Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тамақтану физиологиясы

21 қаңтар 2014, Сейсенбі
Категориясы: Технология
Сабақтың тақырыбы: Тамақтану физиологиясы (5 - сынып)

Сабақтың мақсаты:
білімділік: оқушыларға тамақтану физиологиясы туралы түсінік беру;
дамытушылық: оқушыларға теориялық алған білімдерін күнделікті тіршілікте пайдалана білуге үйрету;
тәрбиелік: оқушыларды тәртіптілікке, қарым - қатынас мәдениетіне, өзіне деген сенімділігіне тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекілік құралы: буклет, слайд
Пәнаралық байланыс: биология
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлеметсіздер ме, қыздар! Отырыңыздар. Оқушыларды түгендеп, сабаққа қажетті материалдарды тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасы.
1. Қауіпсіздік техникасын ата.
2. Инемен қауіпсіздік техникасын айт.
3. Қайшымен қауіпсіздік техникасын айт.
4. Тігін машинасымен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережесі қандай?

ІІІ. Жаңа сабақ.
Тамақтану дегеніміз – организмнің тіршілігін, денсаулығын және еңбекке қабілеттілігін сақтау үшін қажетті қоректік заттарды сіңіру процесі. Адам ағзасы тамақпен бірге тіршілік әрекетіне қажет нәруыздар, майлар, көмірсуларды, сондай - ақ биологиялық белсенді заттар – дәрумендер мен минералды тұздарды алады. Ағзаға түскен тамақты қорытуда ас қорыту жүйесі үлкен рөл атқарады. Тамақты нәруыздарға, майларға, көмірсуларға, оларды өз кезегінде жай заттарға ыдыратады.

Бұл заттардың барлығы ас қорыту жолында сіңіріліп, қан мен лимфаға, яғни ағзаның сұйық ортасында түседі.
Адам өмірінде дұрыс және тиімді тамақтану маңызды рөл атқарады. Тамақ алуан түрлі болуы керек: еттен және балықтан жасалған тағамдар, сүт тағамдары, көкөністер мен жеміс - жидектер, өсімдіктекті және жануартекті майлар.
Тамақтану мәдениетіне ерекше назар аудару керек. Тамақты күнде бір мезгілде ішкен дұрыс, сонда тамақ едәуір толық қорытылады.

Санитарлық - гигиеналық талаптар.
Тамақты дайындау кезінде оған ағзаға зиянды, ауру тудыратын микробтар түсіп, тамақтан уланып қалмау үшін санитарлық - гигиеналық талаптарды сақтау керек.
Бөлмелер мен жабдықтарға қойылатын талаптар
1. Асүй бөлмесі таза болуы қажет. Ылғал шүберекпен үнемі сүртіп отыру керек.
2. Таза ыдысты жабық шкафка немесе жабық сөрелерге қою керек.
3. Тамақ қалдықтарын қақпағы бар шелекке салып, дер кезінде шығарып отыру қажет.

Тамақ дайындайтын адамға қойылатын талаптар
1. Тамақты алжапқыш тағып дайындау керек.
2. Қолды тазалап жуу қажет.
3. Шашты жинап, орамал тартып алу керек.

Тамақты жасауға қойылатын талаптар
1. Мерзімі өтіп кеткен азық - түліктерді пайдаланбау керек.
2. Азық - түлікті бөлуге, турауға жеке - жеке тақтайлар қолданылады.
3. Тамақ әзірлеу алдында азық - түлікті мұқият жуып, тазалайды және турайды.
4. Тотығатын металдан жасалған және сыры кеткен ыдысты пайдалануға болмайды.

Азық - түлікті және дайын тамақты сақтауға қойылатын талаптар
1. Азық - түлік пен дайын тамақты жабық ыдысқа салады, мерзімінен артық сақтауға болмайды.
2. Тез бұзылатын азық - түлікті тоңазытқышта сақтайды.
3. Сақтау мерзімі өтіп кеткен, ескірген азық - түлікті тамаққа пайдалануға болмайды. Бұдан адам уланып қалуы мүмкін.

