Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ертегі терапиясы

07 наурыз 2019, Бейсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Аудандық семинар
Тақырыбы: Ертегі терапия (Тәжірбие алмасу)
Мақсаты: Бала тілін дамытуда халық ауыз әдебиетін орынды, жүйелі пайдалана білген әрбір педагог, баланың санасын арттыра отырып, түсінігін кеңейтіп ұғымын байытады. Театырландырылған қойылымдар арқылы мектепке дейінгі жастағы балалардың байланыстырып сөйлеулерін қалыптастыру. Сонымен қатар, баланың ойлау белсенділігі артады, өз бетімен жұмыс түрі дамиды, сөз құрылымын меңгереді, өз ойын еркін жеткізе алады.
Ертегі терапиясы дегеніміз не?
Бірінші басымызға келетін нәрсе - ертегі мен емдеу деген ой. Бірақ, ертегі мен ертегі терапиясы шатыстыруға болмайды. Ертегі терапиясы – бұл кез - келген басқа да психотерапия сияқты, жан дүниені тану және емдеудің түрі басқаша айтақанда дамыту.
Ертегі терапиясында емнің қандай қатысы бар?
Ертегі терапиясы психодиагностиканың түзетудің жәңе даму принциптері гуманистік, позитивтік терапияның принциптеріне жақын болып келеді. Ертегі терапия мінез - құлықтың негативтік формаларын директивті өзгертеді. Яғни, жақсы нәрсеге үмтылуға көптеген үлгілер ұсынылады. Бала өзін кейіпкерге санасыз түрде салыстырып болашақта болдырмауға мүмкіндік алады. Ертегі ешкім баланы дұрыс өмір сүруге үйрете алмайды. Бірақ, ойландырады.
Ертегі терапиясы – психотерапияның құрамдас бөлігі. Баланың ертегі сюжетіне әсерленуі, кейіпкердің қиыншылықтарына алаңдауы оның келешекте өз алдында пайда болатын кедергілерден қиналмай өтуіне іштей дайындығын туындатады. Бүгінгі таңда ертегі терапиясы бұл жаңа, әрі өте жас және психологиядағы дербес бағыт. Баланың жақсылық пен жамандықты айыруына, мінез - құлықтық стереотиптерді тануына көмектесіп, адамдардың өмірде алдынан шығатын сан түрлі қиыншылықты ең соңында жеңе аларына деген сенімін нығайтады.
Ертегі терапиямен әсер ету ертегінің 4 түрінің көмегімен жүзеге асады:
1. Көркемдік ертегілер – халық ертегілеріне қарағанда нәзік келді. Адамның өміріндегі жеке өмірінен мағлұмат береді.
2. Халық ертегілер – оқу материалын түсіндіру үшін
қолданылады.
3. Авторлық ертегілер – баланы ертегіге қызықтыру, зейінді
дамыту.
4. Психокоррекциялық ертегілер – баланың іс - әрекетіне
жаймен түзету үшін қолданылады.
Ертегі терапияның жетістіктері:
 Баланың сөйлеуін дамытады, сөздік қорын байытады, дұрыс диалог құруға көмектеседі, байланысты логикалық сөйлеуі, сұрақтар қоя білу шеберлігі дамиды;
 Баланың эмоцияларын дамытады, бала ертегі кейіпкерлерін елестете отырып, кейіпкерлердің ішкі дүниесін ұғынуды, оларға жанашырлық танытуды үйренеді;
 Мінез - құлық пен қарым - қатынастың негіздерін жасайды, бала жақсылықтың күшіне сенуге үйренеді;
 Баланың қиялы, шығармашылық қабілеті артады;
 Балаға жағымды эмоционалдық көңіл - күй сыйлайды;
 Баланың мінез - құлқын түзетеді және жақсартады, қалыптасып келе жатқан тұлғаның жағымсыз жақтарын жеңуге көмек береді;
 Баланың ертегі кітапқа деген сүйіспеншілігі оянып, әртістік қабілеті артады.
Ертегілерді өткізу түрлері:
Кітапша театры - бірін - бірі ауыстыратын иллюстрациялық оқиғалар көрсетіледі. Стенд - кітапшаның беттерін ашу арқылы жүргізуші әр түрлі сюжеттерді көрсеттеді.
Сюжеттік - рөлдік көрсетілім – балалар рөлге бөлініп, ертегіні сахнаға шығып көрсетеді. Бұл көрсетілім баланы сахна төрінде ұялмай, қобалжудан өз ойын жеткізе білуге үйртеді. Балалардың көңіл - күйін көтереді. Сөздік қорын дамытады және т. б.
Көлеңкелі театр. Жарық өте жақсы түскен экранда адамдар, жануарлар және құстардың пішіндерінің қозғалысына қарауды балалар өте жақсы көреді. Ертегі, әңгіме, өлең, әндерді көлеңке театры арқылы айтуға болады. Көлеңке театрдың қойылымын көрсетуге үш педагог немесе балалар қатысады. Біреуі мазмұнын оқиды, екеуі көріністі көрсетеді. Көлеңке театрдың сахнасы экран болады. Экранды ақ матадан жасайды, түрлі декорация жасайды. Кейіпкерлерді көрсету үшін – оны экранның арт жағынан ұстайды. Кейіпкерлерді қара түспен жұқа кардоннан жасайды, жіп арқылы қозғалтады. Кейіпкерлерді көрсеткенде қол көрінбеу керек. Бұл көріністер балалардың шығармашылықтарын арттырады, ой өрістері дамытады.

Теректі ауданы
МКҚК «Ақ желкен» бөбекжай
Дайындаған: Педагог - психолог Байгужина Н. Ж.
Ертегі терапиясы жүктеу
19 091
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Байлық пен ақыл (Ертегі)
Байлық пен ақыл (Ертегі)
Ертегінің мазмұнын меңгереді, негізгі идеясын ұғынады. Ақыл мен байлық сөзінің мағынасын түсінеді.
Ғажайып бақ ертегісі
Ғажайып бақ ертегісі
Халық ауыз әдебиетінің бірі ертегі жанрының ерекшелігімен таныстыра отырып, ертегінің сюжетін ұғындыру, сөз өнерінің әдемі кестелері арқылы оқушының сөздік қорын байытып, мәнді, мағыналы сөйлеуге жаттықтыру.
АРТ - терапия
АРТ - терапия
АРТ - ТЕРАПИЯсы туралы түсінік. Психотерапияның маңызды салаларының бірі қазіргі таңда арт - терапия болып табылады. Арт - терапия даму үстіндегі психотерапиялық әдістердің жаңа түрі болып табылады.
Балабақша балаларына ертегімен психологиялық қызмет көрсету.
Балабақша балаларына ертегімен психологиялық қызмет көрсету.
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, «Ақбота» мектепке дейінгі мекемесінің психологы Аекеш Айсұлу Райсқызы
Ертегіні оқып отырып, кейіпкерлерінің суретін салу
Ертегіні оқып отырып, кейіпкерлерінің суретін салу
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы Сағыз селосы, № 9 орта мектеп мұғалімі Махметова Ұлжан
Тапқыр болсаң  тауып көр
Тапқыр болсаң тауып көр
Ақтөбе қаласы, №13 "Бөбек" мектепке дейінгі ұйымы Бахрадинова Құндыз
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×