Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ата - аналарға арналған «Сынақ» іскерлік ойыны

17 тамыз 2019, Сенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Тақырыбы: Ата - аналарға арналған «Сынақ» іскерлік ойыны
Мақсаты: Ата - аналармен жұмыс. Ата - аналармен сұхбаттасу. Сұрақтар беру арқылы ата - ананың қаншалықты бала тәрбиесіне көңіл бөлетіндігі туралы пікірлесу. Баланың дамуына теріс ықпал ертең жолдардың алдын алу.
Қажетті көрнекіліктер:
1. Бала тәрбиесі жөнінде айтылған нақыл сөздер, мақал - мәтелдер, жазылған плакаттар
2. Шарлар
3. Түрлі - түсті картоннан жасалған кубик
4. Әділ - қазылар «Сарапшылар»
5. Билет сұрақтары
6. Конверттер және оны ілетін ағаш тақта
7. Аяқталмаған мақал - мәтел жазылған түрлі - түсті қағаздар

Іскерлік ойыны
Бәріміз мектеп шаңырағына жиналып отырғандықтан, іскерлік ойынымыз да білім ордаларының өмірімен байланысты болғаны дұрыс. Іскерлік ойын «Сынақ» деп аталады. Ол үшін бізге сарапшылар міндетін атқаратын 4 ата - ана керек. Сондай - ақ, сіздердің араларыңыздан. Іскерлік ойынға қатысатын 7 ана шығуы қажет. Егер өз еріктерімен шыққылары келмесе, былай әрекет жасау керек: әр жағы әр түсті кубикті лақтырып, үстіңгі жағына түскен түске ұқсаса немесе сондай түсі басым киім киген адамды ортаға шығару. Бұл ортаға шыққан 7 ата - анамыз 3 түрлі сынақтан өтеді. 1 сынақ ситуациялық сұрақтарға жауап беру. 2 сынақ – аяқталмаған мақал - мәтелдерді дұрыс жалғап аяқтау. Үш кезектегі сынақ – бұл кісілер өз балаларына қойылған аттарды (есімдерді) қорғайды, яғни, мектеп жасындағы балаларының атын қою тарихын, кім қойғанын, не үшін, кімнің құрметіне қойылғанын түсіндіріп айтып шығады.
І – кезектегі сынақ. Мына стол үстінен кез - келген билетті алып ситуациялық сұраққа жауап берулеріңіз керек. Сұрақпен қоса, реттік нөмірлеріңіз беріледі. Сұраққа жауап берген кезде аты - жөндеріңді толық атап өтесіздер, оны сарапшылар жазып алсын.
Ситуациялық сұрақтардың жауаптары:
1. Балаңыздың өнері, қандай да бір іске қызығушылығы, бейімділігі байқалса, не істер едіңіз? Мүмкіндігінше, оның қабілетін одан әрі дамытуына жағдай жасаған дұрыс. Мүмкін, ол бала бойында жасырын дарындылық қабілет болар. Көптеген биограф - зерттеушілердің айтуынша, мыңдаған Архимед, Моцарт, Рафаэльдердің көбі өмірлерін ешбір атақсыз, қарапайым диқан, қолөнерші, аспаз ретінде өткізген көрінеді.
2. Баламен сөйлесе білу де үлкен өнер. 4 - 6 жастағы бала күніне көптеген сұрақ қоятын көрінеді. Мысалы: Түн неге қараңғы? Күн қайда кетті? Ұшақ қалай ұшады? Деген сияқты таусылмайтын сауалдар көп. Сіздің балаңыз да осындай сауалдары көп болса, жауап беруге тырысасыз ба, жоқ, әлде елеусіз қалдырасыз ба?
Бала сұрағына байыппен түсіндіре жауап беру – олардың ой - өрісін дамытуға, дүние - танымын кеңейтуге көмектеседі.
3. Сізге мектептегі мұғалімдерден «Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» деген бірнеше шағым айтылды. Тағы көрші ата - аналардан да «біздің баланы ұрды» деген сөз естуге тура келді дейік. Не істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз?
Баланы тәртіпке келтіруден бұрын, оның агрессивті болуының себебін терңнен іздеңіз. Басқаларды ренжіткен бала өзі де ренжіген бала. Отбасыңыздағы біреу осыған кінәлі емес пе? Ойланыңыз. Мүмкін, жағдайды талдап, себебін тереңнен табуға болатын шығар.
4. Кейбір ата - аналардың баласының әрбір істеген іс - әрекетіне көңілі толмай: «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың» деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс - әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз? Балаға «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың, сен жөндей алмайсың» деген сияқты теріс баға беруге (қалай қарайсыз?) дұрыс емес. Осындай жағдайда баланың сол іс - әрекет түріне талаптануы, үйренуге ұмтылысы төмендеп, өзіне деген сенімділігін жоғалтады, өзіне - өзі көңілі толмау сияқты кешенді сенімсіздік қалыптасуы мүмкін.
5. Балаңыз сабақтан қашып, мектептен ерте келді, не істейсіз? Балаңыздың мұндай жөнсіздіктеріне жол бермеңіз. Әйтпесе, одан кейін дн өрши түседі.
6. Балаңыз күнде 1 – сабаққа кешігіп келеді. Қалай жөнге келтіресіз? (Қаталдау болуға қорықпаңыз. Сонда ғана ол өз орнын табады.)
7. Балаңыз мектептегі бір мұғаліммен тіл табыса алмай жүр. Балаңызға қандай кеңес айтасыз? (Анық себебін біліп алып, мұғаліммен тіл табысуға ықпал ету)
ІІ – сынақ – аяқталмаған мақал - мәтелдерді аяқтау. Өз кезектеріңіз бойынша келіп, мына жердегі конверттердің біреуін алып, ішіндегі қағазға жазылған аяқталмаған мақал - мәтелдерді дұрыс жалғап аяқтайсыздар.
1. Ата – асқар тау,
Ана – (бауырындағы бұлақ)
Бала – (жағасындағы құрақ)
2. Ұлың өссе,
Ұлы (үлгілімен ауылдас бол)
Қызың өссе,
Қыз (үлгілімен ауылдас бол)
3. Бала жас шыбық сияқты (қалай исең солай иіледі)
4. Бала жақсы болса – (қуаныш, жаман болса – қиналыс)
5. Ерлі – зайыптылар тату болса (үйге береке, араз болса, елге келеке)
6. Анасы қандай болса – (баласы сондай)
7. Әкеге қарап ұл (өсер, шешеге қарап қыз өсер)

