Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


АРТ - терапия

10 наурыз 2017, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
АРТ - терапия
Мақсаты: Балаларға АРТ терапия туралы түсінік беру.
Сурет салу терапиясын орындау
Әсемдікті, достық ұғымын сезінуге тәрбиелеу.
АРТ - ТЕРАПИЯсы туралы түсінік. Психотерапияның маңызды салаларының бірі қазіргі таңда арт - терапия болып табылады. Арт - терапия даму үстіндегі психотерапиялық әдістердің жаңа түрі болып табылады. Аталған терапияның түрі қазіргі таңда үлкен жетістіктерге ие. Алғашқы Арт - терапия түсінігі енгізілген кезде оны тек сырқат, ауру, немесе демалыс үйіндегі емделушілерге ғана қолданған болса, қазіргі кезде оның қолданыс аясы, шеңбері кеңеюде. Яғни бұл терапия адамның шығармашылық жағдайын дамытып қана қоймай, адамның бойындағы қасиеттердің мүмкіндігін түсініп ашуға да жағдай жасайды.
Бейнелеу терапиясы
Бейнелеу терапиясын қолданудың негізгі мақсаты - баланың немесе ересек адамның қандай да бір қимылды таңдауына қарамастан, баланың өзін - өзі тануына және өз әлемінде өмір сүруіне демеу беру болып табылады.
Сурет салу - ешқандай ересек адамның көмегінсіз ең күшті өзін таныту түрімен байланысты болады. Өзінің ішкі сезімі мен өзін теңестіруді көрсетуіне жол ашады. Балалардың сезімін сурет салу арқылы бейнелеу әдістері шектеусіз. Балалар бояуға қолын малып қағаз бетіне із қалдыруды жақсы көреді. Бала бояу түрін өзінің жай күйіне байланысты таңдайды. Бояудың түстері сезімнің жағдайына тең келеді.
Себебі баланың қателік жасаудың алдында, сәтсіздікке ұшырау алдындағы қорқынышты жеңу үшін қолданылады.

Тренинг барысы: «Сәлемдесу жаттығуы»:
Білер қазақ баласы,
Сәлем сөздің анасы
Топқа келген қонақтарға
Әрдайым әдеппен
Ақ көңілмен, ізетпен
Біздер сәлем береміз.
Балалар келген қонақтармен үш тілде амандасады.
Таныстыру: Әр бала өз есімін айтып танысады. Шаттық шеңберінде тұрып бір біріне жылы лебізін білдіреді. Мысалы: Рамина бүгін сен өте әдемісің. Төражан ағаң денсаулық тілеймін.
Қыс мезгілі туралы балаларға сұрақтар: Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Қыс айларын кім айтады?
Қыста қыста күн қандай болады?
Қыста не жауады?
Адамдар қандай киім киеді?
Қыста балалар қандай ойын ойнағанды жақсы көресіңдер?
Дыбыс жаттығуы:
Балалар қыста күн аяз болғанда, қатты жел тұрады. Сол кезде қандай дыбысты естиміз.
Бәріміз бірге айтайықшы. У - У - У - У
Слайд арқылы балаларға достық ұғымын түсіндіру
Достық - адамның сан бояулы, көп қырлы қасиеті. Сондықтанда достық ұғымына толық анықтама беру мүмкін емес. Достықтың түрлері өте көп. Мысалы: Адал достық, шынайы достық. Ең алдымен балалар дос болу үшін бізге қарым қатынас жасау жолдарын білуіміз керекпіз. Дос қандай болуы керек?
Ақылды, көмегін аямайтын, сенімді, қамқоршы, қайырымды. Ұқыпты болуымыз керекпіз. Сурете балалар бір - бірімен дос, тату ойнап жүр екен. Балалар сендерде бір - біріңмен доссыңдарма? Жарайсыңдар!
Сурет бойынша балалар жеке өз ойларын айтады.
АРТ - терапия « Қысқы серуен»
Релаксация.
Өзімізді ыңғайлы, қалыпты ұстап көзімізді жұмамыз. Аяғымызды, денемізді толықтай бос ұстаймыз. Үш рет терең дем аламыз. Енді көз алдымызға керемет қысқы ауада серуендеп жүрміз деп елестетейік. Айнала аппақ, қар жауып тұр. Күн жып жылы. Айналада балалар тату бәрі аққала жасап жүр. Сендерде балалармен бірге аққала жасадыңдар. Аққаламыз әдемі болып шықты.
Көзімізді ашамыз.
Балалар бүгінгі сабағымыз АРТ терапия соның ішінде сурет салу терапиясы.
Бейнелеу терапиясы
Сондықтан дәстүрден тыс әдісті қолдана отырып, әркім өз қалауы бойынша қыс мезгілін, аққаланың, қардың суретін, шыныға тіс пастасымен мақталы таяқшамен салайық.
Балалар сурет салады. Салған суреттерін мадақтау.

Сергіту сәті:
Мынау біздің аққала
Айнымаған ақ бала
Мұрны сәбіз сорайған
Көзі көмір қап - қара
Сыпырғышы қолында
Тұр ылғи бір орында
Би терапиясы:
Балалар әуенге билейді.

Қорытынды:
Балалар бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
Бүгінгі сабақта сендерге не жаңалық болды?
Енді жүректеріңе қолдарыңды қойып, менімен бірге мына сөздерді айтайық:
«Біз өзімізбен бірге бүгінгі барлық үйренген жақсы қасиеттерімізді жүрегімізде сақтаймыз».
Қоштасу.
11 706
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Ертегі терапиясы
Ертегі терапиясы
Ертегі терапиясы – психотерапияның құрамдас бөлігі. Баланың ертегі сюжетіне әсерленуі, кейіпкердің қиыншылықтарына алаңдауы оның келешекте өз алдында пайда болатын кедергілерден қиналмай өтуіне іштей дайындығын туындатады.
Балабақша аясындағы театр – рухани тәрбиенің қайнар көзі
Балабақша аясындағы театр – рухани тәрбиенің қайнар көзі
Театрландырылған ойындар ойын - қойылымдары болып саналады, бұл жерде балаларға арналған көркемдік шығармаларды сахналық қойылымдарға айналдырып, оларды кейіпкер ретінде қатыстырудың маңызы зор.
Мен және менің жасөспірім балам
Мен және менің жасөспірім балам
Әрбір ата - ана өз тәжірибесінен біледі: бала дамуындағы жасөспірімдік кезеңнің басталуы оның физиологиясының, психикалық реакциялары мен мінез - құлқының айтарлықтай өзгеруімен байланысты болады. Жасөспірімдік шақты дағдарыс жасы деп атауы
Мінез - адам көрсеткіші
Мінез - адам көрсеткіші
Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Қайыңды ауылы, «Қайыңды орта мектебі» КММ Жансая Нұрсанова
Топырақ құрамындағы мұнай көмірсутектерін анықтау әдістемесін даярлау
Топырақ құрамындағы мұнай көмірсутектерін анықтау әдістемесін даярлау
Қазіргі таңда топырақтың мұнай көмірсутектерімен ластануы глобалды проблемалардың бірі болып табылады, сол себепті оларды анықтау және де ластанудың алдын алу дүниежүзілік экологтардың негізгі мақсаттардың бірі болып табылады.
Мүмкіндігі шектеулі балалармен жүргізілетін саусақтарға киілген қуыршақтерапиясы әдісі
Мүмкіндігі шектеулі балалармен жүргізілетін саусақтарға киілген қуыршақтерапиясы әдісі
Ермаханова Майра Утепбаевна Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы №6 орта мектебінде педагог - психолог
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×