Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тамақ дайындау технологиясы

12 қаңтар 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Технология
Технология пәнінен 8 - 10 кластарына арналған күнделікті жоспарлар (нұсқаулық)
Технология 8 класс
Сабақ № 1
Сабақтың тақырыбы: Тамақ дайындау технологиясы. Қауіпсіздік ережелері, санитарлық - гигиеналық талаптар. Тамақтану физиологиясы және мәдениеті. Тамақ арқылы жұғатын аурулардың алдын алу шаралары. Қазақтың ұлттық тағамдарының ерекшелігі. Экономика негіздері және қаржы сауаттылығы пәні, мақсат, міндеттері.
Сабақтың мақсаты:
• Оқушылардың 7 - класында өткен тамақ әзірлеу технологиясы тарауы бойынша шолу жасай отырып, жаңа сабақты меңгерту, қауіпсіздік ережелерді, санитарлық - гигиеналық талаптарды қайталап инструктаж өткізу.
• Қазақтың ұлттық тағамдарының ерекшелігі мен құндылығын, қазақ халқының қонақжай дәстүрін құрметтеу.
• Оқушылардың білімдерін толықтыруда тамақтану физиологиясы және денсаулыққа пайдалы тағамдар туралы түсінігін қалыптастыру; тамақтан улануды алдын - ала сақтандыру.
• Шығармашылық қабілеттерін және экономикалық білімдерін дамыту.
• Ұлттық салт - дәстүрді қадірлеуге тәрбиелеу. Оқушылардың бойына ұлттық сезімді қалыптастыру, қазақ халқының ұлттық тағамдарының қасиетін ұғындыру. Ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі:. түсіндірмелі - суретті, сто технологияның «ассоциация» стратегиясы, әңгімелесу, сұхбаттасу, жаңа сабақ меңгеру
Сабақтың көрнекілігі: техника қауіпсіздік ережелері, журнал, талаптары, суреттер, қосымша теориялық мағлұмат, мәліметтер, бекіту сұрақтары, лекция, жаднама т. б.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
- оқушыларды түгендеу;
- техника қауіпсіздік ережелерді, санитарлық - гигиеналық талаптарды қайталап инструктаж өткізу;
2. Өткен материалды қайталау Оқушыларға сұрақ қойылады, флипчарт арқылы жазады, түсінігін айтады.

3. Жаңа сабақ Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
І. Тамақтану мәдениеті дегеніміз
1. Тамақтану тәртібі
2. Тамақтанудың негізгі ережелері
3. Тамақтану процесінің принциптері

• Тамақ ішу тәртібі
Балалар мен жасөспірімді дұрыс тамақтандыру олардың денсаулығын нығайтып, дене және ой қабілетінің дамуына мүмкіндік береді, еңбек ету мен сабақ үлгеру қабілетін арттырады. Егер тамақтану дұрыс ұйымдастырылмаса, тиімсіз, яғни жеткіліксіз болса, организмде метаболизм, зат алмасу бұзылып, оның айналадағы ортаның зиянды әсеріне және әртүрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұрарлық қабілеті төмендейді.

• Тамақтану сауаттылығының бес негізі
1) Тамақ құрамында негізгі қоректік заттардың болуы (нәруыз, май, көмірсу);
2) Тамақ рационында қосымша заттардың болуы (витаминдер, микроэлемент);
3) Тамақ нәрлігі адам жасына, денсаулық күйіне, табиғат климатына байланысты;
4) Тәулік бойынша тамақтану тәртібінің мөлшерін сақтау;
5) Тамақтанудың санитарлық – гигиеналық нормаға сай болуы.

