Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақ билері мен батырлары

08 желтоқсан 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Тарих
5 - сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер
Сабақтың тақырыбы: Қазақ билері мен батырлары
Сабақтың мақсаты:
• Білімділік: Оқушыларды қазақ халқының бұрынғы сот төрелігі, билік айту жүйесімен таныстыру, қазақ билерінің өмірі, олардың тарихта алатын орны, өнегелі істері жайында мәлімет беру. жоңғарларға қарсы күрескен қазақ батырлары, олардың ерлігі жайында кеңінен мәлімет беру, Қазақ тарихындағы батырлардың алатын орнын анықтау.
• Дамытушылық: Өткен ғасырлардағы қазақ елінің сот жүйесі төрелік ету дәстүрімен таныстыра отырып мемлекет, билік жайында мәліметтерін кеңейту, құқықтық түсініктерін дамыту. Қазақ батырларының ерлігіне тарихи тұрғыдан баға бере білуге дағдыландыру, танымдық қабілеттерін арттыру.
• Тәрбиелік: Қара қылды қақ жарған әділ билік айтқан билер өмірін мысалға келтіре отырып әділдікке, адамгершілікке, адалдыққа тәрбиелеу, құкықтық тәрбие беру. Қазақ батырларының ерлігін үлгі етуге, құрметтеуге үйрету.
Әдісі: интерактивті
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың көрнекілігі: слайд, электронды оқулық
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың сабаққа қатысын, дайындығын тексеру.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
1) Қалып қойған даталар мен сөздерді орнына келтіріп жаз.
А) Қазақ хандығы -------- 1466 жылы құрылды.
Ә) Жошы хан --------------(1227) жылы қайтыс болды.
Б) Қазақ хандарының тарихы -----------(1466 - 1847) жылдар аралығын қамтиды.
В) --- ХІХ ғасырда Ресейдің Қазақстанды отарлау үшін жүргізген саясаты хандық билікті түбірімен жойды.

2) Кестені толтыр.
Хан Билік еткен жылдары Билік ету ерекшелігі
Алаша хан Б. з. б. 4 - 3 мыңжылдықтар Қазақ хандарының арғы атасы болып есептелетін аты аңызға айналған хан
Жошы хан 1187 - 1227 жж. Шыңғысханның барлық жорықтарына белсене қатысты.
Уыз хан Б. з. б. І мыңжылдық - б. з - дағы І мыңжылдықтың басы Сарыарқа өңірінде 16 жыл патшалық құрған.

2016 жылы «Қазақ хандығының» 550 жылдығы мемлекеттік деңгейде тойланғалы отыр.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1) Электронды оқулықпен жұмыс
2) Қазақ мемлекетінің саяси өмірінде билердің орны өте жоғары болды. Сол ұлы билердің бір қатарына тоқталып өтеміз.
Төле би Әлібекұлы қазақтың Ұлы жүзінің үйсін тайпасынан шыққан ірі мемлекет қайраткері. Жастайынан ел билеу ісіне араласқан Төле жоңғар шапқыншылығы кезінде елшілік қызметті де атқарды. Бұл оның халқын шапқыншылықтан, жаугершіліктен аман сақтап қалуына септігін тигізді.
Төле би қазақтың атақты «Жеті жарғы» заңдар жинағын жасаушылардың бірі.
Қазыбек би Келдібекұлы Орта жүздің бас биі. Оның шешендігі мен саңқылдаған дауысына қарап халық Қаз дауысты Қазыбек деп атап кеткен. Тәуке хан бір кездері Орта жүздің билігін осы Қазыбекке сеніп тапсырған. Қаз дауысты Қазыбек би Тәуке ханның басшылығымен жасаған «Жеті жарғы» заңдар жинағының авторларының бірі.
Әйтеке би Байбекұлы Кіші жүздің биі және белгілі мемлекет қайраткері. Қазақ хандығының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі. Әйтеке жастайынан мемлекеттік істерге араласып, ел арасында билік айта бастайды. Жасынан ауыл молдасынан сауат ашқан. Қазақстанның батысы мен оңтүстік - батыс өлкесінде Әйтекенің аты ертеден белгілі болады. Төле, Қазыбек билермен қатар Әйтеке де Тәуке ханның бастауымен құрастырылған XVIII ғасырдағы Қазақ халқының әдет - ғұрыптық жинағы болып табылатын «Жеті жарғыны» жасауға қатысады.

Тарих ғылымында халық арасында әз Тәуке, яғни дана, әділ деген атағы шыққан. Тәуке хан билігі тұсына жататын деректер өте аз. Тәукенің әкесі Салқам Жәңгір 1652 жылы қалмақтармен болған шайқаста қаза табады. Тәуке хан 1680 - 1718 жылдары билік етті. Өз заманының қиындығына қарамастан, Тәуке хан мемлекеттің бүтіндігі мен тәуелсіздігін сақтап қалды. Өзінің тапқырлығымен, көрегендігімен үш жүзге билігін жүргізді.

