Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тіл - елдігіміздің белгісі

13 ақпан 2014, Бейсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Тіл - елдігіміздің белгісі
Тіл – ұлттың жаны, мінез - құлқы, айнасы. Тіл – жеке адамның туындысы емес, қоғамның жемісі, қоғамның нәтижесі Тіл – қоғамдағы адамдардың қарым – қатынас құралы, сондықтан да тіл – қоғамдық құбылыс, қоғамдық қызметімен өмір сүретін құбылыс.

Қазақ тілі – халқымыздың өткені, қазіргі және болашақ ұрпағын тарихи бір тұтастық, мызғымас бірлік, ажырамас туыстық жағдайда мәңгілік біріктіретін ең сенімді құрал. Ана тіліміз арқылы біз өз ұлтымызды, Отанымызды танып білеміз, халық рухының сарқылмас бастауы да сонда жатыр. Осындай маңызы бар алтын мұрамыз «Қазақ тілінің» қажеттігін Елбасы Н. Ә. Назарбаев былай түйіндеген. «Қазақстанның болашағы қазақ тілінде жатыр». Әрине, бұл шындық. Тіл – елдігіміздің белгісі, ұлтымыздың рухы, мұрасы, мәдениеті. Өткенді өлшеп, келешекке көз жүгіртсек, бүгінгі ұрпақ қазақ тілінде қандай дәрежеде сөйлейді деген сауал туындайды. Бүгінгі баланың бал тілі, ертеңгі ұрпақтың ұлт тілі. Сондықтан бастауыш сыныпта оқушының тілін дамыту қоғамдық маңызы бар мәселе болып табылады. Өз тілінде еркін, таза сөйлеуге үйрету қажырлы еңбек. Тілі бай адам ешқашан мәдениетсіз болмайды. Себебі тіл адамның жалпы мәдениетімен тығыз байланысты. Орынды, сыпайы сөйлей білу осының туындысы.

Көп тілді білу – бұл ақпаратты техника ғасырының талабы. Ел экономикасының дамуын бір жақты қарастырмай, өз ұлтымыздың рухани дамуымен қоса алып жүру табиғи болуы керек. Елжанды азаматтар Отанын сүйетінін өз тілінде сөйлеумен дәлелдеуі керек. Осындай жетістіктердің баспалдағы бастауышта.
Тіл дамыту жұмыстарының әдіс - тәсілдерін жинақтап, осынша жылдар ішінде байқағандарым:
Бастауыш сыныпта жиі кездесетін қиындықтар
- 1 сыныпқа келген көп балалар қазақ тілінде еркін сөйлей алмайды, кейде тіпті қазақша білмейтін жағдайлар да кездеседі;
- Көп жағдайда балалар ата - аналарымен ауызекі тілде орыс тілінде сөйлеседі;
- Тіл дамытуға байланысты қосымша дидактикалық материалдар аз;
- Мектепте жиі кездесетін қиындықтарды (тілге қатысты) шешу, жою жолдарын зерттеп, тәжірибе тарату көбейсе;
- Мектепте, мектептен тыс мекемелерде тіл дамытуға қатысты қосымша үйірме, клубтар да аздау.
Әрине, тізе берсе қиындық көп. Менің мақсатым өз тәжірибем арқылы жинақтаған кейбір әдіс - тәсілдердің осы қиындықтарды шешудегі тиімділігін көрсету.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 185
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Саналы ұрпақ ұлт болашағы (эссе)
Саналы ұрпақ ұлт болашағы (эссе)
Болашақ мемлекетіміз ұрпаққа деген сабақтастықтан туындайтын дүние болғандықтан, әр халықтың болашағы жастарына тәуелді екені даусыз мәселе.
Тіл – татулық пен достықтың тірегі
Тіл – татулық пен достықтың тірегі
«Тіл - жеке адамның туындысы емес, қоғамның жемісі, қоғамның нәтижесі. Тіл – қоғамдағы адамдардың қарым - қатынас құралы. Сондықтан да тіл - қоғамдық құбылыс, қоғамдық қызметімен өмір сүретін құбылыс». «Қазақстанның мемлекеттік тілі - қазақ тілі».
Бүгінгі ұрпақ – ел болашағы (эссе)
Бүгінгі ұрпақ – ел болашағы (эссе)
Ұлт болып ұйысып, ел болып еңсемізді көтерген кезеңде қолға алар ісіміздің бірі – ұрпақ тәрбиесі болды. Халқымыздың болашағы – бүгінгі ұрпағы. Бүгінгі таңда мемлекетіміз өз тәуелсіздігін алып, өзінің дербес мемлекеттілігін қалыптастыруда.
Қазақ тілі – ертеңім, болашағым
Қазақ тілі – ертеңім, болашағым
Қазақ тілі – ертеңім, болашағым Сүйемін туған тілді, анам тілін, Бесікте жатқанымда - ақ берген білім. Ең алғаш сол тілменен сыртқы шықты, Сүйгенім, ұнатқаным, жек көргенім.
Бастауыш сыныпта оқу – тәрбие үрдісі арқылы ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген жеке тұлғаны қалыптастыру
Бастауыш сыныпта оқу – тәрбие үрдісі арқылы ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген жеке тұлғаны қалыптастыру
Б. Нысанбаев орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Хамзина Нұргүл Жексенбайқызы
Ата - баба дәстүрі елдігіміздің белгісі
Ата - баба дәстүрі елдігіміздің белгісі
Атырау қаласы, № 25 «Еркемай» балабақшасының әдіскері Қонаева Гүлбану Қонайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×