• Тамақтану тәртібі ас қабылдауда белгілі бір уақытқа бағыну,
сондай - ақ тамақтану кезінде астың мөлшерін және мәзірін сақтау деген ұғымды білдіреді. Тамақтану режиміне мына төмендегі принциптер енеді.
Бірінші, тамақтану барысында тәуліктік кесте белгілеу.
Екінші, тәулігіне бір - екі рет қана тамақтану дұрыс емес, белгілі мөлшерде үш – немесе төрт рет тамақтану керек.
Үшінші, тамақ құнарлы болғаны жөн. Себебі, адам ағзасы дұрыс қабылдайтын, оны асқазан еш қиындықсыз қорытатын тағам түрлері, яғни белок, майлар, витаминдер, минералды заттарға бай болғанын адам өзі таңдай алуы шарт. Бұл ретте дәрігер - диетологтың да кеңесі артық болмайды.
Тәуліктік ас мәзірі әртүрлі болуы керек. Тамақтану кезінде адам өзінің ас қабылдау қабілеті, көңіл - күйіне баса назар аударғаны жөн. Кей ретте тамақ жеңіл жүрсе, кей ретте ол керісінше бұл процесті бәсеңдетеді. Мұны мамандар физиологиялық процесс деп те атайды

Тәбет. Аштыққа қарсы тұратын құбылыс. Ол мына бір принциптермен дәлелденеді. Атап айтқанда, тамақ қабылдау мезгіліне, тағамның түрі, дәмі немесе иісі, түрлі қоспалар, тіпті бұл ретте адам ойы да өзіндік рөл атқарады. Адамның тәбеті шылымға, кофеге, шайға, апиын, ішімдік, тағы басқаларына ашылатын көрінеді. Бірақ, мұндай физиологиялық қажеттіліктен аулақ болған дұрыс. Тәбет кей ретте асқазанның шұрылдап, маза бермеуі, бос, еш жұмыссыз тұрғандығымен қиналады. Бұл симптом мешкейлерге тән. Бұл орайда халықтық медицина ондай адамдарға бірнеше күн өзіне аштық жариялағанды ұсынады.
Тамаққа деген тәбет сыр білдірмей де келеді. Ол сыртқы факторлардан делдал іздемейді. Адам белгілі тамақты құмартқанда, тәбеті өздігінен пайда болады. Міне, осы кезде адам асханада өзі қалаған ас әзірлеп, дастархан басына жайғасып, тамақтанғанға не жетсін дейді. Және солай да жасайды.

2. Тамақтанудың негізгі ережелері
• Аш адам бір жапырақ нан мен суды да қанағат тұтады. Бұл орайда оның тәбеті жоғары болады. Ал, ашқарақ адамға келсек, ол алдына келгеннің бәрін опыруға дайын. Мұндайда халықтық медицина ондай адамдарға белгілі рацион, кесікті кесте, тамақты қанағаттықпен тұтыну керектігін ұсынады.
• Асқазан өз қажетін алды делік. Бірақ, тәбет басылмай тұр. Бұл тағамның дәмді әзірленгенінен де болады. «Өзі тойғанмен, көзі тоймай тұрғанын қараша» деген қызғаныш осыны білдірсе керек. Көптеген әдебиеттерде асқазан жартылай бос болуы керек деп жазылады. Бұл ас қорыту процесін жеңілдетеді. Екіншіден, тақыл – тақыл тағам қабылдауға мүмкіндік береді. Адамның тәбеті мен оның асқа деген құмартулығын арттырады дейді.
• Тойып тамақ ішуге болмайды. Тағамның мөлшері, оның сапасы, қабылдау кестесі, гигиена ережесі және қолайлылық этикасымен реттелуі керек. Тамаққа деген тәбетіңіз болмай тұрып, ас қабылдамаңыз. Тамақтану тәртібі дегеніміз – ас қабылдауда белгілі бір уақытқа бағыну, сондай - ақ тамақтану кезінде астың мөлшерін және мәзірін сақтау деген ұғымды білдіреді.

