Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Рәміздерім, сен неткен маңызды едің!

06 қазан 2012, Сенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы,
Қарғалы ауылы, №241 орта мектептің
тарих пәні мұғалімі Құдиярова Зада

Сабақтың тақырыбы: Рәміздерім, сен неткен маңызды едің!

Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға туған жерін, туған елін, халқын ардақтап жүруді үйрету;
2. Бақытқа жетер даңғыл жолдың бірі – туған Отанды сүюден басталатынын түсіндіру;
3. Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту, Ата Заңын, рәміздерін қастерлеп, құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қанатты сөздер, Ту, Елтаңба, Елбасының суреттері.
Сабақтың жоспары:
І. Кіріспе бөлім
ІІ. Негізгі бөлім
ІІІ. Қорытынды

І. Кіріспе бөлім (сынып жетекшісінің баяндамасы)
Даламның кеңдігіндей жүрегім бар,
Мөп – мөлдір елге арнаған тілегім бар.
Қатардағы қазақтың перзентімін,
Отаныма, еліме, берерім бар.
- Адам шыр етіп дүниеге келгенде, кіндік қаны тамған жерін, туып – өскен жерін – Отан дейді. Әрбір адамда туған жерге деген ыстық сезім, үлкен махаббат болады. Қандай қияға, алысқа кетсе де сол сезімі сағынышқа ұласып, жүрегімен мәңгілік жіпсіз байланыста болады. Адамзаттың парызы – туған Отанын гүлдендіріп, сақтап ұрпақтан ұрпаққа жеткізу. Ата – бабаларымыз ұрпағым осы жерде еркін өссін деп, келген жауға таптатпай, босағадан аттатпай, Отаны үшін айқасып, қанын төккен. Сол үшін де біз жерімізді қасиетті дейміз.
Егеменді еліміз жер бетіндегі басқа мемлекеттермен терезесі тең, өркениетті ел ретінде танылып, өзінің елтаңбасын, әнұранын, туын белгіледі. Осы бір қасиетті белгілердің мәнін әрбір ұрпақ терең түсініп, оны қастерлей білуі керек. Қазақ халқының асыл арманы әнге айналды.
Егеменді еліміз жер бетіндегі басқа мемлекеттермен терезесі тең өркениетті ел ретінде танылып 1992 жылдың 4 - маусымында мемлекеттік рәміздерін белгіледі.

РӘМІЗ – белгілі бір нәрсені өз қалпынан өзге, жанама сипаттап көрсетуден туатын сыр таңба, эстетикалық категория, шартты белгі. Мысалы ақ көгершін – бейбітшілік нышаны, балға – жұмысшының символы. Рәміздер тарихын геральдика (елтаңбатану), виксикология (тутану) ғылымдары зерттейді. Мемлекеттік рәміздерді пайдалану, қолдану тәртібі туралы арнайы ереже бар. Оны бұлжытпай орындау керек.

ЕЛТАҢБА – Жұлдызы жанған өршіл халықтың өзіне тән, басқаға ұқсамайтын дара болмысын бойына сіңірген бедер. Төбемізге көтеріп, төрімізге іліп, төсімізге қадап жүрер ұлттық нақышымыз.
ҚР мемлекеттік елтаңбасының негізі – шаңырақ, мемлекеттің түп негізі – отбасының бейнесі.
Елтаңбадағы мүйіздің нышандық мәні: ол – айбын, айбат ақжолтайдың белгісі. Мемлекеттік елтаңбада қос бірдей ай мүйізді әпсаналық арғымақтар белгіленген. Олар киелі шаңырақты қос қапталынан орап, пәле – жаладан, қауіп – қатерден қызғыштай қорып тұрғандай әсер қалдырады. Отанымызға қалтқысыз қызмет ету идеясын білдіреді.

Мемлекеттік елтаңбада бес бұрышты жұлдыз бар. Ол тәуелсіз мемлекетіміздің құшағы бес құрлыққа бірдей айқара ашық, әлемдік өркениет көшіне өз болмысымызды сақтай отырып ілеспек ниетіміз бар деген ойға меңзейді. Жұлдыз – билік белгісі, бағытты айқындайтын жарық сәуле, асқақтық пен мәңгілікке құштарлық символы.

ӘНҰРАН - халықтың мұңы мен мұратын, қайғысы мен қуанышын, бірліктің берекесін, ұлыстың ұйытқысын, ұлылықтың жаратылысын құдіретті сөздермен өлең шумақтарына енгізген, естіген жерде елең еткізер, отаншыл, ұлтжанды рухыңды аспандататын халықтың жан дауысы, құдіретті әуені.

Ту – күнді құшқан қыранмен қалықтап, тұтастық пен бірліктің, ынтымақ пен адалдықтың ізгі ниетімен ұштасып, біз деген бірегей ұғым, көгілдір көзін көнеден тартқан құдіретті белгі. Тек сенің егемендігіңді дүниеге паш етіп тұрар байрақ.

Тудың түсі – көк. Көк түс – судың түсі. Су жоқ жер де өмір де жоқ. Егер су тартылып қалса, онда жерді жапқан жасыл шөп қурап кетіп, бүкіл дала бос мекенге айналар еді.
Тудағы күн – ол да бекер бейнеленбеген. Күн - тіршіліктің қуат көзі. Ол жердегі барлық нәрсеге өмір сыйлап тұр, күннің шапағы тамшыға ұқсатып салынған.
Күннің шапағы дәнге де ұқсайтын сияқты. Дән байлықты білдіреді. Дән болса, астық та көп, халық та тоқ. Нан болса ән де болады.

