Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Парфия патшалығы

17 қаңтар 2014, Жұма
Категориясы: Тарих
Үй тапсырмасы: Кушан патшалығы
Зымыран сұрақтар
1. Кушан патшалығы қай жерде қалыптасты?
2. Оны кімдер құрған?
3. Қай жерлерді жаулап алған?
4. Қай мемлекеттер мен терезесі тең болды?
5. Мемлекеттің патшаларын ата?
6. Мемлекеттің құлауына не себеп болды?

Кушандықтардың Патшалары
Қатпыз
кезінде - жері ұлғая түсті. Ол Индияға жорық жасап оның солтүстігін бағындырды. Кушан мемлекетінің өз ақшасын шығартты. Сауданың дамуына үлкен әсер етті.
Қанышке
кезінде - ол 23 жылдан астам биледі. Кушан мемлекеті гүлдене түсті. Ірі мемлекеттердің басқыншылық шабуылдарына тойтарыс берді. Шығыс Түркістан жерін басып алды

Кушандықтардың шаруашылығы
Мал бағу
Егіншілік
Бау - бақша
Қолөнер
Сауда
Метал ісін меңгеру

Жаңа тақырып
Парфия патшалығы
Сабақтың мақсаты:
Парфия патшалығының құрылуы, көшпелі тайпалардың ұрпағы Арсак құрған Парфия патшалығы билеушілерінің өз шекарасын үнемі ұлғайтып отырып Римнің басқыншылық әрекетіне күйреуге соққы бергендігі туралы баяндау
Оқушылардың ойын дамыту үшін ең алдымен орналасқан жерін патшаларының қызметтерін салыстыра отырып талдау
Оқушыларды патриоттыққа отансүйгіштікке тәрбиелеуге көңіл бөлу
Жоспары
1. Парфияның қуатты мемлекетке айналу себебін түсіндіру.
2. Парфия басқару жүйесі.
3. Көшпелілер және Парфия.
4. Парфияның римдіктерді талқандауы
Тақырыптың бірінші мәселесін талдап түсіндіру үшін оқушыларға бірнеше сұрақтар беруге болады
1 Сақтар қай жерде мекендеген
2 Сақтарға сипаттама бер
3 Олар қай кезеңде өмір сүрген
4 Олар шаруашылықтың қандай түрлерімен айналысқан
5 Олардың қоғамдық - әлеуеттік құрылысын әңгімелеп беріңдер
6 Сақтардың ескерткіштері қай жерлерден табылды
1 Парфияның қуатты мемлекетке айналу себебін түсіндіру
1 Арсак – Мемлекеттің негізін қалады
2 Тиридат – Парфия патшалығының жерін кеңейтіп, қуатты мемлекетке айналдырды
3 1 Митридат – Парфия патшалығының шекарасын Евфрат өзеніне дейін жеткізді. Сөйтіп оңтүстік батыстағы бай аймақты өзіне қаратып алды

2 Парфия басқару жүйесі
1 Патша
2 Ақсүйектер және дінбасылар
3 Сатраптықтар
4 Диз

3 Көшпелілер және Парфия
Көшпелілер парфиялықтар тарихында - да елеулі орын алды. Парфия мемлекетінің негізін салушы Арсактың өзі көшпелілер ұрпағы екенін біз жоғарыда ескерттік

4 Парфияның римдіктерді талқандауы
Рим мен Парфиялықтар бетпе бет келді. Ақыры б. З. б 53 жылы Римдіктер жорыққа шықты. Парфия әскерін қолбасшы Сурен басқарды. Шайқас нағыз қантөгісті сипат алды. Осы соғыста Рим әскері жеңілді. Атақты Красстың өзі де қаза тапты. Оның басы соғыс олжасы ретінде Парфия
патшасына жіберілді. Б з б 1 ғ аяғы 2 ғ басында Парфия әлсірей бастады
Сабақты бекіту
Сөздік мен жұмыс
Диз – аудандар
Дизпат - аудан басшысы
Сатраптықтар – аймақтар
Сатраптар – аймақ басшысы

Парфияның қуатты мемлекетке айналу себебі
1. Арсак – Мемлекеттің негізін қалады.
2. Тиридат – Парфия патшалығының жерін кеңейтіп, қуатты мемлекетке айналдырды.
3. І Митридат – Парфия патшалығының шекарасын Евфрат өзеніне дейін жеткізді. Сөйтіп оңтүстік батыстағы бай аймақты өзіне қаратып алды.
Парфиядағы басқару жүйесі
Патша
Ақсүйек ақсақалдар Дінбасылар
Сатраптар Дизпат

Суретпен жұмыс Парфия мергені
Сандар сөйлейді
Б. з. б 3 ғ - Қазіргі Ираның солтүстігінде Парфия мемлекеті пайда болды.
Б. з. б 130 ж - Сирия патшасы Парфияға қарсы жорық жасады.
Б. з. б. 55 ж – Римдік әскербасы Сирия жеріне келеді
Б. з. б. 53 ж – Римдік әскер Парфиялықтарға қарсы жорыққа шықты

Талдау.
Парфия б. з. б ІІІ ғасырда өмір сүрген батыл, ержүрек тайпа.
Парфия ------------------- Зат есім
б. з. б ІІІ ғасырда ------ Сан есім
өмір сүрген ------------- Етістек
батыл, ержүрек ------- Сын есім
тайпа. -------------------- Зат есімге синоним
Оқушылардың білімін бағалау
Үй тапсырмасы оқып келу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
34 428
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
13 - 15 ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан. Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы
13 - 15 ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан. Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы
5 ТАРАУ. 13 - 15 ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан. Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы Конспект 1206 жылы көшпелі шонжарлардың құрылтайында Монғол империясы құрылды. Ұлы хан болып Шыңғысхан (Темүжін) сайланды. Монғол мемлекеті 95 түмен
Дамыған орта ғасырлардағы мемлекеттер. Қарахан мемлекеті
Дамыған орта ғасырлардағы мемлекеттер. Қарахан мемлекеті
Дамыған орта ғасырлардағы мемлекеттер. Қарахан мемлекеті. Конспект 10 ғасырдың орта кезінде, 942 жылы Жетісу аймағы мен Шығыс Түркістанның бір бөлігінде Қарахан мемлекеті құрылды. Орталығы – Баласағұн қаласы. Мемлекеттің негізін Сатұқ Боғра хан
Парфия патшалығы
Парфия патшалығы
Парфия патшалығының құрылуы, көшпелі тайпалардың ұрпағы Арсак құрған Парфия патшалығы билеушілерінің өз шекарасын үнемі ұлғайта отырып, Римнің басқыншылық әрекетіне күйрете соққы бергендігі туралы баяндау.
Ежелгі Үндістан
Ежелгі Үндістан
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Ақтасты селосы Абай атындағы орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Султанова Асем Атабаевна
Ежелгі Ассирия мемлекетінің қалыптасуы
Ежелгі Ассирия мемлекетінің қалыптасуы
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, №77 А.Асқаров атындағы мектеп – гимназиясының тарих пәні мұғалімі Үсенбаева Айсұлу Мұсахановна
Ежелгі Үндістан
Ежелгі Үндістан
Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы, Ғалым Малдыбаев атындағы Жаңажол орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Сералина Жұлдыз Ерболатқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×