3. Тамақтану процесінің принциптері
Тамақтану режиміне мына төмендегі принциптер енеді.
• Бірінші, тамақтану барысында тәуліктік кесте белгілеу.
• Екінші, тәулігіне бір - екі рет қана тамақтану дұрыс емес, белгілі мөлшерде үш – немесе төрт рет тамақтану керек.
• Үшінші, тамақ құнарлы болғаны жөн. Себебі, адам ағзасы дұрыс қабылдайтын, оны асқазан еш қиындықсыз қорытатын тағам түрлері, яғни белок, майлар, витаминдер, минералды заттарға бай болғанын адам өзі таңдай алуы шарт. Бұл ретте дәрігер - диетологтың да кеңесі артық болмайды. Тәуліктік ас мәзірі әртүрлі болуы керек. Тамақтану кезінде адам өзінің ас қабылдау қабілеті, көңіл - күйіне баса назар аударғаны жөн. Кей ретте тамақ жеңіл жүрсе, кей ретте ол керісінше бұл процесті бәсеңдетеді. Мұны мамандар физиологиялық процесс деп те атайды.
Асқазан ішілген тамақтан шамамен 4 сағат шамасында босайды, сол себепті тамақ ішудің арасы 3 - 3, 5 сағаттан кем және 4 - 4, 5 сағаттан аспасын. Тамақты жиірек ішкен сайын асқазан – ішек жолдары жұмысының ырғағы бұзылады. Егер тамақ ішу аралығында үзіліс өте ұзаққа созылып кетсе, онда күшті ашығу сезімі туындайды және оны қанағаттандыру үшін көп тамақ ішу қажет болады, бұл да асқазанның қорытуын қиындатады.

Тамақтану режиміне мына төмендегі принциптер енеді.
Бірінші, тамақтану барысында тәуліктік кесте белгілеу.
Екінші, тәулігіне бір - екі рет қана тамақтану дұрыс емес, белгілі мөлшерде үш – немесе төрт рет тамақтану керек.
Үшінші, тамақ құнарлы болғаны жөн. Себебі, адам ағзасы дұрыс қабылдайтын, оны асқазан еш қиындықсыз қорытатын тағам түрлері, яғни белок, майлар, витаминдер, минералды заттарға бай болғанын адам өзі таңдай алуы шарт. Бұл ретте дәрігер - диетологтың да кеңесі артық болмайды. Тәуліктік ас мәзірі әртүрлі болуы керек. Кей ретте тамақ жеңіл жүрсе, кей ретте ол керісінше бұл процесті бәсеңдетеді. Мұны мамандар физиологиялық процесс деп те атайды.

Калориялар
• 11 - 13 жас аралығындағы балалар үшін – 2850 кал.
• 14 - 17 жас аралығындағы ұл балалар үшін – 3150 кал.
• 14 - 17 жас аралығындағы қыз балалар үшін – 2750кал.
• Студент жастар үшін – 3300 кал.
• Студент қыздар үшін – 2800 кал.
• Спортсмен әйел адамдар – 3500 - 4000 кал.
• Спортсмен ер адамдар – 4500 - 5000 кал.
• Қарт аналар үшін – 2000 кал.
• Егде ер адамдар үшін – 2200 кал.

Оқушылардың тамақтану тәртібі
• Бірінші және екінші ауысымда оқитын оқушылар үшін тамақтанудың типтік тәртібі
• Бірінші ауысым
• 7. 30 - 8. 00 Үйдегі таңғы ас
• 10. 00 - 11. 00 Мектептегі ыстық таңғы ас
• 12. 00 - 13. 00 Үйдегі немесе мектептегі түскі ас
• 19. 00 - 19. 30 Үйдегі кешкі ас

Екінші ауысымда
• 8. 00 - 8. 30 Үйдегі таңғы ас
• 12. 30 - 13. 00 Үйдегі түскі ас (мектепке кетер алдындағы)
• 16. 00 - 16. 30 Мектептегі ыстық тамақ
• 19. 30 - 20. 00 Үйдегі кешкі ас

Дұрыс тамақтануды қалыптастырудың ғылыми негіздемелері. Қышқылды - сілтілік теңгерімді сақтаудың сегіз ережесі
Қышқылдататын, сілтілететін және қышқыл азық - түліктерді дұрыс ара қатынаста қолдануға жағдай жасайтын ас мәзірін құрудың негізгі төрт ережесі бар. Ал зат айналымы бұзылған адамдар үшін бұған тағы төртеуін қосуға болады.