Ал тудың сабына тақау жердегі оюға назар аударайықшы, кәдімгі ұлттық ою – қошқар мүйіз, бұған қарап, Қазақстан туы екенін әлемдегі кез келген саналы азамат тани қояры сөзсіз.
Тудағы құстың суреті, біріншіден, дала қыраны, дүниедегі ең ірі құстардың бірі, екіншіден, бүркіт – өте күшті. Жүректі және төзімді құс, үшіншіден, басқа құстардың бәрінен де биік ұшады.

Ту шет елде екі жағдайда: мемлекет басшысының сапары кезінде және олимпиада жеңімпаздары анықталғанда көтеріледі. Бұл жағдайға өздерің биылғы Лондон 2012 олимпиадасын теледидардан көріп куә болдыңдар. Біздің жеңімпаздарымыз Тұманды Альбионда туымызды 7 рет көтеріп, 7 рет әнұранымызды асқақтатты. 200 - ге жуық мемлекеттің алдына түсті. Еліміздің қоржынына 7 алтын, 1 күміс, 5 қола медаль түсті. Қазақстан бойынша жалпы жүлде қоры 13 медаль, Қазақстан 12 - ші орынға аяқ тіреді. Біздің жерлестеріміз Илья Ильин ауыр атлеттен Олимпиада чемпионы, боксшы Мария Вольнова қола жүлдегері атанды.

ІІ. Негізгі бөлім (пікірталас, сұхбат мына сұрақтар бойынша)
1. Рәміздер не үшін қажет деп ойлайсың?
2. Әнұранның шығу тарихы жайлы не білесіңдер?
3. Тудың авторы кімдер, оның тарихы жайлы не айтасыңдар?
4. Тәуелсіздігіміздің айғағы – Әнұран ойнағанда, Туды көргенде қандай сезімде боласыңдар?
5. Ана тіліміздің қазіргі мәртебесі қандай деңгейде?
6. Талай боздақтың қанымен келген тәуелсіздігіміз тұғырлы, берік болуы үшін бізге ең алдымен не қажет?
7. Елтаңба белгілері жайлы не білесің?
8. «Отан отбасынан басталады» дегенді қалай түсінесіңдер?
9. Өздеріңді еліміздің патриоттарымыз деп ойлайсыңдар ма, оны қалай көрсетер едің?
10. «Патриот» сөзінің мағынасы қандай?

ІІІ. Қорытынды
- Балалар, Қазақстанның болашағы сендердің қолдарыңда. Болашақ депутатта, премьерде, президентте сендерсіңдер. Қазақстанның қарыштап дамуына үлес қосатын да сендерсіңдер. Бүгінгі тәрбие сағатынан не түйдіңдер?
- Білімді, Патриот, Еңбексүйгіш, Ұлтын, тарихын, мәдениетін жетік білетін азамат болу керек.
- Ендеше сендер серт бере аласыңдар ма?
- «Мен ҚР азаматы Отаным Қазақстанның дүние жүзінде алдыңғы қатарлы, әділетті, өркениетті ел болуы үшін сапалы білім аламын. Жоғарғы мәдениетті азамат боламын. Туған халқымның ата – дәстүрін жалғастырамын. Мемлекетіміздің Президентін құрметтеймін. Конституциясымен заңдарын бұлжытпай орындаймын, Елімнің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын сыйлап, қастерлейміз деп СЕРТ етеміз»

- Рәміздерім!
Сен неткен маңызды едің.
Сенің асыл қазынам нағыз керім,
Төбемде ту, төсімде елтаңбам бар,
Әнұрандай аузымнан үн үзбедім.
Аспанымда көк туым тұр өң беріп,
Елтаңбамды төрімнен жүрем көріп,
Әнұранмен әр таңда оянамын,
Рақаттанып дүнием түгелденіп.
Бір ауыздан айтылып әнұраным,
Елтаңбаммен әлемге таныламын.
Бір жағадан бас шығып, бір жеңнен қол,
Көк туымның астынан табыламын.
Рәміздерім, сен неткен маңызды едің,
Сеннен басқа келмейді сән іздегім.
Сендерменен жетіп сан жеңістерге,
Гүлдеп әлі – ақ айналар аңызға елім.

- Елімізде мәңгі тыныштық, бейбітшілік болсын деп бүгінгі сабағымызды Мемлекеттік Әнұранымызбен аяқтаймыз.
10 342
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақстан еліне саяхат
Қазақстан еліне саяхат
Оқушыларды туған жерін, туған елін, халқын ардақтап өтуге үйрету. Бақытқа жетер даңғыл жолдың бірі - туған Отанды сүюден басталатынын түсіндіру. Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту.
Менің елім - Қазақстан
Менің елім - Қазақстан
Отансүйгіштікке баулып, туған жерін, елін сүюге тәрбиелей отырып, еліне деген патриоттық сезімін ояту. Балаларды Қазақстан Республикасының рәміздері туралы білімдерін бекіту, құрметтеуге тәрбиелеу
Елім деп соғар жүрегім
Елім деп соғар жүрегім
Атамекен, Отан, туған жер ұғымдарының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін түсіндіру. Отанына, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу
Туған елім мақтанышым
Туған елім мақтанышым
Сабақтың мақсаты: Туған елге туралы түсінігін кеңейту, оны сүйе білуге деген мақтаныш сезімін ояту.
25 - қазан Республика күніне арналған тәрбие сағаты
25 - қазан Республика күніне арналған тәрбие сағаты
Адам шыр етіп дүниеге келгенде, кіндік қаны тамған жерін – Отан дейді. Әрбір адамда Отанға, туған жерге деген ыстық сезім, үлкен махаббат болады.
Мен елімді сүйемін
Мен елімді сүйемін
Ақтау қаласы, №10 орта мектеп Бастауыш сынып мұғалімі Тастанбекова М. К.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×