Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Менің елім - Қазақстан

22 қараша 2019, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Тақырып: Менің елім - Қазақстан

Мақсаты: балаларды отансүйгіштікке баулып, туған жерін, елін сүюге тәрбиелей отырып, еліне деген патриоттық сезімін ояту. Балаларды Қазақстан Республикасының рәміздері туралы білімдерін бекіту, құрметтеуге тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдері: Қазақстан Республикасы туралы әңгімелеу, тақпақтар көрсету, түсіндіру, сұрақ - жауап, сергіту сәті.
Көрнекіліктер: Қазақстан Республикасының рәміздерінің суреттері,

Демонстрациялық материалдар.
І. Кіріспе бөлім. Мотивациялық кезең.
Арайланып таң атты
Алтын сәуле таратты
Жарқырайды күніміз
Жарқырайды даламыз
Қайырлы таң достар
Қайырлы таң қонақтар

1. Жыл мезгілі:
1. Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
2. Қыста ауа - райы қандай болады?
3. Қыс туралы кім тақпақ біледі?
4. Қыс мезгілінде қандай мерекелер болады?
Тәрбиеші: Балалар қыста ауа - райы суық, аяз болады, дала, айналаның барлығы ақ көрпе оранғандай аппақ болады.

Негізгі бөлім. Ұйымдастыру кезеңі. Енді балалар бүгінгі жаңа сабағымыз «Менің елім - Қазақстан».
- Балалар сендер қандай ауылда тұрасыңдар?
- Біз қандай мемлекетте тұрамыз?
- Қазақстан Республикасында тұрамыз.
- Отан дегенді қалай түсінесіңдер?
- Отан туралы мына өлеңді есімізге түсірейікші.
Отан - менің ата - анам,
Отан – досым, бауырым,
Отан – өлкем, Астанам,
Отан – туған ауылым.
Отан – тарих, Отан – тіл,
Жасаған елім, өз халқым.
Отан – өлең, Отан – жыр.
Көтерген көкке ел даңқын.
- Балалар көрдіңдер ме өлең жолдарында Отанды қандай жақсы сөздермен жеткізген. Отан сенің ата - анаң, Отан – туған жер, Отан – бұл Қазақстан Республикасы. Сондықтан біз Отанды жоғары бағалап, қадірлей білуіміз керек.
- Елбасымыз кім?
- Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
- Балалар айтыңдаршы Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін білесіңдер ме? Кәне атайықшы.
- Ту, Елтаңба, Әнұран
- Ал, ендеше мемлекеттік рәміздер туралы тақпақ айтып беріңдерші?
1. Елтаңбасы елімнің
Ортасында шаңырақ.
Мемлекеттік туымнан
Күн шығып тұр жарқырап.
2. Әнұраны елімнің
Шақырады бірлікке.
Егеменді халқымның,
Болашағы бірлікте
3. Қазақстан – елім менің
Қазақстан – жерім менің,
Саған арнап айтылады
Әнім менің.
4. Он алтыншы желтоқсан –
Тәуелсіздік алған күн.
Ерекше боп мәңгілік,
Ел жадында қалған күн.

Дидактикалық ойын: «Өз түсіңді тап»,«Ойлан тап».
Мақсаты: Балаларға үш түрлі түстерді беріп, музыка ойнағанда араласып билеп, музыка тоқтағанда өз түстерін тауып тұра қалады.
Мақсаты: Балаларды үш топқа бөліп, үш бөлек үстелге тапсырмалар қойып, дұрыс орындауын қадағалау.

Сергіту сәті: Ұзын мұртты құмырсқа
Жолға шықты жұмысқа,
Қойдым допты жолына
Алды допты қолына
Оңға қарады,
Солға қарады,
Үлкен тау деп ойлады.

Қорытынды: «Менің елім - Қазақстан» тақырыбында өзіміздің еліміз Қазақстан туралы білдік. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерімен таныстық.
Ойын: «Жылы сөздер» жылы сөздер айтып күн шуағын жапсыру.
Бүгінгі оқу іс - әрекетіміз сендерге ұнады ма? Барлықтарың өте жақсы қатыстыңдар.
- Ал енді, балалар, бәріміз қонақтармен қоштасайық.
Қол ұстасып тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Cау-саламат болайық

Павлодар облысы, Ақсу ауданы,
Үштерек орта мектебі "Шағын орталық" тәрбиешісі
Авиты Женекуль
19 439
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Менің Қазақстаным
Менің Қазақстаным
Отан туралы білімдерін назарға ала отырып, Отанымыз – Қазақстан Республикасы туралы не білетіндігін саралау, алған мәліметтер бойынша білімдерін бекіту.
Қазақстан – менің мақтанышым
Қазақстан – менің мақтанышым
Қазақстан – біздің Отанымыз. Еліміз үлкен, бейбіт, тәуелсіз мемлекет. Қазір көп ұлт өмір сүреді: қазақ, орыс, неміс, украин т. б. Ал, Назерке Республика туралы тақпақ біледі екен, бәріміз тыңдайық!
Ойна да ойлан
Ойна да ойлан
Балалардың ойлау, есте сақтау қабілетін дамытумен қатар өз дербестігін көрсете білуге үйрету, әр түрлі тапсырмаларды ойланып орындауға үйрету, дағдыландыру.
Ана тілім – бал тілім!
Ана тілім – бал тілім!
Туған елі, Отаны, Қазақстан Республикасының Рәміздері, ана тілі туралы білімдерін кеңейту, сөздік қорларын байытып, тіл мәдениетін жетілдіру. Туған тіліне, ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру. Отанымыздың патриоты болуға тәрбиелеу.
Біздің Елбасы
Біздің Елбасы
Балаларға Президент туралы әңгімелеу, ұғымдарын кеңейту, сөздік қорын молайту.
Қазақстан – Тәуелсіз мемлекет. Қазақстан – менің Отаным
Қазақстан – Тәуелсіз мемлекет. Қазақстан – менің Отаным
Астана қаласы, «Көпбейінді колледж»МКҚК Қазақ тілі мен әдебиет пәні оқытушысы: Айсариева П. А
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×