Күз туралы шығармалар жинағы
Күз туралы шығармалар жинағы
Міне, қабағын түйіп жаңбырлы күз келді. Күз – молшылықтың, байлықтың, берекенің айы. Қырман басы тазаланып, бау-бақша жиналып, құс базары тарқайтын кез.
Інім екеуміз терезе алдында отырмыз. Сыртқа шыға алмаймыз. Апам рұқсат етпеген. Кешеден бері аспанды суық бұлт торлап алды. Түс мезгілі болса да, қала іші түнеріп тұр.
«Бр - р...» Өн бойымыз әлденеге діріл қағып, жаурағандай сезіндік өзімізді. «Ух, қандай суық еді!..»
Сәлден соң күн ашылды. Ауыр - ауыр бұлттар тарқап, қиғаштай құйылған нұрлы шуақтан айнала құлпырып, мамыражай күйге енді. Інім екеуміз сыртқа шықтық. Иілген қайың бұтағындағы жұқа, сары жапырақтар самалмен дірілдеп тұр. Біз бақ ішіне кірдік. Бақ іші сары бояуға малынып тұр, тып - тыныш. Жаздағыдай құстардың әсем үні естілмейді. Тек табан астындағы тапталған жапырақтардың судыр - судыр еткен дыбысы бақтың тыныштығын бұзғандай. Інім сары жапыраққа алақанын тосты. «Қап, тесіліп қапты!» деді. Аяп тұр. Кенет сусылдап, күнбатыстан суық жел соқты. Ағаш жапырақтары ұша жөнелді. Біз үлкендердің «үстеріңді лас қылмаңдар!» дегенін ұмытып, жұп - жұмсақ жапырақтардың үстінде аунап ойнадық. Қайың, үйеңкі жапырақтарынан гүл шоқтарын жасадық. Ауа зілдене түсті. Көгілдір аспанға шыға келген бұлттар бірте - бірте қоюланып, жаңбырдың лебі есті. Әуелі ірі - ірі тамшылар батылсыз тамды да, кейін үдеп кетті.
Жаңбыр тамшылары есікті, терезені, қаңылтыр шатырды таққылай жөнелді. Көше іші суға толып, ойық жерлерде көлшік пайда болды. Адамдар оны «жаңбырлы күз», «суық күз», «қара күз» деп, айыптап жатады. Ал біз оны «алтын күз» дейміз. Біз алтындай сап - сары жапырақтардан гүл шоқтарын жасап алып, үйге қарай жүгірдік. Апам бізге ұрыспайды!
Алтын күз
Сұр бұлт, түсі суық, қаптайды аспан,
Күз болып дымқыл тұман жерді басқан.
- деп Абай атамыз айтқандай, міне, күз де келіп жетті. Жапырақтар сарғайып, жерге түсіп жатыр. Күз мезгілі «алтын күз» деп айтылатын себебі, айналаның бәрі сары түске айналады.
Жыл, төрт мезгілден тұрады. Әр мезгіл өз сұлулығымен ерекшеленеді. Ал мен үшін орны бөлек – күз мезгілі. Өйткені күз молшылықтың, байлықтың кезі болып саналады. Осы уақытта барлық адамдар қысқа дайындық жасауда. Ал мен болсам, анама үйдің жаңындағы бақшадан көкөністерді, алма ағаштан алмаларды теріп себеттерге жинауға көмектесемін. Жемістерді қыста сағына жейміз, сонымен қоса олар біздің денсаулыққа өте пайдалы. Тағы күз маусымының бір ерекшелігі, жерге сары кілем төсеп қойғандай жұмсақ, дымқыл тұман жерді басқандай. Аспан бұлттанып, ауа - райы бұзылып, жиі - жиі жаңбырлар жауады. Күн сирек көрініп, аз жылытады. Құстар да жылы жаққа қайтып оралады. Әдеттегідей, біздің мектепте «Алтын күз» атты мерекесі өтеді. Бұл сайысқа қатысып, мен бас жүлдеге ие болдым. Осы күні көтеріңкі көңіл - күйімді жақындарымен бөлістім.
Менің ойымша, күз мезгілі әр адамға байлығы мен берекесін әкеледі және де баршамызға тамаша әсер етеді.
Сары күз
Алтын күз келді. Жапырақтар сарғайып, жерге түсіп жатыр. Жерге сары кілем төсеп қойғандай жұп - жұмсақ болып тұр. Күз мезгілін «алтын күз» деп айтатын себебіміз айналаның бәрі сары түске айналады. Күз мезгілінде бидай, тары, күріш, сұлы арпа дақылдары піседі. Маған күз мезгілі ұнайды. Күз мезгілі келді, Жемістерін беріп түр. Жапырақтар сарғайып, Құс атауы көшіп тұр.
Сары алма жүктеу
Күз келбеті. жүктеу
Қоңыр күз жүктеу

Жаңалықтар
Қоңыр күз
Алтын күз мерекесін өткізу. Күз туралы түсініктерін кеңейту. Балаларға мерекелік көңіл - күй сыйлау.
Күзгі жапырақтар
Күз мезгілі туралы айту, күз мезгілінде ағаштардың жапырақтары неліктен сарғаятыны жайлы айту. Балалардың ой-өрісін дамыту. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Жапырақтар
Кіріспе сөз: Балалар сабақты бастамас бұрын біз жылдың төрт мезгілінің ағаштарың бақылайық Балалар жапырақтар әртүрлі пішінді болады. Балалар жаз мезгілінде жапырақтардың түсі – жасыл болады. Ал күз мезгілінде жапырақтардың түсі – сары, қызыл,
Алтын күз!
«Алтын күз» мерекесі құтты болсын! Ел байлығын арттырған берекелі де, мерекелі де күз мезгілі келді. Сары алтындай сары күз себетке толы жемісін, қамбаға толы егінін сыйлады. Олай болса «Алтын күзге» арналған ертеңгілігімізді бастайық.
Сабақта қосымша пайдалануға қажетті санамақтар жинағы

Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.