Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шағын жинақталған мектепте модульдік оқыту технологиясының элементтерін қолдалдану

24 наурыз 2013, Жексенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Шағын жинақталған мектепте модульдік оқыту технологиясының элементтерін қолдану
Қазіргі кездегі республикамызда қолға алынған білім беру жүйесін реформалау ісі осы саналы жан - жақты өзгертуге бағытталған кешенді шығармалармен тығыз байланысты. Білім беру ісіндегі жаңа үрдістің мақсаты, бағыты, сипаты Қазақстан Республикасының тәуелсіз егеменді мемлекет болуына, ұлттық білім беру ісінің әлемдік білім жүйесіне кірігуіне тығыз байланысты. Бұл бағытта білім берудің әртүрлі нұсқаудағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар.

Жас жеткіншектерге бүгінгі күн талабына сай білім мен тәрбие беру ісі педагог - мамандарға үлкен жүк артады. «Тәлім - тәрбие мен оқыту ісінің нәтижесі іс - әрекеттерден гөрі мұғалімдерге көбірек тәуелді» - деген Ы. Алтынсариннің айтқан пікірінің қазіргі уақытта да маңызды болып отырғаны да осының айғағы. Білім беру жүйесінде болып жатқан түбегейлі өзгерістер оқыту үрдісін озық технологиялармен қамтып жетілдіруді талап етеді. Осы тұрғыда оқытудың жаңа технологияларын жете меңгеріп, оны оқушылардың психологиялық жас ерекшеліктеріне орай орынды қолданудың мәні ерекше. Жаңа технологияны жетік меңгеру сонымен қатар мұғалімнің интелектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами қабілетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін - өзі дамытып, оқу – тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Білім берудің даму бағыты мен технологияларын қамтитын көптеген педагогикалық технология қолданылып жүргендігі мәлім. Мысалы: Д. Б Эльконин, В. В Давыдовтардың «Дамыта оқыту», Ж. Қараевтың «Деңгейлеп саралау» технологиясы, М. М. Жанпейісованың «Модульдік оқыту» технологиясы, Джордж Соростың ашық қоғам институты «Сорос - Қазақстан» қоры арқылы келген «Сын тұрғысынан ойлауды, оқу және жазу арқылы дамыту» технологиясы, «Ынтымақтастыққа оқыту» технологиясы т. б.

Мен оқытудың ұтымды әдістерін, соның ішінде Жанпейісованың «Модульдік оқыту» бағдарламасынан жұмыс жасау арқылы алған білім негізін дамыта отырып тәжірибеге енгізу жұмыс істеуге құштарлық туғызып білім беруде нәтижеге жеткізетінін байқадым. Оқушы бұрын тек тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші болады, ал мұғалім осы әрекетке бағыттауда, оқуды ұйымдастыруда жетекші рөл атқарады. Шағын жинақталған мектепте модульдік оқыту технологиясының элементтерін қолдануды өте тиімді деп ойлаймын.
Мысалы: Не білесің және не білемін деп ойлайсың? (қорытынды, қайталау сабақтарында қолдану өте тиімді).

Зат есім

Сонымен қатар мысалы: (1 және 4) математика сабағында, 1 - сынып Көрнекі - бейнелеп ойлау «төртінші артық» әдістемесі.
Нұсқау: бір карточкада 4 сурет салынған. Карточкадағы 3 сурет жалпы бір тақырыпқа жатады, ал 1 сурет басқа мағына береді. Карточкалардың ортақ тақырыбын анықтайды. Мысалы: қыс артығы қайық.
Нәтижесін өңдеу: Жауаптарын кілтпен тексеру. Әрбір дұрыс жауап үшін 10 ұпай.
Ал 4 - сынып сол кезде Бейнені есте сақтау (бейнелік жады)
Зерттеушілерге 10 - 16 бейне бар кесте көрсетіледі. 20 сек. ішінде берілген бейнелерді есте сақтап, 2 мин. ішінде оны қағаз бетіне түсіру керек.
Нәтижелерін өңдеу: С=А х 100% А – дұрыс жазған немесе салған
В
суреттердің саны, В – берілген суреттердің саны.
Сандарды есте сақтау. 1 – сынып және 4 – сынып.
Оқушылар аз уақыт ішінде сандарды қаншалықты көріп есте сақтауын (мөлшері мен дәлдігін) бағалауға арналған. Тапсырма 10 - 15 сек. соң кесте алынады 1 - сынып үшін бір таңбалы 4 – сынып үшін екі және үш таңбалы сандар жазылады. Ал оқушылар естеріне қалған сандарды қағаз бетіне түсірулері керек.
Нәтижелерді өңдеу: кім көп сан есіне сақтады.
Тірек сызба арқылы жаңа тақырыпты меңгеру.
Мысалы: (1 және 4 сынып). 1 – сыныпқа тірек сызба арқылы сабақты түсіндіру, ал 4 – сынып тірек сызба арқылы өздері талдап түсініп алу, талдау, ереже шығару.
8 247
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Заманауи білім берудің әдіс - тәсілдері
Заманауи білім берудің әдіс - тәсілдері
Жас мамандарға заманауи білім берудің әдіс - тәсілдері туралы мәліметтер алуға жағдай жасау.
Жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың білім деңгейін арттыру
Жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың білім деңгейін арттыру
Шығармашылықпен жұмыс істей отырып, заман талабына сай іскер, жан - жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары дамыған шәкірт тәрбиелеу.
Шағын жинақталған мектептерде ағылшын тілі пәнін оқытудың өзектілігі
Шағын жинақталған мектептерде ағылшын тілі пәнін оқытудың өзектілігі
Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Мамай батыр ауылы, «М. Ломоносов атындағы орта мектеп» КММ ағылшын тілі пәні мұғалімі Абраимова Еркежан Мураткановна
Сындарлы оқыту
Сындарлы оқыту
ШҚО, Семей «№13 ЖОББМ» КММ Траих пәні мұғалімі:Н. Кульджина
Химия сабағында оқушы қабілетін арттырудағы модульдік оқыту технологиясының тиімділігі
Химия сабағында оқушы қабілетін арттырудағы модульдік оқыту технологиясының тиімділігі
Атырау қаласы, №36 орта мектептің химия пәні мұғалімі: Нұрсұлтанова Күләш Атимқызы
Сын тұрғысынан ойлау – шығармашылық ойлау
Сын тұрғысынан ойлау – шығармашылық ойлау
Үсенова Баян Алдабергенқызы Бастауыш сынып мұғалімі Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебі Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×