Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өнімді сатудан алынатын ақшалай түсім түсінігі

08 желтоқсан 2015, Сейсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Астана қаласы.
Оқытушы: Тулегенова М. Ш.

«Ұйым қаржысы»
Сабақтың тақырыбы: «Өнімді сатудан алынатын ақшалай түсім түсінігі»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Студенттерге өнімді сатудан түсетін түсім туралы түсінік беру, сабаққа деген қызығушылығын арттыру және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;
Дамытушылық: Өз бетінше ізденуге, ойлау қабілетін арттыруға ықпал ету, өз ойын еркін жеткізуге баулу, жылдам жауап беруге дағдыландыру, ойлау қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: Студенттері шығармашылыққа баулу, ізденушілік қасиеттерге тәрбиелеу, шапшаңдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың міндеттері:
Студенттерге өткен тақырыптарды негіз ете отырып, өнімді сатудан түскен түсім жайлы жаңа сабақты меңгерту және білімдерін пысықтау.
Интеллектуалды - танымдық қарым - қатынас жасау үшін қызығушылықтарын арттыру.
Көрнектілік: оқулық, интербелсенді тақта, кесте, калькулятор, таратпа материалдар.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: жобалап оқыту технологиясы әдістерін пайдалану.(сұрақ - жауап, топпен жұмыс, салыстыру, слайдтар)

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру – 2 мин.
2. Үй тапсырмасын тексеру
а) «Кім жылдам»- 5 мин
б) «Біліміңді байқап көр»- 6 мин
3. Жаңа сабақты түсіндіру - 10мин.
4. Тәжірибелік жұмыс.
5. «Ойжүйрік» - 6 мин.
6. «Жұмбақ турнир» (есептер шығару) – 6 мин.
7. Жаңа тақырыпты бекіту (тест тапсырмалары)- 5мин
8. Қорытынды Рефлексия, Үй тапсырмасы - 5 мин.

1. Ұйымдастыру – 2 мин. (амандасу, түгелдеу, тексеру. Студенттердің зейінін сабаққа аудару. Бағалау белгісімен оқушыларды таныстырып өту).

2. Үй тапсырмасын тексеру
а) «Кім жылдам» - 5 мин (топты тексеру, студенттердің дайындығын қадағалау) Бұл кезең шарты: берілген уақытта өздерінің осы сабақтан алған білімдері бойынша, қаншалықты көп білетіндіктеріңді көрсетулері керек. 5 минут уақыт беріледі, 1 балмен бағаланады).
1. Шаруашылық жүргізудің нәтижесін, еңбектің өнімділігін көрсетеді?
2. Табыс қандай қызметтер атқарады?
3. Табыс өз қызметтерін тиімді орындай алуы үшін қандай шарттар қажет?
4. Кәсіпорын табысының түрлері?
5. Қаржы тұтқалары элементтерін атаңыз?
б)«Біліміңді байқап көр»- 6 мин ((интерактивті тақтада үй тапсырмасын презентация арқылы түсіндіру 1 балмен бағаланады)
Өткен тақырып «Табыс ресурстардың қалыптасуы қайнар көзі ретінде»

3. Жаңа сабақты түсіндіру - 10 мин. (студенттерге слайд арқылы жаңа білім жеткізу, тәжірибелік жұмыс арқылы пысықтау).
Түсіндіру жоспары:
1. Фирманың түсімі мен пайдасы, және олардың мағынасы.
2. Фирма түсімі түрлеріне қарай жіктелуі
3. Өнімді сатудан алынатын түсімді анықтау әдістері
4. Өнімді сатудан алынатын түсімді және өнім көлемін жоспарлау.

