Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ежелгі Ассирия мемлекетінің қалыптасуы

30 қыркүйек 2014, Сейсенбі
Категориясы: Тарих
Сабақтың тақырыбы: Ежелгі Ассирия мемлекетінің қалыптасуы
Сабақтың мақсаты: а) білімділік оқушыларға Ассирияның табиғат жағдайлары, шаруашылығы мен қоғамдық құрылысы, Ашшур қала - мемлекеті жөнінде мағлұмат беру.
б) дамытушылық мақсаты: оқушылардың логикалық ойлау, шешім шығару, қорытынды жасау, өз бетінше, топпен жұмыс жасау қабілеттерін дамыту.
в) тәрбиелік: әділдікке, адамгершілікке, тарихи құндылықтарды құрметтеуге, сақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, тірек - сызбалар, кестелер.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың типі: жаңа материалды меңгерту

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Кім жылдам? ойыны
Тұлғаны таны
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Бетпе - бет хабары
2. Термин сөздермен жұмыс
3. Сабақты қорытындылау

Кім жылдам? ойыны
10 ұпай. Египеттіктер таңба - суреттерді қалай атады?
20 ұпай. Пирамидалар не үшін салынды?
30 ұпай. Египет перғауындары қандай көрші елдерді тонады?

10 ұпай. Египетті неліктен «қара жер»деп те атаған?
20 ұпай. Сақшылыр мен шабармандардың қызметі қандай?
30 ұпай. Математика ғылымының шығуына қандай жағдайлар әсер етті?

10 ұпай. Ежелгі Египет өнері несімен ерекшеленді?
20 ұпай. Сфинкстерді неден жасаған?
30 ұпай. Египетте шонжарлар тобына кімдер жатты?

«Тұлғаны таны»
1. Б. з. б1500ж. шамасында......... перғауын өз әскерімен Алдыңғы Азияға аттанды. Ол патшалық құрған кезде Сирияға 17 рет жорық жасаған екен.
(Тутмос ІІІ)

Жаңа сабақтың жоспары
1. Географ - Табиғат жағдайлары
2. Әлеуметтанушы - Ассирияның шаруашылығы мен қоғамдық құрылысы
3. Тарихшы - Ассирия мемлекетінің құрылысы
4Саясаттанушы -. Ашшур қала - мемлекеті

Географ: Вавилонның солтүстігінде пайда болған ірі мемлекеттің бірі - Ассирия деп аталады. Ол қазіргі Ирак мемлекетінің солтүстік - шығыс бөлігінде пайда болған еді. Бұл аймақта Қосөзеннің оңтүстігімен салыстырғанда құнарлы жазықтықтар аз болды. Тек Тигр мен оған ағып келіп құятын Үлкен және Кіші Заб өзендерінің аңғарларында шағын жазықтықтар болды. Аймақтың негізгі бөлігі таулы, үстіртті болып келді.

Әлеуметтанушы: Ассирияның шаруашылығында мал бағудың маңызы үлкен болды. Жылқы көлік ретінде де әскери күш ретінде пайдаланылды. Ассириялықтар - тасты құрылыс ісі үшін кең пайдаланған елдердің бірі. Ассирияда рулық, қауымдық құрылыс белгілері ұзақ сақталды. Отбасында әке негізгі рөл атқарды. Үлкен ұл мұраның көп бөлігін иеленді. Соғыстар жиі болып отырғандықтан жауынгерлердің рөлі ерекше болды.

Тарихшы: Ассирия жеріндегі ежелгі елді мекендер уақыт өте келе шағын мемлекеттерге айналды. Мемлекеттік маңызды мәселелерді ақсақалдар кеңесі шешіп отырды. Ассирия мемлекеті ұзақ уақыт көршілес ірі мемлекеттердің қол астында болады. Хаммурапидің кезінде ол Вавилонға тәуелді болды.

Саясаттанушы: Тек б. з. б ХV ғ. Ашшур қала - мемлекеті көтеріле бастады. Бұған ең алдымен көрші мемлекеттердің әлсіреуі әсер етті. Ашшурдың әскербасылары мен көпестердің рөлі артты. Оларға сүйенген билеуші бар билікті өз қолына алып, патшаға айналды. Ал оның патшалығы Ассирия деп аталды. Ассирия билеушілері әскери іс пен соғыс өнерін дамытуға көп көңіл бөлді. Ассириялықтар үшін өткел бермейтін өзендерден де өту оңай болды. Олардың артықшылығы күтпеген жерден, тез соққы бере алатындығында.

Термин сөздермен жұмыс
Сфинкс -
Иероглиф -
Папирус -
Перғауын -
Пирамидалар -

Сабақты қорытындылау. тақырыпты оқу.
Ежелгі Ассирия мемлекетіне саяхат әңгіме жазу.
25 181
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сақтардың қоғамдық құрылысы
Сақтардың қоғамдық құрылысы
Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырап әскери демократиялық пайда болу ерекшеліктеріне тоқталу, ерікті қауым мүшелерін тәуелді адамдарға айналдыру, таптар мен мемлекеттің қалыптасуы.
Еуропаның халқы
Еуропаның халқы
Еуропаның халқы, тілдік, діни, ұлттық, жастық, жыныстық құрамдары, еңбек ресурсы жөнінде түсіндіру. Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.
Ежелгі Үндістан
Ежелгі Үндістан
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Ақтасты селосы Абай атындағы орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Султанова Асем Атабаевна
Египеттегі ғылым мен мәдениет
Египеттегі ғылым мен мәдениет
БҚО, Шыңғырлау ауданы, Ащысай ауылы. Тарих пәні мұғалімі: Есеналин Акылбек Габиденович
Ежелгі Қосөзен мәдениеті
Ежелгі Қосөзен мәдениеті
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, №77А. Асқаров атындағы мектеп - гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі Ботабаева Күнсұлу Садуахасқызы
Ежелгі Үндістан
Ежелгі Үндістан
Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы, Ғалым Малдыбаев атындағы Жаңажол орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Сералина Жұлдыз Ерболатқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×