Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ұлы Жібек жолы - маңызды сауда жолы

03 сәуір 2016, Жексенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
М. Мақатаев атындағы №13 орта мектеп МКМ
Тарих пәнінің мұғалімі Казербаева Гульнар Кулжабаевна

Б. Блумның таксономиясының негізінде “Ұлы Жібек жолы - маңызды сауда жолы” тақырыбына сабақ жоспары

Сабақтың мақсаты:
Қазақ жеріндегі Ұлы Жібек жолының бағыттары, тармақтары, сілемдері, қалалары, тауар тасылымы туралы деректерді меңгеруіне жағдай жасау.
Міндеттері:
1. Қосымша тарихи деректер арқылы оқушылардың таным қабілеттері мен шығармашылық ізденісін дамыту.
2. Оқушылардың Ұлы Жібек жолы туралы білімдерін біліктерін кіріктіру, жинақтау, таным қабілеттерін дамыту.
3. Дүниежүзілік өркениет және мәдениеттің дамуында Ұлы Жібек жолының қоғамда алатын орнын айқындай келе, өмірлік тәжірибеде қолдана білуге тәрбиелеу.
Психологиялық ахуал
Шаттық шеңберін құру
Топқа бөлу:
Суреттің қиындылары арқылы топқа бөлу

Тақырыптың өзектілігі:
Ұлы жібек жолы тарихын бүгінгі күнмен салыстыру
Қазір Жібек жолының тарихын зерттеу, оны жаңғырту, осы жол бойындағы елдердің саяси, экономикалық, мәдени байланыстарын ұлғайту қайта колға алынып отыр. 1987 жылы ЮНЕСКО -ның бас конференциясының XXIV сессиясы «Ұлы Жібек жолын зерттеудің халықаралық жобасын» қабылдады. Оған Грекия, Португалия, Египет, Италия, Қытай, Индонезия, Моңғолия, Оман, Шри Ланка, бұрынғы Кеңестер Одағы қатысты. «Адамды қоршаған орта, жер мен теңіз қорлары», «Мәдениет және болашақ» атты бағдарламалар бекітілді. Осы бағдарламаларды іске асыруға қатысты. 1991 жылы Қазақстанда «Жібек жолы» атты Ұлттық комитет құрылды. Ұлы Жібек жолы көне дәуірде де, қазір де Еуразия халқы үшін мәдени байланыс, саяси рухани мәселелерді шешуде маңызы үлкен.

1. Білу. СТО. Диалогтық оқыту
(ынталандыру, мадақтау).
1. Ұлы жібек жолы қашан халықаралық қатынас
жағынан жандана бастады? жауабы - (б. э, б ІІ ғ. ортасы) 2. Қандай деректер көзінен Ұлы Жібек жолы туралы мәлімет аламыз? (Қытай)

2. Түсіну. Диалогтық оқыту. Бас бармақ бағалау,
1. Қандай бірнеше сауда жолдары қалыптасып, дамыды? (Лазурит, Дала, Нефрит)
2. Қандай негізгі бағыттарға бөлінді? (Батыстан Шығысқа, Іле, Европа, Орталық және Шығыс Қазақстан).

3. Қолдану. СТО
Диалогтық оқыту
Тірек сөзбен жұмыс:
1. Қытаймен жібек өндіруде бәсекеге түскен қай ел.... (соғды).
2. Жібек... теңеліп, халық - аралық... айналды? (алтынмен, валюта).
3. Ұлы Жібек жолымен.... таралды. (Дін)
4. Тоқтатылуы.(ХІҮ - ХҮғ) 5. Тоқтау себебі: (Теңіз саудасының шығуы

4. Талдау. СТО. Диалогтық оқыту (ынталандыру, мадақтау)
Ұлы Жібек жолы мен қазіргі сауда қатынасын «Венн»диаграммасы арқылы салыстыру.

5. Жинақтау. Дарынды, алғыр балаларды анықтау.
Тест.
1. Ұлы Жібек жолы жандана бастаған кезең:
а) б. з. б 11ғ
2. б. з. б 1ғ - б. з. б Vғ
Жібек сатуда Қытаймен бәсекеге түскен ел.
а) Иран б) Соғды с) Кавказ
3. Қазақстанның қай аймағы Шығыстан шығатын негізгі қақпасы саналады?
а) Сыр жері б) Сарыарқа в) Жетісу жері.

6. Бағалау. Диалогтық оқыту. смайлик арқылы бағалау.
“Көсемдікке ұмтылу” алты қалпақ әдісі арқылы түйіндеме жасау.

Толық нұсқасын жүктеу
6 224
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ұлы Жібек жолы. Ұлы Жібек жолының тармақтары және Қазақстандағы сілемі
Ұлы Жібек жолы. Ұлы Жібек жолының тармақтары және Қазақстандағы сілемі
Ұлы Жібек жолы. Ұлы Жібек жолының тармақтары және Қазақстандағы сілемі Конспект Жетісу жері – керуен жолының Шығысқа шығатын негізгі қақпасы. Шығысқа шығатын жолдың басты бір бағыты оңтүстік - батыс Жетісу жерінен өтеді. Тараздан шығып, Сарқан жері
Ұлы жібек жолы. Ұлы жібек жолының қалыптасуы және тарихи маңызы
Ұлы жібек жолы. Ұлы жібек жолының қалыптасуы және тарихи маңызы
Ұлы жібек жолы. Ұлы жібек жолының қалыптасуы және тарихи маңызы Конспект Жібек жолы Хуанхэ өзені аймағынан басталып, Ұлы Қытай қорғанының батысынан өтіп, Іле өзенімен Ыстықкөлге жетті. Жол осы арада оңтүстік және солтүстік бағыттарға тармақталды.
Ұлы Жібек жолы
Ұлы Жібек жолы
Ұлы Жібек жолының пайда болуын және тек сауда мен шаруашылықты дамытушы ғана емес, халықаралық қатынастар мен мәдениетті таратушы жол ретінде маңызын ашып көрсету.
Ұлы Жібек жолының қалыптасуы және тарихи маңызы
Ұлы Жібек жолының қалыптасуы және тарихи маңызы
Балалар бізге тегін саяхатқа шығу мүмкіндігі туып тур, Біз «Жұлдыз» туристік фирмасының жолдамасын ұтып алу үшін біз берілген тапсырманы орындауымыз қажет. Алдымен берілген сұрақтарға жауап беріп, оны дүние жүзі картасының үстіне ретімен
Ұлы Жібек жолы – маңызды сауда жолы
Ұлы Жібек жолы – маңызды сауда жолы
Ұлы Жібек жолы тарихымен таныстыру. Қазақстан жеріндегі бағыттары мен тармақтары, керуен жолы бойындағы қала мәдениетiнiң қалыптасуы жөнінде білім беру.
Жібек жолы - сауда жолы, достық жолы, ғылым жолы
Жібек жолы - сауда жолы, достық жолы, ғылым жолы
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, №25 Т. Рысқұлов атындағы мектеп – гимназиясы тарих пәні мұғалімі Шораева Перизада Еренқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×