Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мата өндірісі. Мақта және зығырдың қасиеттері

15 қаңтар 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Технология
Технология 5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Мата өндірісі. Мақта және зығырдың қасиеттері
Сабақтың мақсаты:
1) Білімділігі: Оқушыларға жаңа сабақты меңгерту. Матаны таңдау жолдарын, кесте тігуді меңгерту. Еңбек құралдарын пайдалана білу мен өз өнерін бағалай білуге баулу;
2) Дамытушылығы: Оқушылардың ой - қиялын дамыту, дүниетанымын, байқағыштығын, шығармашылық қабілеттерін, өз қолдарымен қажетті бұйымдар жасауға, қол ептілігін дамыту;
3) Тәрбиелілігі: Еңбек мәдениетін сақтауға, іскерлікке, талғампаздыққа, еңбек сүйгіштікке, ұқыптылыққа баулу;
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: Ашық сабақ
Жаңа технология: СТО
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, ой - қозғау, топтастыру, венн диаграмма, салыстыру кестесі
Сабақтың көрнекілігі: Плакат, слайд, сөз жұмбақ, мақта, зығыр маталар, ине, қайшы, жіп.
Қажетті құралдар: мата түрлері, кесте тігуге арналған ине - жіп, қайшы, кергіш

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
А) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
Оқу, құрал, дәптер ал
Сабаққа керек ол құрал.
Досыңдай сенің күн күліп,
Жаныңда тұрсын күнделік.
Ә) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (карточкамен жұмыс)
№ 1. Қол жұмыстарын орындау дегеніміз не?
№ 2 Жұмыс аяқталғаннан кейін құралдарды не істеу керек?
№ 3. Қол жұмыстарын орындаудағы дұрыс отыру ережесін ата?
№ 4. Қол денеден неше см ара қашықтықта болады?
№ 5. Көз бен бұйым арасындағы ара қашықтық неше см болуы тиіс?

ІІІ. Жаңа сабақ
Мақта - бір жылдық өсімдік. Мақта өсімдігінің аппақ ұзын талшықтары құрамдас қораптан тұрады. Осындай талшықтарды мақта дейді. Мақтаның жеке талшықтары өте жіңішке болады. Талшықтардың ұзындығы әр түрлі:
6 - дан 52 мм - ге дейін. Мақта талшықтарының табиғи түсі - ақ, сонымен қатар қоңыр сарғыш, жасыл түстері де кездеседі. Гидроскопиялығы - қоршаған ортадағы ылғалды өткізу қасиеті. Мақтаның гидроскопиялық қасиеті өте жоғары. Мақта ылғалды тез өткізіп, тез кебеді. Күн сәулесінің әсерінен мақта беріктігін бірте – бірте жояды. Мақта талшықтарын қолға ұстап қарағанда, өте жұмсақ. Жағып тексергенде, ашық - сары түсті болып жанып, күйген қағаздың исі шығады.
Мақтаны мата тоқыма бұйымдарын, тігін жіптер дайындауда кеңінен қолданады. Еліміздің тігін өндірісі орындарында мақта матаны кеңінен қолданады. Мақта матадан дайындалған бұйымның түрлері өте көп. Тұрмыстық қажетке арналған мата түрінен көйлек, жейде, іш киім, сырт киім, орамал, төсек орын жабдықтары т. б бұйым түрлері тігіледі.

Мақта мата мықты, жұмсақ, жеңіл келеді. Одан тігілген киім өте ыңғайлы, жеңіл жылы болады. Гигиеналық тұрғыдан қарасақ, ол ылғал мен ауа өткізгіш, тез кебеді, оңай жуылады, жақсы тазаланады, жеңіл үтіктеледі, жоғары температураға да төзімді.
Мақта мата біркелкі иірілген жіппен тоқылады, оның беті тегіс болады. Бұл маталар негізгі жіп арқылы созылып, жуылған кезде сол арқылы отырады.
Зығыр – зығыр талшықтарын беретін, бір жылдық шөп тектес өсімдік.
Зығырдың үш түрі бар:

Салалы зығыр
Жабайы зығыр
Бұйра зығыр.

Талшықтарды алу үшін салалы зығыр өсіреді. Оның сабағы тік, биіктігі 1м - ге дейін жетеді. Талшықтардың жуандығы мақта талшықтарындай. Ұзындығы 15 - 26мм. Талшықтардың түсі ашық сұрдан жабық сұрға дейін болады. Зығырдың өзіне тән жылтырлық қасиеті бар. Зығыр талшықтарының гидроскопиялығы мақтадан жоғарырақ. Зығыр мақтаға қарағанда ыстыққа төзімді. Зығыр матаның беті тегіс, жылтыр және жіптің жуандығы әр түрлі болады. Таза зығыр матасы сетінегіш, мыжылғыш келеді және тез үтіктеледі. Мата қазақ өлкесіне бұрын Ұлы жібек жолы арқылы Шығыс, Оңтүстік Азия елдерінен, кейін Ресейден тасып әкелінген. Тоқылуына, сапасына, өрнектердің түрі мен әдемілігіне қарай матаның әр түрлі атауы болады. Қазіргі кезде зығырға капрон, лавсан т. б жасанды талшықтар қосылады.

