Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақ жерлерінің XVIII ғ. 1 жартысындағы саяси дамуы

05 желтоқсан 2013, Бейсенбі
Категориясы: Тарих
Қазақ жерлерінің XVIII ғ. 1 жартысындағы саяси дамуы

Оқушылар нені білу керек:
- XVIII ғ. бірінші жартысындағы шайқастарды, құрылтай жылдарын, көрші елдермен дипломатиялық қатынастарды.
- Қазақ елін басқарған тарихи тұлғаларды (Тәуке, Әбілқейыр, Сәмеке, Болат, Абылай), қазақтың атақты би, батырларын (Төле, Қазыбек, Әйтеке, Бөгенбай, Қабанбай т. б.)
- Қазақ жерінде салынған бекініс, әскери шептердің салыну жылдарын
- Тарихи оқиғалардың маңызын

Оқушылар нені меңгеру керек:
- XVIII ғ. қазақтардың тұрмысы негізінен әлі дәстүрлі болғанын
- Қазақ жеріне осы кезеңде енген өзгерістерді
- Тарихи оқиғалардың болған жерлерін көрсете, таба білу
- Тарихи оқиғаларды бағалай біле, өз көзқарастарын дәлелдей алу.

Қосымша әдебиет:
1. Қазақстан тарихы очерктері.
2. Қазақстан тарихы хрестоматия.

Мәнжазба тақырыптары:
1. Қазақтың атақты билері.
2. «Дарабоз» батыр Қабанбай.
3. Қанжығалы Бөгенбай.
4. Кәкіұлы Есет.
5. Хангелдіұлы Райымбек.
6. Шапырашты Наурызбай.
7. Абылай хан.
8. Әбілқайыр хан.

Сөйлесу бөлімі.
2 - сабақ. “Қарлы кесек” ойыны.
Ойынның мақсаты: оқушыларға мәтінді оқып, бір - біріне түсіндіруі арқылы тақырыпты меңгерту.
Ойынға қажетті құрал – жабдықтар:
- бағыттаушы парақтар;
- қатысушылардың нөмірі жазылған парақтар;
- үстелдерді белгілеуге арналған сілтемелер;
- жалпы бағалау парағы (тақтаға сызуға болады).

Ойынның шарты:
Оқушылар өз еріктерімен “А”, “Б”, “В”, “Г”, “Д” сілтемелері көрсетілген топтарға бөлініп отырады. Әрбір оқушының отырған столына сәйкес нөмірлер беріледі ( мысалы: “А” столына сәйкес А - 1, А - 2, А - 3, А - 4, А - 5) және осы көрсетілген нөмірлеріне сәйкес бағыттау парақтары беріледі. Осы бөлінген столдарға сәйкес мұғалім оқу материалдарын жинақтап топтарға бөліп береді де, топ ішінде дайындалуға арнайы уақыт бөлінеді ( оқу материалының көлеміне сәйкес дайындалуға берілетін уақытты мұғалім өзі белгілейді). Берілген дайындық уақыты өткеннен кейін мұғалімнің берген командасы бойынша оқушылар бағыттау парағында көрсетілген столдарға орналастырылып, мұғалімнің нұсқауымен 1 - тур басталады. Бұл турды оқушылар бағыттау парағында көрсетілген ретпен өздерінің дайындалған тақырыптары бойынша басқа топтың оқушыларына түсіндіреді. Осындай кезекпен топтағы барлық оқушылар рет – ретімен түсіндіріп болған соң әрқайсысы өз бағыттау парақтарына ең жақсы түсіндірген оқушының номерін белгілейді. ( Оқушылар өзін белгілеуге және 2 – 3 оқушыны белгілеуге болмайды). Уақытты бақылап отырған мұғалім 2 - турды хабарлайды. Бұл турда оқушылар басқа құрамда кездесіп 1-ші турдағы жұмысты қайталайды. Келесі турлар да осындай жүйемен өтеді. Барлық тур аяқталғаннан кейін мұғалім оқушылардың бағыттау парақтарын жинап алып, нәтижелерін жалпы жинақтау парағына түсіріп, ең көп ұпай жинаған топты және оқушыны анықтайды.

Тапсырмалары:
“А” тобы
XVIII ғ. басындағы қазақ жерлерінің ішкі және сыртқы жағдайы
“Б” тобы:
XVIII ғ. ортасындағы қазақ жерлерінің жағдайы
“В” тобы:
Әскери бекіністер мен шептер
“Г” тобы:
Қазақ – Қытай, қазақ – жоңғар, орыс – жоңғар қатынастары
“Д” тобы:
Абылай хандығы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 532
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақ хандығы - ұлт тарихы (эссе)
Қазақ хандығы - ұлт тарихы (эссе)
Қазақ хандығының құрылуы – Қазақстан тарихындағы аса маңызды оқиғалардың бірі. Сол кезде басталған этникалық дамуларды қазіргі уақытта ұлттық деңгейге жеткізіп, қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына ықпалын тигізіп, Қазақстан Республикасы деп
XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
XVIII ғасырдың бас кезіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы жөнінде жалпы түсінік беру, осы кезеңдегі Ресей мен Қазақ хандығы мүдделерінің жақындасу себептерін түсіндіру;
Қазақ билері мен батырлары
Қазақ билері мен батырлары
Сабақтың мақсаты: • Білімділік: Оқушыларды қазақ халқының бұрынғы сот төрелігі, билік айту жүйесімен таныстыру, қазақ билерінің өмірі, олардың тарихта алатын орны, өнегелі істері жайында мәлімет беру. жоңғарларға қарсы күрескен қазақ батырлары,
Қазақ батырлары
Қазақ батырлары
Маңғыстау обылысы, Қарақия ауданы, №3 Жетібай орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Атабаева Алмагүл Алдонгаровна.
Қазақ билері, батырлары
Қазақ билері, батырлары
Атырау қаласы Ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын техникалық гимназиясының тарих пәні мұғалімі Қуатова Айгүл Нұрланқызы
Қазақ батырлары
Қазақ батырлары
Өскемен қаласы, №36 орта мектептің қазақ тілі мұғалімі Алимханова Дина Жиенбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×