Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тіл – татулық пен достықтың тірегі

15 сәуір 2018, Жексенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тәрбие сабағының тақырыбы: «Тіл – татулық пен достықтың тірегі»
Мақсаты: жас жеткіншектер бойына халқының қадір - қасиетін сіңіріп, өз ана тілін жетік меңгертіп, ұшқыр да шешен сөйлеуге баулу, қасиетті ана тілін қастерлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу;
«Тіл - жеке адамның туындысы емес, қоғамның жемісі, қоғамның нәтижесі. Тіл – қоғамдағы адамдардың қарым - қатынас құралы. Сондықтан да тіл - қоғамдық құбылыс, қоғамдық қызметімен өмір сүретін құбылыс». «Қазақстанның мемлекеттік тілі - қазақ тілі».
Көрнекілігі: мақал - мәтелдер, нақыл сөздер, ребустар

Бастаушы: «Қазақ тілі - рухани байлығымыздың қайнар бұлағы» деп бекер айтылмаған. Қазақ елінде, қазақ жерінде қазақ тілі өркендеуі тиіс. Оған қазақ халқының ұрпағы ғана емес, Қазақстанды мекендеп жатқан барлық халық үлес қосуы тиіс. Ол үшін ана тіліміздің қадір - қасиетін өзіміз білуіміз, дәріптеуіміз, насихаттауымыз керек. Ендеше қазақ тілінің байлығына, икемділігіне, орамын тауып, қисынын келтіріп пайдалансаң, тұп - тура бал таматынына ешкімнің күмәні болмас. Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев өз жолдауында «Ұлттық тіл - қазақ ұлтының рухани, мәдени байлығын ұрпақтан - ұрпаққа жеткізуші қасиетті құрал» деп баса көрсеткен болатын. Олай болса бүгінгі «Тіл - татулық пен достықтың тірегі» атты әдеби - сазды кешімізге қош келдіңіздер.

1 - жүргізуші Пирназар Дана: Қош келдіңіздер, құрметті ұстаздар мен оқушылар!
2 - жүргізуші Доксабинов Абылайхан: Армысыздар, қымбатты замандастар!
1 - жүргізуші Дана: Қазақ қазақ болғалы
Тіл үшін күрес - көргені.
Көргені көп тілімнің,
Мүмкін емес өлмегі,- демекші толғауы тоқсан тілге арналады. Енді, тіл туралы жасырынған сөзді табамыз.
2 - жүргізуші Абылайхан: Туған тілдің қазіргі мән - жайы қай қазақты болса да бейжай қалдырып отырған жоқ. Тәуелсіздік алып аңсаған бостандыққа қол жеткізсек те ана тілімізді өз дәрежесінде көтере алмай келеміз.
1 - жүргізуші Дана: Туған тіл жайлы толғамаған ақын, жазбаған жазушы жоқ шығар, сірә. Бүгін біз де ана тіліміз жайлы сыр шертіп, қоғамның тіл жайындағы ой - пікірімен бөліскелі отырмыз.
Ән: «Анамның тілі»
2 - жүргізуші Абылайхан: Қазақ халқының салт - дәстүрінен хабар беретін кішкене сахналық көрінісімізді назарларыңызға ұсынамыз. Ол Бата беру рәсімі.
1 - жүргізуші Дана: Халқымызда батаны әдетте жасы үлкен, көпті көрген ақсақал қариялар береді. Ақсақалдың біз бойжеткен қыз бен балалы келіншекке бата беру сәтін бейнеледік.
Бата беру.
Қатысушылар:
Ақсақал – Маденбай Ғалымжан
Қария – Араббаев Анвар
қыз – Жакупова Мерейлі
кішкене нәрестелі ана - Арыстанбекова Айнұр
Бірінші көрініс - алыс жолдан шаршап келген қарияға алдынан сусын ұсынған қызға берген батасы:
Талдай бой берсін,
Жақсы ой берсін,
Қардай жанар берсін!
Анаға шуақ болсын,
Ағаға қуат болсын.
Нәзік жаны болсын,
Елінің ары болсын.
Басыңа өнердің бағы қонсын,
Ақ Орданың шамы болсын!
Әумин!
Келесі көрініс – кішкене нәрестелі ана ауыл ақсақалынан нәрестеге бата сұрай келеді. Келіншек:
- Армысыз, ата! Мына нәрестеге бата сұрай келдік.
- Ақсақал:
- Қолыңды жай, балам!
Нәрестенің бауы берік болсын.
Азамат болып ер жетсін.
Ақсақал болып төрлетсін.
Мінері болсын салмақты
Өнері болсын жан - жақты
Осы айтқанның бәрі кеп,
Алла берсін зор бақты!
Әумин!

«Т. Аубакиров атындағы жалпы орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
бастауыш сынып мұғалімі Полатова Айгуль Жамантаевна

Тіл – татулық пен достықтың тірегі. жүктеу
5 851
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
22 қыркүйек Қазақстан халықтарының тілдері күніне. Тілім менің – тірлігімнің тірегі
22 қыркүйек Қазақстан халықтарының тілдері күніне. Тілім менің – тірлігімнің тірегі
Оқушыларды ана тілін құрметтеуге, ұлттық тіл ретінде бағалауға, оны туған Отанында аға тіл дәрежесіне көтеретіндей қызмет жасауға үйрету; Жас ұрпақты ана тілінің қадір қасиетін түсіне білуге шақыру арқылы халқына деген сүйіспеншілігін, тіліне деген
Сөз мәйегі – мақал –мәтел
Сөз мәйегі – мақал –мәтел
Мақсаты: 1. Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғынуға үйрету.
Ана тілі – жүрек үні
Ана тілі – жүрек үні
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, №14 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Дарханбаева Айманкүл
Тіл -  елдігіміздің белгісі
Тіл - елдігіміздің белгісі
Астана қаласы, №66 мектеп - лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Баймолдина Сәнім Шәкірқызы
Ана тілі – қадірлеп ұстайтын байлық
Ана тілі – қадірлеп ұстайтын байлық
Ана тілің – арың бұл, Ұятың боп тұр бетте, Өзге тілдің бәрін біл Өз тіліңді құрметте.
21 ақпан - Халықаралық ана тілі күні
21 ақпан - Халықаралық ана тілі күні
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы Шоғы батыр атындағы №5 орта мектептің 10-сынып оқушысы Камшат ЖҰБАТХАНОВА
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×