Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ел мақтаған жігітті - қыз жақтаған (9-мамырға сыныптан тыс шара)

02 ақпан 2012, Бейсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Тақырыбы: «Ел мақтаған жігітті – қыз жақтаған»
Мақсаты: Оқушыларға өз халқының дәстүрін, салтын, мәдениетін, әдет-ғұрпын үйрете отырып, мәдениетті сөйлей білу үшін тіл байлығын молайту, ойлау қабілетін дамыту. Осы арқылы оларды кішіпейілділікке, адамгершілікке, өзара сыйластыққа баулу. Салауатты өмір салтын насихаттап, өз Отанын сүюге, қорғай білуге тәрбиелеу;

Құрметті ұстаздар, оқушылар және сайыскерлер! «Ел мақтаған жігітті – қыз жақтаған» атты сайысымызға қош келдіңіздер дей отырып, алдымен сіздерді жеңіс күнімен құттықтап, өмірлеріңізге зор денсаулық және халқымыз аман, жұртымыз тыныш, егеменді елімізді әрқашан да жауымыздан қорғап жүруімізге және ешқашан да соғыс болмасын деп тілеймін!
Сайысымызды бастамас бұрын екі топқа бөлініп алайық:
І топ құрамы:
Неткалиева Жанғаным.
Асанов Айжол.
Малаев Нұрбек.
Ахметов Райымбек
Қайрғалиев Айбек
Ерғали Нұршат
Жұмағалиева Гүлжан
УйбышеваНұрсауле – топ басшысы
Уйбышев Дархан
ІІ топ құрамы:
Сафиуллина Айдана – топ басшысы.
Кабашев Асылхан
Хасанов Еркін
Асанова Раушангүл
Ахметжанов Мейрам
Асанова Гүлзада
Асанов Ербол
Алғабасов Нұрберген
(Сайыс болғандықтан бұл жерде жеңіс те және жеңіліс те болады, сондықтан жеңіске ие болатын топты әділ анықтайтын әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін)
Сайысымыздың бірінші кезеңінің міндетті бағдарламасы мынадай:

1. Әр топ өздерін таныстырады және топ аты, ұраны болуы міндетті;
(Не үшін топтың атын осылай деп алдыңыздар, түсіндіру)
2. Әр топтан марштық өлең;
3. Ұлы Отан соғысына немесе жеңіс күніне байланысты қысқаша көрініс.

- Түсінікті ме? Дайынбыз ба?
Ал енді сайысымызды бастайық!
(Әр топ өздерін таныстырып, топтарының атын, ұранын айтады. Марштық ән орындайды және Ұлы Отан соғысына немесе жеңіс күніне байланысты қысқаша көрініс қоюы қажет).

(Әділ қазылар алқасына сөз берелік!)

Сайысымыздың екінші кезеңінің бағдарламасы мынадай:
1. «Жанды сұрақтар»;
2. Асық атыс ойыны (асық ату);
3. Арқан тартыс (барлығы қатысады);
4. Күш сынасу (Қол күресу);
5. Велосипед жарысы.
6. Эстафета(әр сыныптың оқушысы қолына таяқ ұстап келесіге, ол одан келесіге жарысып, бір-бірімен алмасады )

