Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мен елімді сүйемін

03 маусым 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Ашық тәрбие сағаты (1 сынып)
Тәрбие сағатының тақырыбы: Мен елімді сүйемін

Мақсаты: Оқушылардың «Отан», «туған ел» туралы түсініктерін кеңейту, өз елін, туған жерін сүюге, патриоттық сезімге тәрбиелеу, отансүйгіштік сезімін қалыптастыру, рухани
адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Портреттер, еліміздің рәміздері, шарлар, интерактивті тақта, суреттер.

Барысы: 1. Ұйымдастыру
2. Мұғалімнің кіріспе сөзі.- Отан - әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан - сенің туған елің, туған жерің, дос - жарандарың, туған - туысқаның. Отан - бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Осы үлкен Отанның ішінде әр адамның өзі туған, өзіне өте жақын ауылы, қаласы, көшесі бар. Әрбір адам үшін туған ел, туған жер әруақытта да қымбат. Өйткені, сен туған өлке, саған алтын бесік - атамекен болып саналады. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді. Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Туған ел, туған жерсіз адамның күні жоқ.
- Балалар, «Туған жерсіз адамның күні жоқ» - дегенді қалай түсінесіңдер?
- Туған ел, туған жер деген сөздер адамның жүрегіне жылы әсер етеді.
- Туған елін, өскен жерін сүю әр адамның парызы.
- Әр адам туып өскен жерін аялайды, қастерлейді, қорғайды, мақтан тұтады.
- Өйткені, Отан - алтын бесігіміз, ата - анамыз!
- Біздің Отанымыз қалай аталады?
- Астанамыз қай қала?
- Еліміз өз тәуелсіздігін қашан алды?
- Дұрыс - ақ, балалар, ендеше Отан, туған ел туралы жырлап, ән
шырқайық.
1.- Асыр салған таласып,
Біз - туған ел баласы.
Қандай байтақ Отаным,
Жан - жағыңа қарашы.
2.- Жеңдіріп біз ашуды
Ақылға әркез келеміз
Азамат боп ержетіп
Ағаларға ереміз.
3.- Отаным кең көсілген
Төсінде ырыс өсірген
Қаптаған мал, алып дән,
Бәрі менің несібем.
4.- Жайнатар кең өлкені
Болашақтың ертеңі.
Біз - бақытты балдырған
Ата - ананың өркені.
5.- Біз бейбіт ел ұланы,
Өнер - білім ұраны
Алдымыздан жақсы арман
Күлім қағып тұрады.
Хор: Ән «Отан»
6.- Отан - сенің ата - анаң
Отан - досың, бауырың.
Отан - өлкең, астанаң,
Отан - аудан, ауылың.
7.- Отан - тарих, Отан - тіл,
Жасаған елің, ер халқың
Отан - өлең, Отан - жыр,
Көтерген көкке ел даңқын.
8.- Отан – осы достарым,
Көңілге мұны түйе біл.
«Отан» деп өс, жас қауым,
Оны ардақтап сүйе біл.
9.- Айнымайды аспаннан,
Біздің тудың бояуы.
Оны халық қашан да,
Биікке іліп қояды.
10.- Оттай жанып жанарың,
Одан қуат аламын.
Әнұран - ол тынысы,
Кең жазира даламның.
11.- Қастерлемес даңқын кім,
Қадірлемес салтын кім.
Әнұраны елімнің -
Үні, Тілі халқымның.
12.- Жалауымда көгілдір
Күн күледі төгіп нұр
Қыран бейне қанатты
Көкке самғар елім бұл.
13.- Елтаңбасы елімнің,
Елдігімнің белгісі.
Мұнда да бар ерлігім,
Мұнда да бар жер күші.
Хор: «Елтаңбасы елімнің»
14.- Жақсы көрсе жарықты,
Еске ұстасын кім - кімде.
Қазақ деген халықтың,
Бақыты тұр бұл күнде.
15. Отанды біз атамекен,
Деп аялап атаймыз.
Өйткені онда мекен еткен,
Бабамыз бен атамыз.
16.- Отанды жас - кәріміз де,
Туған жер деп сүйеміз.
Өйткені онда бәріміз де,
Туып өмір сүреміз.
17.- Отанды әркім анасындай,
Қастерлейді, қолдайды.
Өйткені Отан баласындай,
Бізді асырап қорғайды.
18.- Қуат алған өзіңнен,
Туған елдің ұлымын.
Бақытты етіп өсірген,
Отанымның гүлімін.
Отан туралы санамақ айту.

