Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы

21 қазан 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Тарих
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы,
№45 «Ақ Орда» мектеп - гимназиясы тарих пәні мұғалімі
Есмұхамедов Сәкен Мұхамедқалиұлы

Қазақстан тарихы 8 - сынып.
Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
Сабақтың мақсаты:
• XVIII ғасырдың бас кезіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы жөнінде жалпы түсінік беру, осы кезеңдегі Ресей мен Қазақ хандығы мүдделерінің жақындасу себептерін түсіндіру;
• Құжаттардағы деректермен жұмыс істей отырып, ең бастысы неге назар аударуды анықтау, деректерді салыстыра отырып қорытынды жасау;
• Өз халқының тарихына құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Көрнекілік: Қазақстанның XVIII ғасырдың І ширегіндегі картасы, сызба.
Негізгі ұғымдар: дипломатиялық миссия, транзиттік сауда, Ресей саясатының әскери - отаршылдық сарыны, ойрат басқыншыларына қарсы қазақ хылқының азаттық күресі, отар, империя, сепаратизм, құрылтай.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Оқу құралын тексеріп түгелдеу
3. «Хабар» ел жаңалықтарына шолу /сұрау/

Үй тапсырмасын қайталау: үй тапсырмасын сұрау кезінде практикалық жұмыс ретінде картамен жұмыс және терминдер бойынша диктант аламын (қазақтардың саны мен орналасқан жерлері, жүздердің аумағы, т. б.).

Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары:
1. XVIII ғасырдың бас кезіндегі Тәуке ханның ішкі және сыртқы саясаты.
2. Қазақ хандығының ыдырай бастауы.
3. Қазақстан аумағына сыртқы қауіптің күшеюі және жоңғар шапқыншылығы.
4. Қазақтардың жауға тойтарыс беру әрекеттері.
5. Қазақтардың қару - жарағы мен әскери дәстүрлері.

Оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру үшін осы тақырыпқа байланысты 7 - сыныптағы Қазақстанның орта ғасырлар тарихы курсы бойынша өткен тақырыптарынан сұрақтар қойып, естеріне түсіремін, себебі бұл материалдардың жаңа тақырыпты түсіндіруге тікелей қатысы бар:
1. 1680 - 1715 жылдары Қазақ хандығын кім биледі?
2. Тәуке хан шығарған «Жеті Жарғы» заңдар жинағының қандай тарихи маңызы бар?
3. Жоңғар хандығы қашан құрылды? Жоңғар билеушілерінен кімдерді атай аласыңдар?
4. XVI ғасырдағы қазақ - орыс қатынастарының қандай ерекшеліктері болды?
Осыдан кейін оқушылардың жауаптарын тыңдап балаларға XVI ғасырдың аяғы мен XVII ғасырдағы Ресейдің қазақ жеріне баса назар аудара бастағанын әңгімелеймін.
Ол, бірінші, Ресейдің саяси және сауда - әлеуметтік - экономикалық дамуынан, екіншіден орыс мемлекетінің Орталық Азия мемлекеттерімен экономикалық және дипломатиялық байланыс орнатуынан көрінеді. Сабақты түсіндіре отырып, оқушылардың көз қаперін арттыру үшін төмендегідей хронологиялық кесте толтыртамын.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 077
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығының күшеюі
Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығының күшеюі
Қазақ халқының қалыптасуы мен Қазақ хандығының құрылуы, алғашқы хандары туралы өткен сабақ бойынша тақырыптарын еске түсіреді.
Қазақстанның 18 ғасырдағы әлеуметтік – экономикалық және саяси дамуы. 18 ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
Қазақстанның 18 ғасырдағы әлеуметтік – экономикалық және саяси дамуы. 18 ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
Қазақстанның 18 ғасырдағы әлеуметтік – экономикалық және саяси дамуы. 18 ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Конспект Орыс мемлекеті ортаазиялық хандықтармен сауда - экономикалық, дипломатиялық қатынастарын
Қазақ хандығының ішкі – cыртқы жағдайы (15 ғасырдың соңғы ширегі)
Қазақ хандығының ішкі – cыртқы жағдайы (15 ғасырдың соңғы ширегі)
Қазақ хандығының ішкі – cыртқы жағдайы (15 ғасырдың соңғы ширегі) Конспект 15 ғасырдың II жартысында Қазақ хандығы орда тіккен Жетісуға 200 мың адам қоныстанды. Бұл кең өріс - қонысты керек етті. Қазақ хандығы өз алдына тарихи міндеттерін қойды. 1)
Қазақстан тарихынан күнделікті сабақ жоспарлары
Қазақстан тарихынан күнделікті сабақ жоспарлары
Оқушыларды XVIII ғасырдағы қоғамның әлеуметтік құрылымының ерекшеліктерімен таныстыру, оқушылардың назарын әлеуметтік топтар арасындағы қатынастарға аудару, қазақ қоғамындағы дәстүрлі құқықтың рөлін көрсету;
Қазақ қоғамының этноәлеуметтік құрылымы
Қазақ қоғамының этноәлеуметтік құрылымы
Қазақстан тарихы (8 сынып) Сабақтың тақырыбы: Қазақ қоғамының этноәлеуметтік құрылымы
Абылайдың хандығы
Абылайдың хандығы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, №24 Ү. Түктібаев атындағы орта мектептің тарих пәні мұғалімі Елбосынова Майра
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×