«Жеті жарғы»- Қазақ хандығын нығайту мақсатымен Тәуке хан тұсында жасалған қазақтың байырғы әдет - ғұрып жинағы.
«Жеті жарғы» заңдар жинағы Тәуке ханның кезінде өмірге келген. Әуелден бастап ханның жанындағы Ұлы билердің кеңесі «Жеті жарғы» атанған. Оның құрамында жоғарыда аталған Ұлы билерден басқа да беделді адамдар болған. Бұл қазіргі парламент деңгейіндегі билік жүйесі. Аталған заңдар жинағыш құрастыруға Төле, Қазыбек, Әйтеке сияқты қазақтың белгілі билері қатысқан.
Жоңғар мемлекеті - ХҮІІ ғасырдың 30 - жылдарында Батыс Монғолияда құрылған әскери - феодалдық мемлекет.
Жоңғарлардың қазақ жеріне шабуылы ХУІІ - ХУШ ғасыр аралығын қамтиды.
Ең қасіретті жыл деп 1723 жылды айтуға болады. Себебі тарихтағы әйгілі қырғын «Ақтабан шұбырынды, Алакөл сұлама» осы жылы болған. Бұдан соң оқушылардың назарын «Елім - ай» әніне аударамын. Сабақ жоспарындағы екінші тақырыпшаға кеңінен тоқталамын. Ең алдымен жоңғар шапқыншылығы кезінде қол бастаған, ел мен жерді қорғау кезінде ерлік көрсетіп, аты аңызға айналған батырлар жайында қысқаша әңгімелеп беру.
Батырлар: Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай, Шақшақ Жәнібек, Баян батыр, Райымбек, Малайсары т. б.

3) Көшпенділер фильмі көрсетіледі.

ІҮ. Шешендік сөздеріне қарап, авторларын тап.
1. «Атадан ұл туса игі,
Ата жолын қуса игі...» (Төле би)
2. «Сен - қабылан, да мен арыстан,
Алысқалы келгенмін...» (Қазыбек би)
3. «Бай болсаң, халыққа пайдаң тисін,
Батыр болсаң, жауға найзаң тисін...» (Әйтеке би)
Ү. Мазмұндары сәйкес келетін ұяшықтарды бірдей түспен боя.
Қазыбек би
Ұлы жүздің басшысы, шешен, Ташкент қаласында жерленген (Төле би)
Кіші жүздің басшысы (Әйтеке би)
Орта жүздің бас биі (Қазыбек би)
ҮІ. Жасырынған сөздерді тап.
1. Бөген өзенінің жағасында дүниеге келген батыр - Бөгенбай
2. «Дарабоз батыр» атанған батыр - Қабанбай
3. Ұлы жүздің ішіндегі шапырашты руынан шыққан батыр - Наурызбай
4. Мағжан Жұмабаевтың дастанындағы кейіпкер батыр - Баян

ҮІІ. БҮҮ стратегиясы
Білемін Үйрендім Үйренгім келеді
Бағалау:
Үй тапсырмасы: §30 - 31. Тақырыптың соңындағы сұрақтарға жауап жазып келу.
16 112
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақ хандары мен билері
Қазақ хандары мен билері
Хан – тайпа көсемінің, кейін мемлекет билеушісінің лауазымы Би - әділдігі әрі тапқыр шешендігімен төрелік айту беделіне ие болған адам Шыңғыс ханның үлкен ұлы. XIII ғасырдың басында қазақ жеріне басып кірген монғол әскерін басқарған.
Қазақ хандарының тарихынан
Қазақ хандарының тарихынан
Хан басқарған мемлекеттік басқару жүйесінің ерекшелігі, ханның атқаратын қызметі және Қазақ хандығының қоғамдық саяси құрылысымен таныстыра отырып, аты аңызға айналған Кенесарыға дейінгі қазақ хандарының қызметіне баға беру.
Қазақ хандары, билері және батырларының тарихы
Қазақ хандары, билері және батырларының тарихы
Қазақ хандары, билері және батырларының ерлігі, басқарған мемлекеттік басқару жүйесінің ерекшелігі, елге атқаратын қызметі және Қазақ х қоғамдық саяси құрылыстарымен таныстыра отырып, баға беру.
Қазақ хандары, билері, батырлары
Қазақ хандары, билері, батырлары
Хан басқарған мемлекеттік басқару жүйесінің ерекшелігі, ханның атқаратын қызметі, қазақ билерінің өмірі, олардың тарихта алатын орны, жоңғарларға қарсы күрескен қазақ батырлары, олардың ерлігі жайында білім беру.
Қазақ хандары, билері және батырларының тарихынан
Қазақ хандары, билері және батырларының тарихынан
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Мұнайшы кенті, № 7 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Жумаева Гүлжан
Қазақ билері, батырлары
Қазақ билері, батырлары
Атырау қаласы Ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын техникалық гимназиясының тарих пәні мұғалімі Қуатова Айгүл Нұрланқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×