Жаңа тақырыптың мазмұны: Барлық шаруашылық операцияларын 3 сөзге: адам, өнім және табыс ұғымына сыйғызуға болады. (Ли Якокка «Менеджердің мансап жолы»)
Кәсіпорынның экономикалық қызметтерін орындау нәтижесінде табыс пайда болады. Табыс кәсіпорынның бағытына байланысты мынадай түрлі түсімдерден бөлінеді:
қарапайым түсім, инвестициялық түсім және қаржылық түсім.
1. Негізгі қызметтен түсетін түсім - бұл сатылған өнімнен түскен түсім.
2. Инвестициялық қызмет нәтижесінен түсім - негізгі қорларды, материалдық емес активтерді сатудан түскен түсім.
3. Қаржылық қызметтің нәтижесінен түскен түсім – инвесторлар арасында акцияларды, облигацияларды және басқа да бағалы қағаздарды шығару мен сатудан түскен түсім.
ТҮСІМ (TR, total revenue)– фирманың өзі өндірген өнімін сатқанда алатын табысы немесе бухгалтерлік түсім. TR = PxQ мұндағы: P - өнімнің бағасы, Q – сатылған өнім мөлшері. Егер тауар сатудан түскен түсімнен жалпы шығынды алып тастасақ (TC, total costs), пайда мөлшерін шығарамыз. (Pr,) Pr = TR – TC.
ТҮСІМ - Фирманың барлық шаруашылық қызметтерінің нәтижесін көрсете алады және фирмадағы шығарылатын өнімнің сапасына, санына, асссортиментіне, бағаның деңгейіне байланысты болады.
Өнімді сатудан алынған түсім қолданыстағы бағалармен есептеледі. Осы көрсеткіш арқылы еңбек ұжымдары сатылған өнімнің сандық өсуіне қызығушылық танытады, яғни сұранысқа ие өнімдерді тауарларды көптеп өндіреді. Оның сапасына және сату көлеміне көп көңіл бөле бастайды. Демек сатудан түскен түсімнің көрсеткіші: коммерциялық есеп талаптарына жауап береді, кәсіпкерліктің дауына әсер етеді.
Кәсіпорындардың өндіріске және нарыққа сұранысқа ие сапалы өнім сатуға қызығушылығы пайда шамасында көрсетіледі.
Пайда кез келген фирма қызметінің негізгі мақсаты болып саналады.
Пайда – дегеніміз кәсіпкер өндірісті ұйымдастырғаны үшін ие болатын сыйақы. Кәсіпорынның нарықта өзі өндірген өнімін сатып жіберген болса, фирма сатудан табыс тапты, яғни түсім түсірді.
2 сұрақ. Фирма түсімі түрлеріне қарай жіктелуі.
1. Материалдық түсім – сатып алу, өтеусіз табыстау, өз күшімен дайындау нәтижесінде еңбек заттарының толықтырылуы;
2. Негізгі құрал - жабдық (қор) түсімі – кәсіпорында күрделі қаржы жұмсау, негізгі қорды қалыптастыру, басқа кәсіпорындардан объектілерді өтеусіз алу нәтижесінде негізгі құрал - жабдықтың толықтырылуы;
3. Саудадағы тауарлар түсімі – тауарлардың түсуіне және ресімделуіне байланысты жүргізілетін шаруашылық операциялары;
4. Жалпы түсім – бизнестің әрбір саласында жұмсалған шығынды, төленген салықты, т. б. шегергенге дейінгі уақыт кезеңінде алынған бүкіл ақшалай сома, яғни барлық өнімді сатудан түсетін түсім.
5. Сыртқы төлем түсімі – шикізатқа, салыққа, т. б. жұмсалған шығынды шегергеннен кейінгі уақыт кезеңінде алынған ақшаның жалпы сомасы;
6. Тарату түсімі – мерзімі өтіп кеткен ипотекалық несиені сату есебінен, не несиеге құқықты басқаға беру жолымен, мүлікті иелену құқығын сатудан, кепілге салынған мүлікті сатудан, сондай - ақ кәсіпорынды, фирманы, т. б. тарату (қызметін тоқтату) кезінде мүлікті сатүдан алынған қолма - қол қаражат;
7. Қорланған түсім – қызмет көрсету немесе тауар жеткізу бойынша дебиторлық берешекті (алашақты) өтеу мерзімі әлі басталмаған кездегі табысқа жатады, яғни тіркелмеген түсім;
8. Күтүлі түсім – ұйымның жеткізілген тауарлары, көрсетілген қызметтер үшін тапсырыскерлерден алуға тиіс сомасы.
3. Өнімді сатудан алынатын түсімді анықтау әдістері.
Мемлекетіміздің кәсіпорындарының тәжірибесінде сатылған өнімді анықтаудың 2 әдісі пайдаланылады.
Өнімді сатудан алынатын түсімді анықтаудың әдісі:
1. тиеп жиберген өнімге байланысты – есептеу әдісі
2. төлемақы бойынша – кассалық әдіс.
Өнімді сатудан алынатын түсімді анықтауды, кәсіпорындар, тиеп жіберген өнім мен көрсетілген қызметті ескере отырып, есептеу әдісін пайдалануы керек және келісім шарттарға байланысты ұзақ кезеңге межелеп төленіп отырады.
Кәсіпорынның салық органдарымен өзара қарым қатынастары кезінде сатудан түсімді екінші әдісі бойынша есептелуі керек.
4. Өнімді сатудан алынатын түсімді және өнім көлемін жоспарлау.
Сатылған өнімнен түскен түсім 2 әдіспен жоспарланады:
1. Тікелей есепшот әдісі. Сатылған өнім түскен түсім (Т) баға (Б) (салықтарды қоспағандағы) мен сатылған өнімнің кәлеміне қатынасы арқылы анықталады:
Т = К * Б, мұндағы: К — сатылған өнім көлемі;
Б — сатылған өнім бірлігінің бағасы.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 839
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көкөністер туралы тақпақтар
Көкөністер туралы тақпақтар
Асханадан шықпаймын, Атым – пияз бұқпаймын. Көзден жасты шығарып, Тұмаудан бірақ сақтаймын.
Сын есімнің түрленуі. Күнделікті сабақ жоспары
Сын есімнің түрленуі. Күнделікті сабақ жоспары
Өз бетінше ізденуге, ойлау қабілетін арттыруға ықпал ету, өз ойын еркін жеткізуге баулу, жылдам жауап беруге дағдыландыру, тіл, сөйлеу тілдерін жетілдіру, сөйлеу машықтарын, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жол ашу, ойлау қабілеттерін, сөздік
Дидактикалық ойын "Өнімді жина"
Дидактикалық ойын "Өнімді жина"
Дидактикалық ойын "Өнімді жина"
Бюджеттеу үрдісінің ерекшеліктері
Бюджеттеу үрдісінің ерекшеліктері
Бюджеттеу мақсатын, кәсіпорын үшін маңызын және бюджеттеу үрдісінің ерекшеліктерін қарастыра отырып, түсінік беру.
Өнімнің өзіндік құнының калькуляциясын анықтау
Өнімнің өзіндік құнының калькуляциясын анықтау
Қызылорда қаласы, И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық колледжі, оқытушы Сералиева Бану
Сөздердің жасау өрісіне байланысты түрлері
Сөздердің жасау өрісіне байланысты түрлері
А. Жанпейісов атындағы № 105 орта мектебінің Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Маханбетова К.Н.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×