Қауіпсіздік ережелері
Электр қуатымен жұмыс істейтін аспаптарды пайдалану
1. Электр қуатымен жұмыс істейтін аспаптарды отқа төзімді тұғырға қою керек.
2. Электр плиткасының сымдары жерге қосылуы керек.
3. Ток көзіне қосатын баудың жұмысқа жарамдылығын алдын ала тексеріп алған жөн.
4. Аспаптың айыртығынын құрғақ қолмен ұстап қосып – ажырату қажет.
5. Жұмыс соңында электр аспабын ажырату керек.

Ыстық ыдыспен және сұйықтықпен жұмыс істеу
1. Сұйықтықты кастрөлге ернеуіне жеткізбей құяды.
2. Сұйықтық қайнағаннан кейін қыздыруды азайту керек.
3. Ыстық ыдыстың қақпағын ашқанда, өзіңнен қашық ұстау қажет.
4. Қайнап жатқан сұйықтыққа жарманы және басқа азық - түлікті байқап салу керек.
5. Ыстық майы бар табаға азық - түлікті алшақ тұрып салу қажет.
6. Плитадан ыстық ыдысты алар кезде тұтқышты пайдалану керек.
7. Түбі майысқан, ұстағышы сынып қалған ыдыстарды пайдалануға болмайды.

Аспаптармен, керек - жарақтармен жұмыс істеу
1. Пышақты пайдаланғанда, оны өте жоғары көтермеңдер.
2. Пышақты бергенде сабымен ұсыну керек.
3. Үккіште азық - түліктің өте ұсақ бөлігін үкпеңдер.
4. Еттартқыштан азық - түлікті өткізгенде, итеру үшін түйгішті пайдаланыңдар.

ІІІ. Жаңа сабақты бекіту.
1. Тамақтану физиологиясы дегеніміз не?
2. Адамның өмір сүруіне тамақтану қандай маңызды қызмет атқарады?
3. Тамақтану мәдениеті дегенді қалай түсінесіңдер?
4. Қандай дәрумендерді білесіңдер?

ІҮ. Сабақты қорыту. Міне, бүгін тамақтану физиологиясын таныстық. Қалай тамақтану керектігін, санитарлық - гигиеналық талаптарды білдік.
Ү. Үйге тапсырма. 1 тарау. 14 - 21 бет оқу.
ҮІІ. Оқушылардың білімін бағалау. Оқушылардың сабаққа белсене қатысып, сұрақтарға жауап беруіне қарай білімдерін бағалау.
ҮІІІ. Жұмыс орнын ретке келтіру.
26 755
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дұрыс тамақтана біл!
Дұрыс тамақтана біл!
Түрлі дереккөздер негізінде пайдалы және зиянды тағамдардың арасындағы айырмашылықтарды анықтау.
Ересек топтарға арналған перспективалық жоспар
Ересек топтарға арналған перспективалық жоспар
Валеология» еліне саяхат. Біздің сүйікті досымыз - СӨС (салауатты өмір салты) дәрігері.
Дәмді әрі пайдалы
Дәмді әрі пайдалы
Дұрыс тамақтану туралы айтады; Пайдалы және зиянды тағамдарды анықтайды.
Тамақ дайындау технологиясы
Тамақ дайындау технологиясы
Технология пәні мұғалімі: Бақыт Матаева
Сүт және сүт өнімдері
Сүт және сүт өнімдері
Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Б. Атыханұлы атындағы № 36 гимназияның технология пәні мұғалімі: Бакелекова Динара Болатханқызы
Дұрыс тамақтану — денсаулық кепілі
Дұрыс тамақтану — денсаулық кепілі
Ақтөбе қаласы, № 53 орта мектебінің бастауыш калсс мұғалімі Сембі Кенжегүл Бақытқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×