Ал сайысымыздың екінші кезеңін бастайық!
1. «Жанды сұрақтар».
(Әр топқа бір-бірден сұрақтар қойылады, жауап бермесе екінші топтың жауап беруіне болады)
Ескерту: Қойылған сұрақ мына топқа болып тұрып, ана топтан айтып қалса ұпай саны ешкімге де берілмейді.
1. Әлемге әйгілі қазақ балуаны? (Қажымұқан)
2. Жеті қазынаны ата? (Ер жігіт, сұлу әйел, ақыл, білім, жүйрік ат, берен мылтық, тазы ит)
3. Ат үстінде тартыс ойыны қалай аталады?(Көкпар, аударыспақ)
4. Жеті атаны ата?(әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат)
5. Асықпен ойналатын ойын түрі?( Ханталапай, сақа)
6. Аптаның жеті күнін ата?(бүгін, ертең, бірсүгіні, арғы күні, ауыр күн, соңғы күн, азына)
7. Жарыстың басталатын жері?(мәре)
8. Жеті жұт?(құрғақшылық, жұт(малдың қырылуы) және аштық, өрт, оба(ауру), соғыс, топан су, зілзала(жер сілкіну))
9. Қазақша күрестен екі балуанның қатар жығылуы (итжығыс)
10. Жердің төрт бұрышы немесе төрт түстік?(оңтүстік, солтүстік, батыс, шығыс)
11. Жеті жоқты ата?
- жерде өлшеуіш жоқ;
- аспанда тіреуіш жоқ;
- таста тамыр жоқ;
- алмада бауыр жоқ;
- тасбақада талақ жоқ;
- аққуда сүт жоқ;
- жылқыда өт жоқ.
12. 20 жасында «Спорт әлеміне» жұлдыз болған спортшы?(Бекзат Саттарханов)
13. 1980 жылы олимпиядаға қатысқан былғары қолғап шебері?(С.Қонақбаев)
14. Жеті қат көк? (ай, меркурий, шолпан, күн, марс, юпитер, сатурн).
15. Қардың формуласы? ( )
16. Дүниежүзінде ең көп тараған тіл?(ағылшын тілі)
17.Қазақтың ұлттық ойындарын ата?(қыз қуу, орамал тастау, тоғыз құмалақ, сақина салмақ, көкпар, т.б.)
18. «Ақ сүт емген» деген сөзінің мағынасын қалай түсінесің?(Адал тәрбие алған)
19. «Бес күшік, он ит, жиырма қасқыр, отыз арыстан, қырық қабылан, елу өгіз, алпыс арқан, жетпіс тұсау, сексен шідер, тоқсан торғайғ жүз жұмыртқа» (адамның жасы мен өмірі)
20.1941-1945 Ұлы Отан соғысы жылдарында үлкен батылдық танытқан ағаларымыз бен апаларымыз кімдер? (Б.Момышұлы, Қ.Қайсенов, Н.Әбдіров, М.Мәметова, Ә.Молдағұлова, Қ.Жаманғараев, т.б.)
2. Асық ойыны (екі асық қойып, үш метрден(ойын әрі қарай жалғасып төрт-төрт жарым метрден атады) әр топтың мергендері шығып атады).

3.Арқан тартыс.
4.Қол күрес (Әр топтан екі оқушыдан шығып күресуге болады)
5.Велосипед жарысы (Әр топтан бір оқушы шығады). Белгілі жерге дейін барып келу, жеңісі уақытқа байланысты.

Соңғы сөзді әділқазылар алқасына беріп, жеңіске жеткен топты анықтаймын. Марапаттаулар беріледі.

«Болмасын соғыс даламда,
Күн күлсін аспан төрінде,
Гүл өсіп тұрсын далада,
Жасасын Жеңіс қашанда!» -
деп бүгінгі сайысымызды аяқтайық . Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп-көп рахмет, әрдайым осындай жарыста жеңіске жетіп жарқырап жүре берулеріңізге тілектеспін! Сау болыңыздар!
12 584
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Спорт - жан серігі /Спорттық сайыс ойыны./
Спорт - жан серігі /Спорттық сайыс ойыны./
Спортқа деген қызығушылығын арттыру. Салауаттану - адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының нығаюы, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу. Эстафеталық ойынға қызығушылығын арттыру. Күш, жылдамдық, ептілік қасиеттерін дамыту.
Спорт - өмір көркі
Спорт - өмір көркі
Салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Спортқа деген қызығушылығын арттыру. Әр түрлі спорттық ойын түрлерімен танысу, тәсілдерін меңгеру;
С. Торайғыров «Қамар сұлу» романы
С. Торайғыров «Қамар сұлу» романы
Шығарманы талдау арқылы әдет - ғұрыптарды білуге, бас бостандық үшін күресуге, жаманнан жиреніп, жақсыдан үлгі алуға, ұлттық әдебиетімізді сүйіп оқуға, қайырымдылыққа, алдына қойған мақсаты үшін күресе білуге тәрбиелеу.
Мен өмірді қалаймын
Мен өмірді қалаймын
Ұран Жас жанымды жаралама, есірткіге жолама. Денсаулығың саған керек өз - өзіңді тонама.
Жігіт сұлтаны 2014
Жігіт сұлтаны 2014
«Жігіт сұлтаны – 2014» сайысы
Спорт - өмір көркі
Спорт - өмір көркі
Жезқазған қаласы, № 10 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Әбіш Жансая Нөпірбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×