Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бастауыш сыныпта оқу – тәрбие үрдісі арқылы ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген жеке тұлғаны қалыптастыру

12 сәуір 2014, Сенбі
Категориясы: Ұстаздарға
«Бастауыш сыныпта оқу – тәрбие үрдісі арқылы ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген жеке тұлғаны қалыптастыру» тақырыбындағы шығармашылық жұмысы

Мазмұны
I. Кіріспе
1. Ұлттық құндылықтар арқылы жеке тұлғаны қалыптастыру.
II. Негізгі бөлім
1. Ұлттық құндылықтар туралы жалпы түсінік.
2. Бастауыш сыныпта ұлттық құндылықтарды қалыптастырудағы оқу. тәрбие үрдісінде жүзеге асырудың тиімді әдіс – тәсілдері.
3. Ұлттық құндылық бағдарын қалыптастыру моделі.
III. Қорытынды.

Оқушылардың жүргізілген жұмыстың нәтижесі.
«Ұлттық мәдениеттен жұрдай рухта. тәрбиеленген ұрпақтан халқымыздың қажеті. мен мүддесін жоқтайтын пайдалы азамат шықпайды.»
М. Шоқай

І. Кіріспе
Егеменді еліміздің бүгінгі таңдағы ең басты мақсаты жан – жақты әлемдік білім кеңестігінен орын алу болып табылады. Бүгінгі жас ұрпақ – егемен еліміздің болашағы, халық тағдырын жетелейтін азамат. Ал сол ұрпаққа әлемдік деңгейде өркениетті негізде білім мен тәрбие беру, ұлттық құндылықтарды жас ұрпақ бойына сіңіру ғаламдық мәні бар мәселеге айналып отыр. Ғаламдану үрдісінде ұлттық құндылықтарды сақтау мен өзінің бет – бейнесін, ізгі дәстүрін сақтау жолындағы күрес ұлттың сананы сақтау күресі екенін түсіну, яғни, ұлттық сана – сезімімен мінез құлқының ана тілінде, ата тарихын, төл мәдениетін және ұлттық салт – дәстүрді меңгеруі негізінде қалыптасқан жеке тұлғаны тәрбиелеу міндетін айтамыз.
Елбасы Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан 2030» бағдарламасында «Біздің жас мемлекетіміз өсіп – жетіліп кемелденеді. Біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз заманының жауапты да жігерлі, білім өрісі биік, денсаулығы мықты өкілдері болмақ. Олар бабаларымыздың игі дәстүрін сақтай отырып, қазіргі заманғы жағдайда жұмыс істеуге даяр болады» - деген болатын.
Бүгінгі оқушы – Егеменді еліміздің ертеңгі ұрпағы. Ұрпақтың рухани байлығы, мәдениеті саналы ұлттың ойлау қабілетімен білімі болуы керек....

II. Негізгі бөлім
Құндылықтар – тәрбие мен оқытудағы адамгершілікке бағытталған мұраттар, ол шынайы болады, ол адамға тәуелді емес, дегенмен ол адам санасында орын алады. Құндылықтар сезім арқылы қабылданады, ал сана арқылы оны түсінуге болады, соның нәтижесінде тұлға құндылықты игереді, соған сай әрекет етеді. Нақтырақ айтатын болсақ, ана тілі мен ұлттық дәстүрді құрметтейтін, дүниетанымы, ақыл ой парасаттылығы қалыптасқан, мақсат қоя алатын, сол мақсатқа жету жолында жауапкершілігі мол, мінез құлқы, айналадағы адамдарға қарым – қатынас мәдениеті жоғары, Отанын сүйетін, күрделі жағдайда нақты шешім қабылдай алатын, салауатты тұлға.