1 ереже. Ас ешқашан да тек қышқылдататын тағамдардан құрылмауы тиіс, онда міндетті түрде сілтілететін құрам бөлшектер болғаны абзал. Түскі ас мәзіріне тек ет пен макарон немесе балық пен күрішті қосып, артынан торт пен кофе тұтынуға кеңес берілмейді, өйткені бұл – қышқылдататын тағамдар. Міндетті түрде көкөністерді қосу керек (салат, шикі және пісірілген көкөністер). Әрине, көкөністер тағамда кездеседі, бірақ олардың мөлшері тым аз болғандықтан жағымды әсері байқалмайды.

2 ереже. Ас қабылдағанда сілтіленетін азық - түліктер қышқылдататындарға қарағанда көбірек болуы тиіс. Негіздемелерден тұратын азықтар мен қышқылдататын тағамдардың арасындағы қатынас мөлшері сілтіленетін астың пайдасына қарай жасалуы керек. Сонда қышқыл ішек пен тіндерде зарарсызданады да, ағза өзінің ішкі қорларына жүгінбейді.

3 ереже. Ағза неғұрлым қышқыл болып, зат алмасу процесі бұзылса, сілтіленетін азықтардың саны соғұрлым көп болу керек.

4 ереже. Тек сілтіленетін көкөністерден құрылған диетаға отыруға болады, бірақ көп уақытқа емес (1 - 2 апта). Тек сілтіленетін астан (көкөністер, картошка, банан, шикі бадам және т. б.) құрылған диетаны үнемі сақтауға болмайды, бұл жағдайда ағзаға ақуыз жетіспейтін болады. Мұндай тамақтану тәртібіне ағзада қышқылдану процесі күрделі болған кезекте және одан туындаған аурулар ушыққан жағдайда болса ғана ұстанған пайдалы.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
29 520
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қауіпсіздік ережелері, санитарлық - гигиеналық талаптар. Тамақтану мәдениеті. Ет және ет тағамдарының құнарлылығы.
Қауіпсіздік ережелері, санитарлық - гигиеналық талаптар. Тамақтану мәдениеті. Ет және ет тағамдарының құнарлылығы.
Оқушыларды техникалық - қауіпсіздік және санитарлық - гигиеналық ережелерімен таныстыру. Тамақтану мәдениеті мен қой етін мүшелеу және әзірлеу туралы мағлұмат беру.
Тамақ арқылы жұғатын аурулардың алдын алу шаралары
Тамақ арқылы жұғатын аурулардың алдын алу шаралары
Жұқпалы аурулар туралы жалпы мәлімет беріп, оқушылардың білім білік дағдыларын қалыптастыру. Оқушыларға тамақтану мәдениеті, тамақтан улану себептері туралы түсінік беру.
Технологиядан тақыптық жоспар
Технологиядан тақыптық жоспар
Технология пәні бойынша 5 сыныптарға тақыптық жоспар
Сүт және сүт өнімдері
Сүт және сүт өнімдері
Қазақтың ұлттық сүт тағамдарының ерекшелігі мен құндылығын, қазақ халқының қонақжай дәстүрін құрметтеу, тағамдардың жасалу жолдарына түсінік беру
Салауатты тамақтану
Салауатты тамақтану
Оқушыларға дұрыс тамақтану мәдениеті мен тамақтанудың денсаулық үшін маңызы зор екенін түсіндіру.
Тамақтану физиологиясы
Тамақтану физиологиясы
Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Б. Атыханұлы атындағы №36 гимназияның технология пәні мұғалімі: Бакелекова Динара Болатханқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×