Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мататану негіздері. Мақта және зығыр маталары

31 қаңтар 2014, Жұма
Категориясы: Технология
Сабақтың тақырыбы: Мататану негіздері. Мақта және зығыр маталары. (5 - сынып)
Сабақтың мақсаты:
білімділік: оқушыларға мататану, мақта және зығыр маталардың алынуы туралы білім беру;
дамытушылық: оқушылардың мата туралы түсініктерін дамыту;
тәрбиелік: оқушыларды әдемілікті сезіне білуге, ұқыптылыққа тәрбилеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекілік құралы: мата қиындылары, қайшы, ине - жіп
Пәнаралық байланыс: дүниетану, бейнелеу

Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу, сабаққа дайындықтарын тексеру, оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Шайдың қандай қасиеті бар?
2. Шайдың қандай сорттары өсіріледі?
3. Олардың бір - бірінен қандай ерекшелігі бар?
4. Шайды дұрыс демдеу туралы айтып беріңдер.
5. Какаоның қандай қасиеттері бар?
6. Оны қонақтарға қалай ұсынады?
7. Кофенің қандай қасиеттері бар?

ІІІ. Жаңа сабақ.
Барлық тоқыма маталар талшықтардан тұрады. Ең алғаш адамдардың жіп алуға қолданған талшықтары қалақай (крапива) және кенешөп (конопля) талшықтары болды.
Қазіргі жағдайда түрлі табиғи (мақта - мата, зығыр, жүн және т. б.), сондай - ақ, химиялық талшықтар қолданылады.
Өсімдік талшықтарынан алынған табиғи мата шығаруда мақта мен зығыр қолданылады.
Қоза – 1 метр биіктікке дейін өсетін біржылдық бұталы өсімдік. Қоза өскеннен кейін ұрық қабыршағы ашылады. Қабыршақ ішіндегі тар өзегі талшықтармен оралған. Мақта талшықтары – ақ түсті, үлпілдеген, қысқа, жұмсақ, жіңішке болады. Нақ солардан мақта - мата жіптері мен маталарын алады. Сонымен қатар, мақтаның тұқымын май, жануарларға қорек ретіндегі жемді алады. Мақтаны құнды қасиеттері үшін ақ алтын деп атайды.
Мақтаның шыққан Отаны – Үндістан, Қытай және Мысыр. Ол 30 градустық ыстықты және өте көп мөлшердегі ылғалды жақсы көреді. Біздің елімізде қоза оңтүстік аймақта өсіріледі.
Зығыр – биіктігі 1 метрге жетпейтін өсімдік, сабағының қабықты бөлігінен талшық алынады. Талшықтан мата шығарылады. Бұл талшықтар талшықтан жасалған (лубяные) деп аталады. Олар тегіс, ұзын, тіке, берік және қалың болады. Зығыр матасы әдетте сұр түсті. Өзіне тән жылтыр сұр түсіне қарай зығырды солтүстік жібегі деп атайды.
Зығырдың Отаны – Ресей. Бұл өсімдік жарықты, ылғалды, шамамен орта қалыптағы жылылықты жақсы көреді, жеңіл аяздардан қорықпайды.
Кез келген маталар сияқты мақта және зығыр маталары механикалық, гигиеналық және технологиялық қасиеттерге ие (1 - кесте).
Мақта - матасы жалтырамайды және кедір - бұдырлы. Бұл мата суды жақсы сіңіреді, тез кебеді, ауа өткізеді, жеңіл жуылады, қатты мыжылады, жақсы үтіктеледі. Одан тұрмыстық және техникалық бұйымдар дайындайды.
Мақта - матасының түрлері: шыт, бәтес, фланель, джинсалық мата, ши барқыт (вельвет).
Зығыр матасы берік, мықты, сол үшін де оны техникалық маталар дайындауда қолданады (палатка - шатырларға және рюкзак - жолқапшықтарға арналған брезент, және т. б.). Сонымен қатар, оны киім, жатын төсеніштерді дайындауда қолданады.
Зығыр матасының түрлері: зығыр матсы (льняное полотно), зығыр бәтесі (льняной батист), кенеп (парусина) (арнайы киімдерге).
Матаны алу
Түрлі міндеті бар маталарды дайындауда түрлі жіптер қажет етіледі. Жіп талшқытан дайындайды. Бұл процесс иіру деп аталады.
Талшық бума - бума болып, тоқыма фабрикасында түседі. Талшық тазартылады, арнайы түткіш (чесальная) машинада таралады.