ІҮ. Сарамандық жұмыс:
Қажетті құрал - жабдықтарын түгендеу. Қайшымен жұмыс істеу ережелерін еске түсіру.
● Қайшыны арнаулы қобдишада сақтау керек.
● Қайшыны жолдасыңа үшкір ұшымен берме.
● Жолдасың қайшымен жұмыс істеп жатқан кезде көңілін бөлуге болмайды.

«Талаппен бастап, талғаммен аяқта»- деген халық мәтелін есте ұстап, жұмысты бастайық. Матадан орамалша дайындау.

Ү. Сергіу сәті: Адасқан құралдарды тап
Ине -------------------------------- сызады
Мақта ---------------------------- өлшеуіш
Қайшы --------------------------- жазады
Үтік -------------------------------- оқу құралы
Сантиметрлік лента --------- мата
Сызғыш ------------------------- тігеді
Карандаш ---------------------- қияды

Тақтамен жұмыс: Сөз жұмбақ шешу
1. Саусақ басына киетін темір қалпақ? (Оймақ)
2. Кесетін құрал? (пышақ)
3. Мата қиятын құрал? (қайшы)
4. Құстың жүнінен жасалған үй жиһазы? (құстөсек)
5. Жұмсақ мата түрі? (мақта)

Ү. Сабақты бекіту: І. ВЕНН диаграмма
♦ Зығыр мата
Зығыр – зығыр талшықтарын беретін, бір жылдық шөп тектес өсімдік. Зығырдың үш түрі бар: салалы зығыр, жабайы зығыр, бұйра зығыр. Талшықтарды алу үшін салалы зығыр өсіреді.

♦ Мақта мата
Мақта - бір жылдық өсімдік. Мақта өсімдігінің аппақ ұзын талшықтары құрамдас қораптан тұрады. Осындай талшықтарды мақта дейді. Мақтаның жеке талшықтары өте жіңішке болады.

♦ Ұқсастығы
Бір жылдық өсімдік. Киімдер тігеді.
Ылғалды жақсы өткізеді.
Екеуі де мата.

ІІ. Топтастыру: І топ
Зығыр → Бір жылдық, жылтыр, тегіс, мықты, ашық сұр,
ІІ топ
Мақта → Бір жылдық, жұмсақ, ақ түсті, ылғалды өткізеді

ІІІ. «Кім тапқыр» бөлімі
Мақта мен зығырдың талшықтарын салыстыру

ІҮ. « Ой түйіндеу» Сұрақ – жауап:
1. Мақта дегеніміз не?
2. Зығыр дегеніміз не?
3. Мақта неше жылдық өсімдік?
4. Зығырдың неше түрі бар?
5. Мақта маталардан қандай заттар тігіледі?
6. Мата қазақ өлкесіне қай елдерден әкелінген?
7. Зығыр матаның беті қандай болады?
8. Мақта матаның түсі қандай болады?

Қорытынды: Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңді түстер арқылы көрсетіңдер?
Жасыл түс: Жаңа сабаққа көңілім толды.
Қызыл түс: Жаңа сабақ әсерлі болды
Сары түс: Жаңа сабақта жаңа ақпараттар алдым.

ҮІ. Үйге тапсырма:
Мақта, зығыр коллекциясын жасау. Түсінік айту
ҮІІ. Бағалау.
Оқушыларды салыстырмалы түрде бағалау.

Атырау облысы, Қызылқоға ауданы,
Жасқайрат ауылы, Ш. Т. Еркінов атындағы
орта мектебінің технология пән мұғалімі
Құмарова Қорлан

Толық нұсқасын жүктеу
26 937
0
  • 100
2 дауыс


Жаңалықтар
Технология 11 сынып II тоқсан тест жұмысы (қыздар тобы)
Технология 11 сынып II тоқсан тест жұмысы (қыздар тобы)
Технология пәні бойынша 11 сынып II тоқсан тест жұмысы (қыздар тобы)
Технологиядан сабақ топтамасы
Технологиядан сабақ топтамасы
Ойыл қазақ орта мектебінің еңбек пәні мұғалімі Базарова Рая Кәкіқызы
Мататану негіздері. Мақта және зығыр маталары
Мататану негіздері. Мақта және зығыр маталары
Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Б. Атыханұлы атындағы №36 гимназияның технология пәні мұғалімі: Бакелекова Динара Болатханқызы
Матамен жұмыс істеу. Әр түрлі талшықты маталармен жұмыс істеу. Маталардың жіктелуі
Матамен жұмыс істеу. Әр түрлі талшықты маталармен жұмыс істеу. Маталардың жіктелуі
Атырау қаласы, пос. Жұмыскер Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебінің технология пәні мұғалімі Досаева Салтанат Уразқызы
Мата туралы жалпы түсінік
Мата туралы жалпы түсінік
Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, №116 орта мектептің технология пәні мұғалімі Алиева Гүлбахрам Тыныштықбайқызы
Шеберлерден үйренейік
Шеберлерден үйренейік
Матаны таңдау жолдарын, кесте тігуді меңгерту. Еңбек құралдарын пайдалана білу мен өз өнерін бағалай білуге баулу;
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×