Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


С. Торайғыров «Қамар сұлу» романы

15 наурыз 2018, Бейсенбі
11 сынып
Сабақтың тақырыбы: С. Торайғыров «Қамар сұлу» романы
Сабақтың мақсаты.
Білімділік: С. Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы жайлы білімдерін тереңдете отырып, оқушыларды романның негізгі оқиға желісімен таныс ету, тақырыбын ашу, автор идеясын тану;
Дамытушылық: Ой тастау арқылы ойлау қабілеттерін, ой - өрісін кеңейту, шығармашылық ізденіске баулу.
Тәрбиелік: Шығарманы талдау арқылы әдет - ғұрыптарды білуге, бас бостандық үшін күресуге, жаманнан жиреніп, жақсыдан үлгі алуға, ұлттық әдебиетімізді сүйіп оқуға, қайырымдылыққа, алдына қойған мақсаты үшін күресе білуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Жаңа сабақты меңгерту
Әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап, талдау, СТО, сатылай кешенді талдау, шығармашылық жұмыстар

Сабақтың жүргізілуі:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Сабаққа қатысты тексеру
Сабаққа назарларын аудару
(Бірден жаңа сабаққа көшіп, сабақ соңынан үй тапсырмасын сұраймын.)
Жаңа сабақ: Сұлтанмахмұт Торайғыровтың “Қамар сұлу” романы
«Ой шақыру»
С. Торайғыров кім?-------- ақын -------- себебі, оның «Оқып жүрген
жастарға», «Шығамын тірі болсам, адам болып», «Шәкірт ойы» өлеңдері бар
------ жазушы ------- себебі -, оның поэмалары:
«Адасқан өмір», «Кедей» т. б. ------ романдары:«Кім жазықты?», «Қамар сұлу» т. б

Хронологиялық кесте
1893. Қазіргі Көкшетау облысының Қызылту ауданында 28 қазанда дүниеге келген.
1908. Баянауылдағы Әбдірахман молданың медресесіне түседі.
1911. Нұрғали мұғалімнен сабақ алады.
1912. Троицк қаласындағы Ахун Рахманқұли деген татар медресесіне түседі.
1913. «Айқап» журналының редакциясына қызметке орналасады.
1914. Баянауылда бала оқытады.
1916. Өлеңмен «Кім жазықты?» романын жазған.
1917. Семейдегі қазақ комитетінде қызмет істеп, «Сарыарқа» газеті мен «Абай» журналдарына өлеңдері мен мақалаларын бастырады.
1918. «Кедей», «Адасқан өмір», «Айтыс» атты поэмаларын жазады.
1919. Шідерті болысындағы төңкерісшіл Комитеттің төрағасы болып сайланады.
1920. 31 май күні қайтыс болады.

«Ой дамыту» (Бөлімдер бойынша болжам түрінде сұрап, кітаптағы мазмұн арқылы салыстыра түсіндірдім.)
1 - бөлім. «Жігітті ел мақтаған қыз жақтаған...»
2 - бөлім. Сүйіспеншілік сезімнің қарлығаштары
3 - бөлім. Күндестік отын жандырған Жорға Нұрым
4 - бөлім. Омбы асқан Ахмет
5 - бөлім. Қырын келген құдалық
6 - бөлім. От ортасында ойрандалған Омар
7 - бөлім. Қайғыдан қан жұтқан Қамар
8 - бөлім. Зұлымдық - надандықтың басты белгісі
9 - бөлім. Құрбандыққа шалынған жастар

С. Торайғыров «Қамар сұлу» романы. жүктеу
2 843
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сұлтанмахмұт Торайғыров «Қамар сұлу» романы
Сұлтанмахмұт Торайғыров «Қамар сұлу» романы
С. Торайғыров өмірі мен шығармашылығы, «Қамар сұлу» романының идеялық мазмұнын меңгерту, романдағы әлеуметтік мәселелерге талдау жасау арқылы көркем шығарманы саралай білуге жетелеу.
Қамар сұлу романы
Қамар сұлу романы
Оқушыларды адами қасиеттерге баулу, автор көтерген әлеуметтік проблемалар арқылы азаматтық түсініктерін тереңдету;
С. Торайғыровтың «Қамар сұлу» романындағы кейіпкерлер келбеті
С. Торайғыровтың «Қамар сұлу» романындағы кейіпкерлер келбеті
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылығының идеялық - эстетикалық мұраты мен табысына тоқталу. Романның негізгі оқиғаларын басшылыққа ала отырып, кейіпкерлер бейнелерін сомдау
Қамар сұлу романы
Қамар сұлу романы
Қамар сұлу романы. романдағы негізгі әлеуметтік ой түйіндерін ашу; 2) оқушыларды адами қасиеттерге баулу, автор көтерген әлеуметтік проблемалар арқылы азаматтық түсініктерін тереңдету; 3) тақырыптас шығармаларды салыстыра оқуды дамыту, өздерінше ой
Сұлтанмхмұт Торайғыров «Қамар сұлу» романы
Сұлтанмхмұт Торайғыров «Қамар сұлу» романы
Алматы облысы, Балқаш ауданы, Н.Бозжанов атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Абылхапова Баян Тұрсынбайқызы
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың  “Қамар сұлу” романы
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың “Қамар сұлу” романы
Шығарманы талдау арқылы әдет - ғұрыптарды білуге, бас бостандық үшін күресуге, ұлттық әдебиетімізді сүйіп оқуға, тәлім - тәрбие алуға ықпал ету, адами қасиеттерге баулу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×