ІІІ сынақ – балаларына қойылған аттарын (есімдерін) қорғау.
Кім қойды, себебі, кімнің және ненің құрметіне деген сияқты. Егжей – тегжейін ашып айтып, жақсы түсініктеме берсеңіздер, соғұрлым сарапшылардың ұпайлары жоғары болатынын естеріңізден шығармаңыздар. Адамға ат қойылудың да өзіндік бір тарихы болады. Адам есімдерін зерттейтін ғылым саласы да бар. Ол Ономастика – атаулар турлы ғылым. Адам аттарын, фамилияларды, қала, өзен, көл, тау аттарын, географиялық атауларды зерттейді. Қазақ балаға атты әр түрлі ырымға сүйеніп қойған.
Қорытынды
Сарапшылар барлық ұпай сандарын қосып, ұпайы ең жоғары қатысушыны айтады. Ынталандыру сыйлығы беріледі.
Ата - аналарға арналған «Сынақ» іскерлік ойыны. жүктеу​​​
11 896
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Достық (іскерлік ойын)
Достық (іскерлік ойын)
Тәрбиешілердің педагогикалық рефлексиясын дамыту. Шығармашылыққа әртістікке, бастамашылдыққа ынтасын дамыту. Өзін өзі тануға, педагогикалық ізденім паздыққа қызығушылығын тәрбиелеу.
Сабақта қолданылатын ойын түрлері
Сабақта қолданылатын ойын түрлері
Ойындар мынандай бөлімге бөлінеді. 1. Дидактикалық ойындар. 2. Қозғалыс ойындары. 3. Рөлдік ойындар. 4. Грамматикалық ойындар. 5. Фонетикалық ойындар. 6. Лексикалық ойындар. 7. Іскерлік ойындар. 8. Интеллектуалды ойындар. 9. Ұлттық ойындар.
Ал, қанекей, ойнайық!
Ал, қанекей, ойнайық!
Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалар өзінің айналасындағы қоршаған ортамен танысуға өте құштар. Ойын баланың бірінші әрекеті, сондықтан да оның мән - мағынасы ерекше.
5 - 6 - 7 - сыныпқа арналған қазақ тілі бойынша сынақ тапсырмалары
5 - 6 - 7 - сыныпқа арналған қазақ тілі бойынша сынақ тапсырмалары
5 - 6 - 7 - сыныпқа арналған қазақ тілі бойынша сынақ тапсырмалары. 1 - билет 1. Сұраулы сөйлем. Жасалу жолдары. 2. Шылаудың түрлері 3. Мына шылауларды қатыстырып сөйлем құра. Туралы, біресе, немесе
Алжапқыш
Алжапқыш
Балалардың алжапқыш туралы түсініктерін жетілдіру. Алжапқышты ұлттық ою - өрнектермен әшекейлеуді үйрету. Іскерлік дағдыларды қалыптастыру, алжапқышты әдемілеп әшекейлеу арқылы эстетикалық талғамын дамыту.
Іскерлік ортада сөйлеу мәдениеті
Іскерлік ортада сөйлеу мәдениеті
Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Бөгетсай орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Маханалина Багдагул Разакбергеновна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×