін билейді.)
2. Қытай саудагерлерінің қатары. Тауарлары ең көрнекті орында фарфор ыдыстары, неше түрлі дәрілік өсімдіктер, жібек маталары.(Бұл жерде кытай eмшіci ауруға ем - дом жасауды көрсетіп тұрады.)
3. Жергілікті тұрғындар базар қожайындары. Сатылатын тауарлары илeyi жеткен қой тepілерi, жастықтар, құлан тepiciмeн қапталған ерлер, күміс ат - тұрмандар, көрпелер, мақта тұқымын, малдарды қояды.

IV. ”Өз сыңарыңды тап” ойыны.
Ойынның шарты: Мұнда жұп карточкалар дайындалады. Біреуінде - сұрақтар, екіншісінде - жауаптарға арналған тipeк сызбалар. Бір сұрақ пен оның жауабына арналған карточкалардың түcтepi бірдей болады. Оқушылар карточкаларды өздері таңдайды. Содан кeйін сыңарын тayып, бipre жұмыс істейді. Тапсырманы жылдам, әpi дұрыс орындағандар жеңімпаз атанады.

V. Toп жетекшілерінің сайысы.
Топ жетекшілеріне берілетін сұрақтар: жауапты нақты, әрі жылдам беру керек.

1. Ұлы Жібек жолының өміp сүруін тоқтату ceбeбi неде?
Ж: (теңіз сауда жолының пайда болуына байланысты)
2. Ұлы Жібек жолының гүлденген бағытын атаңдар.
Ж:(Қытайдан Жетісу және Оңтүстік арқылы батысқа)
3. Қытай жібек өндіру тәсілін кұпия сақтаған. Бірақ соған қарамастан оның құпиясын сыртқа алып шыққан кімдер?
Ж:(жібек құртын адамдар қуыс қурайдың ішінe салып, тіпті әйелдер шашының арасына тығып алып шыққан).
Қорытындылау.
Соңында жеңімпаздар анықталады. Жеңген топқа сыйлық тапсырылады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
17 940
0
  • 80
1 дауыс


Жаңалықтар
Ұлы Жібек жолы. Ұлы Жібек жолының тармақтары және Қазақстандағы сілемі
Ұлы Жібек жолы. Ұлы Жібек жолының тармақтары және Қазақстандағы сілемі
Ұлы Жібек жолы. Ұлы Жібек жолының тармақтары және Қазақстандағы сілемі Конспект Жетісу жері – керуен жолының Шығысқа шығатын негізгі қақпасы. Шығысқа шығатын жолдың басты бір бағыты оңтүстік - батыс Жетісу жерінен өтеді. Тараздан шығып, Сарқан жері
Ұлы жібек жолы. Ұлы жібек жолының қалыптасуы және тарихи маңызы
Ұлы жібек жолы. Ұлы жібек жолының қалыптасуы және тарихи маңызы
Ұлы жібек жолы. Ұлы жібек жолының қалыптасуы және тарихи маңызы Конспект Жібек жолы Хуанхэ өзені аймағынан басталып, Ұлы Қытай қорғанының батысынан өтіп, Іле өзенімен Ыстықкөлге жетті. Жол осы арада оңтүстік және солтүстік бағыттарға тармақталды.
Ұлы Жібек жолы
Ұлы Жібек жолы
Ұлы Жібек жолының пайда болуын және тек сауда мен шаруашылықты дамытушы ғана емес, халықаралық қатынастар мен мәдениетті таратушы жол ретінде маңызын ашып көрсету.
Ұлы Жібек жолы - маңызды сауда жолы
Ұлы Жібек жолы - маңызды сауда жолы
М. Мақатаев атындағы №13 орта мектеп МКМ Тарих пәнінің мұғалімі Казербаева Гульнар Кулжабаевна
Ұлы Жібек жолы – маңызды сауда жолы
Ұлы Жібек жолы – маңызды сауда жолы
Ұлы Жібек жолы тарихымен таныстыру. Қазақстан жеріндегі бағыттары мен тармақтары, керуен жолы бойындағы қала мәдениетiнiң қалыптасуы жөнінде білім беру.
Ұлы жібек жолының тармақтары.Ұлы жібек жолының қазақстандағы сілемі.
Ұлы жібек жолының тармақтары.Ұлы жібек жолының қазақстандағы сілемі.
Қостанай қаласы, №5 орта мектебі Тарих пән мұғалімі Кокеева Амангүл Сабыржанқызы Ортағасырлардағы Қазақстан тарихы-7-сынып Сабақ тақырыбы: Ұлы жібек жолының тармақтары. Ұлы жібек жолының Қазақстандағы сілемі.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×