Мұғалім:- Иә, балалар, елін, жерін сүйетін азамат болып шығу үшін қандай бала болуымыз
керек?
- Білімді, өнерлі, ақылды, еңбексүйгіш бала болуымыз керек.
- Дұрыс - ақ, ендеше Отан, туған жер, өнер, білім туралы қандай мақал - мәтелдер білеміз?
«Жалғасын тап» ойынын ойнайық.
1. Өнерлі қайда жүзеді?...
2. Өнерлінің қолы алтын...
3. Білекті бірді жығар...
4. Білім таппай мақтанба...
5. Қына тасқа бітеді...
6. Оқусыз білім жоқ...
7. Ақыл азбайды...
8. Талант қартаймайды...
9. Әріптен білім...
10. Отан оттан да қандай?...
11. Туған жердің күні де ыстық...
12. Отансыз адам...
13. Туған жерге... тік.
14. Ит тойған жеріне, Ер...
15. Туған жердей жер болмас...
16. Ел іші алтын...

Хор: Ән «Топ - топ балақан»
Мұғалім:- Әрбір адам туғаннан - ақ ел бесігінде тербеледі. Өйткені, ол сол жердің топырағында өсіп, суын ішіп, ауасымен тыныстайды, табиғатпен біте қайнасып, адам болып қалыптасады, сол ортадан тәрбие алады. Сол себепті, өз елінің, өз Отанының
азаматы ретінде Отанына сүйіспеншілікпен қарайды. Әрбір адам үшін туған жерден ыстық, қадірлі, қымбат ештеңе жоқ. Болуы да мүмкін емес!
Интерактивті тақтадан Елордамыз Астана қаласына саяхат жасайық.

Хормен:- Жаса, жаңа Астанам,
Өркен жая бастаған.
Болашақтың есігін,
Өз қолыңмен аш маған.
- Астана - біздің сәніміз,
Білім - біздің нәріміз.
Азат елдің тірегі,
Болайықшы бәріміз.

Хор: Ән -«Туған өлкем»
45 036
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Туған елім, туған жерім бөлімін қайталау.
Туған елім, туған жерім бөлімін қайталау.
Мақсатын жетілдіруге ұмтылуға. ұқыптылыққа, байланыстырып сөйлеуге, сауатты жазу дағдыларын жетілдіруге, өздігінен жұмыс істеуге, өз жұмысын бақылауға тәрбиелеу.
Мен, Қазақстанның патриотымын!
Мен, Қазақстанның патриотымын!
Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан – сенің туған елің, туған жерің, дос – жарандарың, туған туысқаның. Отан - бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің.
Мәңгілік ел Мен өз Отанымның патриотымын тәрбие сағаты
Мәңгілік ел Мен өз Отанымның патриотымын тәрбие сағаты
Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан – сенің туған елің, туған жерің, дос – жарандарың, туған туысқаның. Отан - бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана.
Мен өз Отанымның патриотымын!
Мен өз Отанымның патриотымын!
Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой - пікірін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу.
Мен – егеменді елдің болашағымын
Мен – егеменді елдің болашағымын
Жамбыл облысы, туған жерімізбен таныстыру. Отанын, елін, табиғатын, жерін құрметтеп аялауға және ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Мен өз Отанымның патриотымын
Мен өз Отанымның патриотымын
Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан – сенің туған елің, туған жерің, дос – жарандарың, туған туысқаның. Отан - бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×