Ал осы ұлттық тәрбиені бала бойына сіңіруде бастауыш сыныпта атқаратын жұмысының орыны ерекше. Тәрбиені сәби ана құрсағынан бастаса, оны білім теңізінің мектеп атты кемесінде ұлттық құндылықтарымызбен жетілдіру өте маңызды. Ұлы Абай: «Бала мінез үш алуан адамнан жұғады: біріншісі - ата – анасынан, екіншісі – ұстазынан, үшіншісі – құрбысынан.» - деген екен. Қоғамға қызмет ететін болашақ жеткіншектерге сапалы білім мен өнегелі ұлттың тәрбие беру – ұстаздың басты парызы.
Оқу мен тәрбие егіз. Оны бір – бірінен бөліп қарауға болмайды. Тәрбиенің өзі күнделікті сабақтың әр бір негізінде – ақ оқушы бойына сіңіре бастайды. Көп жылдан бері бастауыш сыныпта сабақ бере жүріп «Бастауыш сыныпта оқу – тәрбие арқылы ұлттық құндылықты бойына сіңірген жеке тұлғаны қалыптастыру» тақырыбында шығармашылық жұмыспен айналысып келемін. Мақсатым – ұлттық құндылықтарын бойына сіңіру арқылы қалыптасқан тәні мен жаны сұлу, өзіне - өзі сенімді, халықтың салт – дәстүрін, ата заңын, тарихын құрметтейтін, елжанды, әлемдік бәсекеге қабілетті тұлғаның негізін қалау. Бастапқы білім, тәрбие негізін салу.
Міндеттері:
1. Оқушының ұлттық сана сезімін қалыптастыру.
2. Ана тілі, діні, оның тарихы, мәдениеті, өнері, салт – дәстүрі, рухани мәдени мұраларды қастерлеу.
3. Оқушы бойына жанаршырлық сезім, намысшылдық тәрбиесі, ұлттық мінезді қалыптастыру.
4. Сабақты, сыныптан тыс шараларды тартымды, ұтымды ұйымдастыру.
5. Оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
14 276
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Саналы ұрпақ ұлт болашағы (эссе)
Саналы ұрпақ ұлт болашағы (эссе)
Болашақ мемлекетіміз ұрпаққа деген сабақтастықтан туындайтын дүние болғандықтан, әр халықтың болашағы жастарына тәуелді екені даусыз мәселе.
Ұлттық тәрбие – құндылық бастауы
Ұлттық тәрбие – құндылық бастауы
Ұлттық тәрбие – құндылық бастауы Бүгінгі ғаламдану процесінде ұлттық құндылықтарды сақтау мен өзінің бет - бейнесін, ізгі дәстүрлерін сақтау жолындағы күрес ұлттық сананы сақтау күресі
Бүгінгі ұрпақ – ел болашағы (эссе)
Бүгінгі ұрпақ – ел болашағы (эссе)
Ұлт болып ұйысып, ел болып еңсемізді көтерген кезеңде қолға алар ісіміздің бірі – ұрпақ тәрбиесі болды. Халқымыздың болашағы – бүгінгі ұрпағы. Бүгінгі таңда мемлекетіміз өз тәуелсіздігін алып, өзінің дербес мемлекеттілігін қалыптастыруда.
12 жылдық білім беру жүйесіне көшу - заман талабы
12 жылдық білім беру жүйесіне көшу - заман талабы
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, №11 жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ахметова Замзагуль Болатовна
Жеке тұлғаны тәрбиелеуде ұлттық құндылықтардың маңызы
Жеке тұлғаны тәрбиелеуде ұлттық құндылықтардың маңызы
Атырау қаласы №10 С. Мұқанов атындағы орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі Қожахметова Марал Сарсеновна
Оқу - тәрбие үрдісінде халықтық педагогиканы қолдану арқылы белсенді шығармашыл тұлғаны қалыптастыру
Оқу - тәрбие үрдісінде халықтық педагогиканы қолдану арқылы белсенді шығармашыл тұлғаны қалыптастыру
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы №26 мектеп – гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Бейсембаева Бақтыгүл Қабдығалымқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×