Содан соң оларды бауларға бөледі. Баудан созу және иіру нәтижесінде жіп алынады.
Тоқыма фабрикасында жіптерден мата тоқиды. Мата тоқыма станогында жіптердің айқасуы нәтижесінде алынады. Бұл үрдіс тоқыма деп аталады.
Арқау орағыш ұршыққа (6) негізгі жіп (тік жіп) оралады. Шөрнекке (3) арқау жіп (көлденең жіп) оралған. Матаның тығыз тоқылуы үшін мата шетін жиек (кромка) (4) реттеп тұрады. Дайын мата тауарлы білікке оралады.
Тоқыма станогында тоқылған матаны қатал (суровый) деп атайды. Мата тоқу үшін белгілі бір жұмыс операциялары тізбектеле орындалады:
- үйіту (опаливание) – матаның өң бетіндегі шығып қалған талшықтардың ұштарының алынып тасталуы.
- ағарту – матаны ағартқышпен тазалау.
- бояу – белгілі бір түспен матаны бояу.
- басу (печатание) – ағартылған немесе біртүсті тегіс боялған мата бетіне сурет салу. Мұндай мата әрлеп безендірілген немесе айшықталған (набивной) деп аталады.
Киімді тігуде оның айырмашылығы білу керек. Матаның өң беті мен ішкі бетін айырудың белгілері мынадай:
1. матаның өң бетінде түйіндер аз болады.
2. өң бетінің суреті анық айшықталған.
3. өң бетінің жиегі жатық.
4. матаның өң беті жылтырайды, ішкі беті жылтырамайды.
Әрлеп безендірілген матаның өң және ішкі беті болады. Өң бетінде сурет анық айшықталады.
Жіп иіру дегеніміз - жекелеген қысқа талшықтардан ұзын жіп (иірілген жіп) шығарып алу. Тоқымашылық – мата алу үшін иірілген жіптерді өзара өріп - тоқу процесі. Жіп иіру де, тоқымашылық та ерте замандардан - ақ белгілі болған.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.
1. Талшықтар қандай болып келеді?
2. Зығыр және мақта - матасының айырмашылығы қандай?
3. Жіп иіру дегеніміз не?
4. Тоқымашылық деп қандай процесті атайды?
5. Тігін матасы неден тұрады?
6. Матаның негізін қалай анықтаймыз?
7. Матаның өң бетін анықтау неге қажет?
Ү. Сабақты қорыту. Міне, қыздар бүгін біз мататану, мақта және зығыр маталары туралы көп мағлұмат алдық. Матаның өң және терістеме жағын ажыратуды білдік.
ҮІ. Үйге тапсырма.
ҮІІ. Жұмыс орнын ретке келтіру
27 922
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мататану бөліміне арналған тест сұрақтары
Мататану бөліміне арналған тест сұрақтары
Мататану бөліміне арналған тест сұрақтары. 1. Матаның пайдалы қасиеттері. А) ауа өткізгіштігі Ә) өңінің түспеуі Б) Қыртыстанбауы
Тоқыма айқаспаның түрлері
Тоқыма айқаспаның түрлері
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы Қызыл - төбе елді мекені, №2 орта мектебі Технология пәнінің мұғалімі Утегенова Жибек Жаналиевна
Мата туралы жалпы түсінік
Мата туралы жалпы түсінік
Түркістан қаласы, Ататүрік атындағы №17 мектеп гимназия Домаева Ақмарал Абдикаримовна
Матамен жұмыс істеу. Әр түрлі талшықты маталармен жұмыс істеу. Маталардың жіктелуі
Матамен жұмыс істеу. Әр түрлі талшықты маталармен жұмыс істеу. Маталардың жіктелуі
Атырау қаласы, пос. Жұмыскер Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебінің технология пәні мұғалімі Досаева Салтанат Уразқызы
Мата туралы жалпы түсінік
Мата туралы жалпы түсінік
Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, №116 орта мектептің технология пәні мұғалімі Алиева Гүлбахрам Тыныштықбайқызы
Мата өндірісі. Мақта және зығырдың қасиеттері
Мата өндірісі. Мақта және зығырдың қасиеттері
Сабақтың мақсаты: 1) Білімділігі: Оқушыларға жаңа сабақты меңгерту. Матаны таңдау жолдарын, кесте тігуді меңгерту. Еңбек құралдарын пайдалана білу мен өз өнерін бағалай білуге баулу;
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×